Құралдар тақтасы. Түстер палитрасы..
Сабақтың тақырыбы: Құралдар тақтасы. Түстер палитрасы..
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың графиктік редактормен жұмыс жасау кезінде қолданылатын саймандар панелінің қызметімен және түстер палитрасының жұмысымен таныстыра отырып жұмыс жасауға үйрету.
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету;
Дамытушылық: Оқушыларға жаңа тақырып бойынша практикалық жұмыстар жасату арқылы білімдерін, ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын, шығармашылық қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың типі:білік пен дағдыны қалыптастыру
Оқыту әдісі: Практикалық, теориялық, сұрақ – жауап, көрсете отырып түсіндіру.
Технологиясы: компьютерлік
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: ДК, интерактивті тақта,PowerPoint слайдтары, тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Оқушыларды түгендеу.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырымасын сұрау.(слайдтар)
«Сиқырлы сандар» деп аталатын сұрақтар .
- Paint графиктік редакторын іске қосу ?
- Paint графиктік редакторының терезе құрылымы ?
- Суретті қалай сақтаймыз ?
- Суретті қалай ашамыз ?
- Paint графиктік редакторы қандай бағдарлама ?
- Paint графиктік редакторының файлының кеңейтілуі ?
- Paint графиктік редакторының мүмкіндіктерін ата.
ІІІ. Актуалдау
Сурет салу процесі мынадай кезеңдерден тұрады ?
- Құрал таңдап алу керек.
- Сызықтың қалыңдығын , кист түрін немесе төртбұрыштың типін таңдау.
- Кесікннің түсін таңдау.
- Фонның түсін таңдау.
- Сурет салуды бастаймыз.
Сұрақ: Сурет салу үшін міндетті түрде қандай құрал керек ?
— Құралдар тақтасы, түстер палитрасы.
ІҮ.Жаңа сабақ.
«Құралдар тақтасы. Түстер палитрасы»
Бізге сурет салу үшін үнемі бояу және сурет дәптері қажет болады. Біз бейнелеу сабақтарында арнайы сурет дәптерге карандаш т.б құралдармен сурет саламыз, және құралдарды бөлек – бөлек алып жүрдік. Бұл бағдарламаның ерекшелігі барлық құралдар, сурет салатын беттер барлығы бір жерде орналасқан. Сол құралодар тақтасы мен түстер палитрасымен тереңірек танысып, сурет саламыз.
Бұл терезе Windows жүйесінің стандартты түрі сияқты,бірақ мұнда салынатын кескінің түсін таңдап қана қоймай,оның фонының түсін де таңдауға болатын түстер палитрасы қосылған.Терезенің үлкен бөлігін бос кеңестік сурет салу алаңы алады.Оның сол жағында белгішелер тобы-қүраладар жиыны орналасқан.Терезенің төменгі жағында түстер палитрасы бар.
Түстер палитрасының көмегімен екі түрлі түс таңдауға болады:негізгі-бұл түстер біз онымен сурет салатын түс және қосымша-бұл фон түсі.Бағдарламаны іске қосқанда,үнсіз келісім бойынша кескінің түсі-қара,ал фонның түсі ақ болып орнатылады.
Палитраның сол жағында айқасқан екі тіктөртбұрыш орналасқан.Жоғрғысы сурет салу түсін көрсетеді.Ол таңдалған түсте мауыстың сол жақ батырмасын шерту арқылы таңдалады.Төменгі төртбұрыш фон түсін көрсетеді,ол таңдалған түсте мауыстың оң жақ батырмасын шерту арқылы таңдалады.
Ерікті аймақты белгілеу құралы,бұл қисық (дұрыс емес)пішінді үзіндіні таңдау қызметін атқарады.
бұл Белгілеу құралы деп аталады және суреттің тіктөртбұрышты үзіндісін таңдау қызметін атқарады.
Өшірігіш/түрлі түсті өшіргіш,бұл суркттердің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған.
Құю(заливка) құралы,бұл тұйық контурдың ішін кескін немесе фон түсімен бояйды.
Түс таңдау құралы,бұл кескінің немесе фон түсін суреттің кез-келген нүктесінің түсіне өзгертеді.
Масштаб құралы,бұл суреттің жеке үзінділерін үлкейтуге мүмкіндік береді.
Қарындаш,бұл кез-келген сызықты әр үрлі жуандықта сызықта сызуға арналған.
Кисть ерікті сызықтарды салуға арналған.Кистінің қажетт түрін таңдап алуға болады.
Бүріккіш,пульверизатор эфектісіне жетуге мүмкіндік береді.
Жазу,бұл сурет ішіне мәтін орналастырады.
Сызық,түзу сызықтар салуға арналған.
Қисық,тегістелген сызықтарды салуға мүмкіндік береді.
Тік төртбұрыш,тіктөртбұрыштар салуға арналған.
Көпбұрыш,еректі пішінді Тұйық көпбұрыштар салады.
Элипс,шеңбер және элипс салуға арналған.
Бұрыштары дөңгеленген тіктөртбұрыш, бұрыштары дөңеленген тік төртбұрыш,бұрыштары дөңгеленген квадраттар мен тік төртбұрыштар салуға мүмкіндік береді.
Сызықтың қалыңдығын,кисть түрін немесе төртбұрыштың типін тағайындау,
Мұны құралдар жиынының тура астыңғы жағындағы арнайы аймақта жасауға болады.Сызықтардың қалыңдығын бірден бастап,бес нүктеге дейін салуға болады және кистің,төртбұрыштың бірнеше түрлерін пайдлануға болады.
Кескінің түсін таңдау,
Сурет салатын түсті таңдау үшін,палитрадағы қажетті түстің төртбұрышына маус нұсқағышын орналастырып,сол жақ батырмасын шертіңдер.
Фонның түсін таңдау,
Фонның түсін таңдау үшін,палитрадағы қажетті түске маус нұсқағышын орналастырып,оң жақ батырмасын шертіңдер.Бұл саты фонды пайдаланып обьектілер жасайтын құралдармен жұмыс істегенде қажет (тік төртбұрыш,көпбұрыш,элипс,дөңгеленген көпбұрыш)
Ү.Практикалық тапсырма.
Деңгейлік тапсырмалар
№ 3 деңгей. Мақсаты: суретті салып, атауын жаз.
№ 2 деңгей:Мақсаты: жұмбақтардың шешімін тауып, бейнесін сал.
Қызыл, жасыл , керемет
Допты дүкен сатады.
Теппеу керек, жеу керек
Сол ғой оның шатағы
Жерге қаққан шеге,
Шеге емес жесең неге ?
Өседі тыста
Өзгертпей өңін
Сақтауға ұста.
№ 3 деңгей:Мақсаты: өлеңге иллюстрация жасау.
Қыс суреті
Жапалақтап аулада,
Тұрды таза ұлпа қар.
Қызықтайды бар бала,
Шақырады қырқалар.
Қарашы аппақ далаға
Жылынсын деп денеміз.
Отырып ап шанаға,
Біз сырғанақ тебеміз.
ҮІ.Шығармашылық тапсырма.
Мақсаты: өтірік өлеңге сурет сал.
Міне, қызық , кім білген,
Бұл жаңалық қайда бар?
Қатты қыста бүлдірген
Жеміс берді алмалар.
ҮІІ.Ақпараттық диктант
Мақсаты: сәйкес номерлеріне байланысты терезенің элементтерін жаз.
ҮІІІ. Сәйкестікті тағайында.
Мақсаты: интерактивтік тақтаны пайдаланып құралдар тақтасындағы атауларының сәйкестігі бойынша сызықтармен қос.
ІХ. Үйге тапсырма.
1.Paint графиктік редакторының құралдар тақтасы мен түстер палитрасы тақырыбының түсінігін айту.
2.Өз бөлмелеріңнің схемасын сызу.
- Шығармашылық тапсырма: өтірік өлең жазу, компьютерде сурет салу.
Х. Бағалау.
Бағалау парағы бойынша теориялық және практикалық білімімен бағаланады.
Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйе. Операциялық жүйе түрлері. Операциялық жүйе
ядросы.
Сабақтың мақсаты: оқушылардың операциялық жүйе және оның түрлерін, Windows ті
операциялық жүйе туралы , оны баптауды, файлдар мен қапшықтарды іздеу туралы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту.
Шығармашылыққа баулу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың типі: аралас
Оқыту әдісі: практикалық, баяндау, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: ағылшын
Технологиясы: компьютерлік
Көрнекілігі: ДК, видеопроектор, PowerPoint бағдарламасы, карточкалар, Kazinform 5.0 – эо.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру
- Үй тапсырмасын тексеру
- Актуалдау
- Жаңа сабақ
- Практикалық сабақ
- Бектуге арналған сұрақтар
- Үйге тапсырма
- Бағалау
1.Ұйымдастыру.
- Үй тапсырмасын тексеру. Үйге берілген «Компьютердің негізгі компоненттерінің өзара әрекеттесуі.Магистраль» тақырыбы бойынша 5.3 тапсырма – Сәйкестікті тағайындау , 5.4 тапсырма — Оқулықтың сәйкес тақырыбындағы мәтінді толтыру, 5.5 тапсырма – Жүйелік шина бойынша ақпараттың берілу бағытын көрсету, 5.6 тапсырма – Сыртқы құрылғылар бойынша схеманы толтыру, 5.7 тапсырма – Сыртқы құрылғылар бойынша кестені толтыруды ұсынып, бағалаймын.
3.Актуалдау.
- Жаңа сабақ. Операциялық жүйе. Операциялық жүйе түрлері. Операциялық жүйе ядросы. (PowerPoint бағдарламасында жасалынған слайдтар бойынша көрсете отырып түсіндіру)
ОЖ негізгі программа. Ол есептеу процестері мен компьютерді басқару және пайдаланушы мен аппаратураны байланыстыратын жинақталған программа.
ОЖ-ні пошта бөлімі ретінде елестетуге болады. .Пошта сіздің ауданыңызға жіберілетін мәліметтердіің тасқынына жауап береді, сол сияқты Ож компьютер жүйесі арқылы пернетақтадан экран мониторына немесе принтерге шығарылатын ақпараттарды жіберуді басқарады.
- Практикалық сабақ. Жаңа сабаққа байланысты баптауларды орындау.
5.1 тапсырма. Мақсаты: тышқан қасиеттерін баптау.
5.2 тапсырма. Мақсаты: қосымшаларды автоматты жүктеу дағдыларын меңгерту.
- Бекітуге арналған тест сұрақтары.
(компьютердегі арнайы программада дайындалған 15 сұрақтан тұратын тест. Компьютер өзі бағалайды)
- Үйге тапсырма.
1.Оқулықтағы 5.1, 5.2 тақырыптың теориялық түсінігін айту.
- 5.1 суретті дәптерге түсіру.
- Мәнжазба «Операциялық жүйелер» тақырыбына.
- Бағалау.
- Үй тапсырмасы 2. Практикалық сабақ, тест тапсырмасы бойынша.
Microsoft Word мәтіндік процессорында практикалық сабақ.
Сабақтың мақсаты: оқушылардың мәтінді пішімдеу, емлесін тексеру, абзацты пішімдеуге,
мәтіндік процессормен жұмыс жасауға үйрету.
Тәрбиелік: өз бетімен жұмыс істеуге, сауатты жазуға, шығармашылыққа
тәрбиелеу.
Дамытушылық: есте сақстау, зейіндік қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың типі: аралас
Оқыту әдісі: практикалық, көрсете отырып түсіндіру.
Көрнекілігі: Электрондық оқулық, Power Point презентациясындағы слайд, мультипроектор
экраны, дербес компьютер.
- Ұйымдастыру
Сыныппен амандасып, сабаққа қатысымын тексеру, компьютерлік есеп журналының дұрыс толтырылуын қадағалау.
- Үй тапсырмасын тексеру
- 7.1, 7.2 тақырыптың теориялық тұсінігін айту.
- 9.2 тапсырма. Мақсаты: «Стандартты» және «Пішімдеу» аспаптар панелінің әрбір пиктограммасының тұсына оның міндеттерін жазыңдар.
- Практикалық сабақ.
7.1-тапсырма. MS WORD-пен танысу
- MS WORD мәтіндік процессорды таныс әдістердің бірін пайдаланып ашыңыз.
- Құрал-саймандар тақтасындағы Стандартты, Форматтау белгілерін қараңыз, ол үшін оларға тышқан сілтемесін әкелсе жеткілікті.
- Анықтама (Справка) менюінен Стандартты құрал-саймандар тақтасының әрбір пункті бойынша ақпаратты табыңыз.
7.2-тапсырма. Берілген мәтінді теру. Орфографиялық тексеру жүргізу және қатесін түзету.
- MS WORD мәтіндік процессорын ашыңыз.
- Берілген мәтінді теріңіз.
Қазақ халық ертегісі
Ай мен күн
2.1. Өткен заманда біреудің Айсұлу және Күнсұлу деген екі қызы болыпты. Екеуі де теңдесі жоқ сұлу екен.
Бірінен – бірі асқан сұлумын деп бірімен-бірі үнемі ұрысып, жиі-жиі жанжалдасып қалады екен. Бір күні Күнсұлу іс тігіп отырған Айсұлуға тисіп:
— Сенен мен сұлумын! – дейді.
Ал Айсұлу болса:
— Жоқ, сен сұлу емессің, мен сұлумын! – деп таласады. Ақыр аяғында бұл талас үлкен шатаққа айналады.
Ыза қысып, әбден ашуланған Күнсұлу өзіне ұарсы келіп отырған айсұлудығ бетін тырнап алады. Күнсұду тырнағының дағы Айсұлудың бетіне өшпестей болып қалады.
Міне, содан бері Айсұлу жұрттан ұялып, тек түнде ғана тысқа шығады екен. Ал бейбастықпен қатты ұятқа батқан Күнсұлу түн қараңғылығында бұғып жатады екен.
Содан бері Айсұлу мен Күнсұлу біріне-бірі көрінбей, бірінен-бірі жасырынып, аулақтап жүреді екен.
2.2. Каждый жвуший на земле, прекрасен сам по себе, своей крсотой.
- 3. Автоматты түрде 2.2-пункттегі мәтіннің орфографиялық қатесін тексеруді орындаңыз және қатесі болса түзетіңіз.Егер қатесі болмаса, онда кейбір сөздерге қате енгізіп, орфографиялық қатесін тексеруді қайталаңыз және қателерді түзетіңіз.
- 4. Терілген мәтінді «Ай мен Күн.doc» деген атпен жұмыс дискіңізге сақтаңыз.
7.3-тапсырма. Мәтіннің бөліктерін көшіру.
- MS WORD мәтіндік процессорын іске қосыңыз.
- Мәтіндегі қайталанатын бөлімдерді көшіру арқылы теріңіз.
Аспазшы көкөніс базарынан:
картоп,
орамжапырақ,
сәбіз,
бұршақ,
қызылша мен аскөк сатып әкелді.
Ох!
Аспазшының жұмыс үстеліндегі картоп,
орамжапырақ,
сәбіз,
бұршақ,
қызылша мен аскөк
ішіміздегі ең дәмді және құнарлы кім деп дауласа бастады?
Ох!
Аспазшы тамағын даярлау үшін
картоп,
орамжапырақ,
сәбіз,
бұршақ,
қызылша мен аскөк
қабыршағын тазалауға кірісіп кетті.
Ох!
суы сақырлап, буы бұрқыраған қазанда
картоп,
орамжапырақ,
сәбіз,
бұршақ,
қызылша мен аскөк
қайнап жатты.
Ох!
Қандай тәтті тағам дайын болды.
7.4 тапсырма. Мәтінді форматтау.
- 1. MS WORD мәтіндік процессорын алыңыз.
- 2. Ай мен Күн.doc құжатын ашыңыз.
- Мәтіндегі «Айсұлу мен Күнсұлу» сөзін белгілеп, қаріпті жартылай қарайтылған (полужирный) түрге ауыстырыңыз.
- 4. бірінші абзацты белгілеп, қаріпті курсивке ауыстырыңыз.
- 5. Соңғы абзацты белгілеп, қаріптерді Асты сызылған курсив (Курсив с подчеркиванием) қалпына келтіріп және әріптің биіктігін ауыстырыңыз.
- 6. «Ай» және «Күн» сөздерін белгілеңіз және қаріпті Астын сызып, жартылай қарайту (полужирный с подчеркиванием) қалпына ауыстырыңыз.
- 7. Өзгертулерді сақтаңыз.
7.5-тапсырма. Абзацты форматтау.
- 1. MS WORD мәтіндік процессорын қосыңыз.
- Ай мен Күн.doc құжатын ашыңыз.
- 3. Тақырыпқа 16-қаріпті, жартылай қарайтылған және ортасы бойынша туралау тәсілдерін қолданыңыз.
- 2-пункте сәйкес мәтіннің жоларалық қашықтығын, оң және сол жақ шеттері бойынша туралауға қойыңыз.
- 5. Мәтіннің әрбір абзацын әр түрлі түсте болатын жиектеулерге алыңыз.
7.6-тапсырма. MS WORD құжаттарын дайындаудың қосымша мүмкіндіктері.
- 1. MS WORD мәтіндік процессорын қосыңыз.
- 2. Ай мен Күн.doc құжатын ашыңыз.
- 3. Тақырыпқа Әсерлеуді (Анимацияны) қолданыңыз, ол үшін тақырыпты белгілеп, мынаны орындауыңыз керек:
Формат Қаріп Әсерлеу Отшашу (Формат Шрифт Анимации Фейерверк).
- 4. әрбір абзацты жаңа бетке орналастырыңыз, ол үшін: Қою Бөлу, Жаңа беттен ОК қосымшасын басыңыз.
- 5. Колонтитул қойыңыз, ол үшін Түрі Колонтитулдар (Вид Колонтитулы) орындау керек.
▪ Пайда болған тақтаға Жоғарғы колонтитул (Верхний колонтитул) деп қойыңыз.
▪ Тақтадағы сәйкес батырманы басу арқылы бүгінгі күнді қойыңыз.
▪ «Қазақтың халық ертегіс» деген мәтінді колонтитул қоршауына жазыңыз.
▪ Тақтадағы Жабу батырмасын басыңыз.
- 6. Парақтарға нөмір қойыңыз: Қою Беттің нөмірі (Вставка Номера страниц). Беттің нөмірін
беттің төменгі жағына (Внизу страницы) қойып, Сол жағына (Справа) деп туралаңыз.
- 8 – сыныптың электрондық оқулығындағы тақырыпқа сәйкес тапсырмалармен жұмыс.
- Бекіту сұрақтары:
- Стандартты тақтасына қандай операциялар жатады ? Ал форматтау тақтасына ше ?
- Жаңа құжат қалай құрылады ?
- Word құжатын қалай сақтауға болады ?
- Редакциялау дегеніміз не ?
- Көшіру әрекеттері қандай ? Алмасу буфері дегеніміз не ?
- Мәтінді форматтау дегеніміз не ?
- Праметрлерді өзгерту үшін қандай команда орындалады ?
- Қаріптің сызылымын қалай таңдаймыз ?
- Үйге тапсырма.
- 7.3, 7.4. 7.5, 7.6 тақырыптарды оқып, теориялық түсінігін айту.
- Сынып оқушыларының мәліметін кесте түрінде жазып келу.
- Бағалау.