«PAINT» ГРАФИКАЛЫҚ РЕДАКТОРЫ. СУРЕТТІ САҚТАУ

Класы:3

Сабақтың тақырыбы: «PAINT» ГРАФИКАЛЫҚ РЕДАКТОРЫ. СУРЕТТІ САҚТАУ

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік:

Оқушыларға PAINT графикалық редакторы туралы мағұлмат бере отырып, салынған суретті сақтау тәсілдерін түсіндіру. Редактордың құрал- саймандарын дұрыс пайдалана отырып, өз бетімен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.

2.Дамытушылық

Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге, PAINT графикалық редакторына деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, өз ойын сауатты түрде жеткізе білуді қалыптастыру.

  1. Тәрбиелік

Оқушыларды нақты бір іс әрекетке, шапшаңдылыққа тәрбиелей отырып,ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, шығармашылыққа баулып  үйрету;

 

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақтың әдіс- тәсілдері: түсіндіру, үйрету, сұрақ-жауап;

Көрнекіліктері: слайд,флипчарт,үлестірмелі қағаздар

 Сабақтың барысы    

I.Ұйымдастыру бөлімі

II.Ой қозғау (суреттердің бас әріптерін алу арқылы, сөздер құрастыру)

III.Жаңа сабақ

IV.Жаңа сабақты бекіту

V.Шығармашылыққа баулу

VI.Бағалау

 

I.Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

II.Ой қозғау

 

 

  1. Әріптерді сандардың кему реттілігіне қарай орналастырса қандай сөз шығады?

 

 

267943851
ЕПМКЮТОЬР

Жауабы: Компьютер

 

 

  1. Әріптерді сандардың өсу реттілігіне қарай орналастырса қандай сөз шығады?

 

 

13524
СРТУЕ

 

Жауабы: Сурет

  1. Көрсетілген суреттердің алғашқы әріптері бойынша сөйлем құрастыр.

Жауабы: Ақпаратты кодтау(Флипчарт)

Көрсетілген суреттертердің алғашқы әріптері бойынша сурет құрастыр

 

А                  Қ              П                   А         Р               А                Т            Т

 

К                              Д                         Т                       А

III.Жаңа сабақ

PAINT графикалық редакторын іске қосу үшін:  БАСТАУ→ БАРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР →СТАНДАРТТЫ→ PAINT  (ПУСК →ВСЕ ПРОГРАММЫ →СТАНТАРТНЫЕ→ PAINT) әрекеттерін орындаймыз. Сол кезде бізге PAINT графикалық редакторының терезесі ашылады.

Тақырып жолы

Яғни:

Меню жолы

 

 

Құралдар жиыны

 

 

 

 

 

Сурет салу алаңы
Түстер палитрасы ы

 

 

 

 

 

 

Құрал саймандарға саяхат жасайық.

 

Ерікті аймақты белгілеу құралы,бұл қисық (дұрыс емес)пішінді үзіндіні таңдау қызметін атқарады.

бұл Белгілеу құралы деп аталады және суреттің тіктөртбұрышты үзіндісін таңдау қызметін атқарады.

Өшірігіш/түрлі түсті өшіргіш,бұл суркттердің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған.

Құю(заливка) құралы,бұл тұйық контурдың ішін кескін немесе фон түсімен бояйды.

Түс таңдау құралы,бұл кескінің немесе фон түсін суреттің кез-келген нүктесінің түсіне өзгертеді.

Масштаб құралы,бұл суреттің жеке үзінділерін үлкейтуге мүмкіндік береді.

Қарындаш,бұл кез-келген сызықты әр үрлі жуандықта сызықта сызуға арналған.

Кисть ерікті сызықтарды салуға арналған.Кистінің қажетт түрін таңдап алуға болады.

Бүріккіш,пульверизатор эфектісіне жетуге мүмкіндік береді.

Жазу,бұл сурет ішіне мәтін орналастырады.

Сызық,түзу сызықтар салуға арналған.

Қисық,тегістелген сызықтарды салуға мүмкіндік береді.

Тік төртбұрыш,тіктөртбұрыштар салуға арналған.

Көпбұрыш,еректі пішінді Тұйық көпбұрыштар салады.

Элипс,шеңбер және элипс салуға арналған.

Бұрыштары дөңгеленген тіктөртбұрыш, бұрыштары дөңеленген тік төртбұрыш,бұрыштары дөңгеленген квадраттар мен тік төртбұрыштар салуға мүмкіндік береді.

 

Тапсырмалар әлемі

1-тапсырма: «Бөгде планеталықтар»  Геометриялық фигуралардан (шеңбер, тік төртбұрыш, үшбұрыш, шаршы, эллипс) композиция құр. Фигураларды бұруға және еңкейтуге болады.

(Оқушылар орындайды)

Осы суретті өз атыңмен сақта.

Суреттерді сақтау үшін мына әрекеттерді орындаймыз

Салған суреттерді, графиктерді қажет кезінде пайдалану үшін, оны дискідегі файлда сақтаған жөн. Файлды дискіде сақтағанда, оған ат беру керек,  ал файлды кеңейту Paint-тың  bmp программасы автоматты түрде орындайды.Paint программасының құжатын бірінші рет сақтап қою үшін Файл – Сохранить как… командасын орындаңдар. Сонда экранда Сохранить как… диалогтық терезесі пайда болады.  Имя файла өрісінде  файлға ат беріп, Сохранить батырмасын шертіңдер.

 

Сергіту сәті             «3,13,33»   деп аталады.

3 дегенде қолды созамыз.

13 десе қолды екі жаққа, ал 33 десе қолды жоғары көтеруіміз керек.

Қайта  сақтағанда Файл – Сохранить командасын орындаңдар. Сурет алғашқы атымен сол файлда сақталады.

3-тапсырма: салынған суреттерді сақтау

IV.Жаңа сабақты бекіту

Сөз тізбек

Енді, балалар, бүгінгі өтілген тақырыптың атын еске түсіру үшін мына «Сөз тізбекті» пайдаланып, тақырыптың атын шығарайық.

АГЕPМ
СРПAЯ
ТАОIС
ХФБNЖ
РИВTГ

ЖАУАБЫ: «PAINT»

V.Шығармашылық жұмыс

2-тапсырма:

Балалар, Еліміздің Тәуелсіздігіне қанша жыл болады?

ж: 22 жыл

Енді балалар, келіп отырған қонақтарға  арнап ,осы Тәуелсіздіктің 22 жылдығына сурет салып берейкші.(Оқушылар тәуелсіздіктің 22 жылдығына орай сурет салады және оны «Тәуелсіздікке 22 жыл деген атпен сақтайды.»)

Үйге: «PAINT» ГРАФИКАЛЫҚ РЕДАКТОРЫ. СУРЕТТІ САҚТАУ

VI.Бағалау.         Белсене араласқан оқушыларды бағалаймын.