«Информатика әлемінде» сайысы
«Информатика әлемінде» сайысы
Мақсаты:Пәнге деген оқушылардың танымдық қызығушылығын,белсенділігін арттыру,шығармашылық,өнерпаздық мүмкіндіктерін байқау .
Информатика болашаққа байстайды,
Келешекке білім қуған жастарды.
Қадам басып,-ХХІ ші ғасырға,
Барлық әлем жаңалығын тастайды.
Армызсыздар, ұстаздар мен оқушылар!Мектепішілік «Информатика әлемінде» білімділік сайысына қош келдіңіздер!Олай болса бүгінгі «Информатика әлемінде» білімділік сайысына бастауға рұқсат етіңіздер.
Сайысқа төрелік етуші әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін
Дүниедегі құбылыстың мәнін де,
Интернеттің, жаңалықтың бәрінде
Мүмкін емес информатикасыз түсіну,
Компьютер дүние кілті бүгінде!-демекші, заман талабына сай әрбір адам компьютердің қыр-сырын білгенге не жетсін!
Бүгінгі біздің сайысымызға 4 оқушы қатысып отыр.Бүгінгі біздің
сайысымыз 5 бөлімнен тұрады:
1-бөлім Таныстыру
2-бөлім «Мақал-сөз мәйегі»
3-бөлім «Қас-қағым сәт»
4-бөлім Бәрін білгім келеді
5-бөлім Қиял әлемі
Білімі деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер,-дей отырып, «Таныстыру» бөлімін бастайыз.Оқушылар өздерін таныстырады .
Ойын толқын жатқанда асып-тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып,- дей отырып,ойнымыздың «Мақал-сөз мәйегі» бөлімін бастаймыз.Бұл бөлімде компьютерге қатысты құрастырылған мақал-мәтелдер беріледі,осы мақал-мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын нұсқаларын табу қажет 10 ұпайдан есептеледі.
1.Жігітті комппьютеріне қарап, бағала (Жігітті досына қарап, бағала)
2.Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құалады)
3.Вирустан қорыққан,Интернетке шықпас
(Шегірткеден қорыққан,егін екпес)
4.Компьютердің жұмысы,иесіне мәлім (Аттың сыры,иесіне мәлім )
5.Антивирусы күштіні-вирус ала алмайды (Досы күштіні-жау алмайды)
6.Күлсең ескірген компьютерлерге күл (Күлсең кәріге күл)
7.Компьютерде екі колонка,дауысы жер жарады
(Айдағаны бес ешкі,ысқырығы жер жарады)
8.Компьютер жаны процессорда (Балық жаны суда)
Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын.
Білімдірек шәкірт озар
Сұрақтары қиын болсын-дей отырып,ойынымыздың «Қас-қағым сәт» бөліміне де келіп жеттік Оқылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек. 15 ұпайдан есептеледі.
1.Принтердің неше түрі бар ? (3 түрі бар)
2.Ақпаратты шығару құрылғысы? (Принтер)
3.Компьютер жанындағы өсімдік? (Кактус)
4.Дыбыс шығару құрылғысы? (Колонкалар)
- Дүниежүзілік компьютерлік желі. (Интернет)
- «Компьютердің миы» деп нені атайды? (Прецессор)
7.Адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы (монитор)
8.Алғашқы есептеу құралы (есепшот)
9.Интернетке қосушы құрал? (модем)
10.Компьютердің маман (программист)
11.Зиянкес бағдарлама (вирус)
12.Вирусты жоятын программа ( антивирус)
«Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену жалықпау»-дей отырып,ойнымыздың «Бәрін білгім келеді» бөлімін –де әрбір оқушы монитордағы ұяшықтарды таңдап, жауап беру қажет.Әр бір сұрақа дұрыс жауап берілсе 20 ұпай беріледі
Ақпарат. 1Адам ақпаратпен не істейді?
( Ақпаратты сақтайды,таратады,өңдейді)
2.Ақпараттық процестерді ата 14
(Ақпаратты алу,беру,сақтау және өңдеу)
Тарих.1Есептеуіш техникаларының қарқынды дамуы қай ғасырдан басталды? (ХХ ғ. І-жартысы)
2.Бұл санау құрылғыларын гректер мен Батыс Еуропалықтар «абақ» деп, қытайлықтар «суанпан», деп атаған,ал, жапондықтар не деп атаған? (Серобян)
Әртүрлі.1.Компьютердің негізгі құрылғылары (Монитор,пернетақта,жүйелік блок ,тышқан)
2.Компьютер жадының түрлкрін ата?(Ішкі, сыртқы жады)
Алгоритм.1Алгоритм қасиеттерінің неше түрі бар (5 түрі бар)
2.Алгоритм дегеніміз не?
(Берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі
түрінде келтіру)
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізер сіздердей өоенді
Жеңістің мынау шыңына,-деп келесі Қиял әлем бөлімін бастаймыз.Бұл бөлімде әр бір дұрыс жауапқа 30 ұпай беріледі.
1.Бар құрылғыны басқаратын, кеудесін көтеріп қасқаятын ми
(Процессор)
2.Өзінен зиянды сәуле шашатын, адам көзін құратын жалмауыз (Монитор)
3.Пернеден жасқанатын, адам көмегімен басқарылатын, қорқақ компьютердің кенже баласы (Тышқан)
4.Қағазға тоймайтын мешкей (Принтер)
5.Принтерден асып түсетін мешкей (Сканер)
6.Адамдарды өзіне басындырған әлжау (Сыныптағы компьютерлер)
Жетпесіңе жеткізген
Қызықты уақыт өткізген
Бар ғылымды сыйдырып
Білетіні көп бізден
Жаңалықтың жаршысы
Жұртты елең еткізген
Информатикаға мың алғыс!-деп,әділқазылар алқасына сөз береміз.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.Келген қонақтарымызға қанаттарыңыз биікке қағыла берсін?-деп алғыс білдіреміз.Қош сау болыңыздар!