Сандарды позициялық санау жүйелерінде көшіру

Сабақ тақырыбы:  Сандарды позициялық санау жүйелерінде көшіру.

Сабақ мақсаты:    оқушылардың білімге құштарлығын арттыру, алған теориялық білімдерін бір жүйеге келтіріп, практикалық біліктілік пен дағдыларын қалыптастыру.

1) білімділік: оқушыларға бірілген сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыруды үйрету;

2) тәрбиелік: оқушыларды жеке жұмыс жасай білуге, шапшаң әрі ойша есептеуге тәрбиелеу;

3) дамытушылық: оқушылардың санау жүйелері туралы алған білімдерін толықтыру, есептеу шеберліктерін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту және пәнге деген қызығушылығын арттыру.

 

Сабақ көрнекіліктері: интерактивті тақта, флипчарт, №2 жұмыс дәптері, компьютер, кеспелер.

Сабақ түрі: жаңа тақырыпты таныстыру сабағы, ойын сабақ.

Әдіс-тәсілдер: баяндау, проектор арқылы демонстрациялау.

Сабақ жоспары:

І) Ұйымдастыру: оқушылар қатысымын, сабаққа даярлығын тексеру;

ІІ) Үй тапсырмасын тексеру. (№2 жұмыс дәптерінен 2.1. тақырыптың тапсырмаларын тексеру.)

ІІІ) Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Кей уақытта бір санау жүйесінде берілген сандарды басқа санау жүйесіне ауыстыру қажеттілігі туындайды. Сол уақытта біз ауыстыру ережелеріне жүгінеміз.

Сандарды екілік, сегіздік, он алтылық санау жүйелерінен ондық санау жүйесіне ауыстыру үшін берілген санды негіз дәрежесінің қосындысы немесе жаймаланған түрінде жазып алып, дәрежелеп, көбейтіп, қосамыз. Сонда шыққан нәтиже ондық санау жүйесіндегі мән болып табылады.

Керісінше ондық санау жүйесіндегі санды екілік, сегіздік, он алтылық санау жүйелеріне ауыстыру үшін берілген санды нәтижесі санау жүйелерінің негізінен кіші болғанға дейін негізге бөлеміз. Нәтижесінде соңғы бөлінді мен қалдықтарды соңынан бастап бір жолға тізіп шығамыз.

Екілік санау жүйесіндегі сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстыру үшін берілген санды оңнан солға қарай үш-үштен (триадаға) бөліп топтап жазамыз. Кестені пайдаланып әр топты сегіздік цифр түрінде жазамыз. Үшке толмаған разряд орнына 0 цифрын жазамыз.

Екілік санау жүйесіндегі сандарды он алтылық санау жүйесіне ауыстыру үшін берілген санды оңнан солға қарай төрт-төрттен (тетрадаларға) бөліп топтап жазамыз. Кестені пайдаланып әр топты сегіздік цифр түрінде жазамыз.  Төртке толмаған разряд орнына 0 цифрын жазамыз.

ІҮ) Дәптермен жұмыс.

№2 жұмыс дәптеріндегі бүгінгі тақырыпқа сәйкес есептерден І, ІІ, ІҮ есептерді ауызша шығару. (Бұл уақытта оқушылар калькулятор программасын қосып отырады.)

Ү) «Мектеп жәрмеңкесі» ойыны.

Ойынның шарты: бағасы ондықтардан, жүздіктерден және мыңдықтардан тұратын мектеп құралдары сатылады. Бірақ бізге бағасы мен саны 2-лік, 8-дік және 16-лық жүйеде жазылып берілген. Егер сол сандарды 10-дық жүйеге дұрыс аударып тапса, сол затты сатып алған болып саналады.

10

— дүкенге барлығы 1100102 қалың дәптер келді. Бағасы-1328 т. Сатылғаны-1916 дана. Қалғаны нешеу?

10

— Бағасы 368 т. болатын 5Ғ16 дана сызғыштың 101002 данасы қалды. Сатылғаны нешеу?

10

— Бағасы 1000112 т. болатын қаламның сатылғаны — 628, қалғаны -3216 дана. Дүкенге барлығы неше қалам келген?

100

— Бағасы 10100010102 т. болатын информатика оқулығы келді. Барлығы – 1448 дана.

100

— Бағасы 1568 т. болатын файл папканың қалғаны — 17716 дана.

 

100

— Бағасы 6Е16 т. болатын күнделіктің 111110102 данасы сатылды.

 

1000

— Бағасы 5DC16 т. болатын оқушы сөмкесінің 17508 данасы сатылды. Қалғаны – 3Е816 дана. Барлығы қанша?

 

1000
  • Бағасы 3Е816 т. болатын барлығы 40648 тышқан манипуляторының 73А16 данасы сатылды. Нешеуі қалды?

 

ҮІ) Сабақты қорытындылау.

  • Тест арқылы.
  • Жылдамдық кестесі арқылы.

 

 

ҮІІ) Үйге тапсырма беру.

1) Жұмыс дәптерінен ІІІ, Ү тапсырмалар.

2) Оқулықтан 2.2-тақырыпты толық оқып келу. Ауыстыру ережелерін жаттау. 18, 20, 21, 23-беттегі тапсырмаларды орындау.

 

ҮІІІ) Бағалау.