Қайталау. Microsoft Office пакеті.

Тақырыбы:                         Қайталау. Microsoft Office пакеті.

Сабақ мақсаты:                                а) Оқушылардың өткен оқу жылы бойынша алған білімдерін пысықтау, еске түсіру.

 

Б) Microsoft Office пакетінің қолданылуын қайталау, құжат құру, безендіру жұмыстарын еске түсіру. Оқушылардың жадын жаңарту.

 

В) Құжатты безендіруде эстетикалық талғаммен жұмыстануға, компьютер мүмкіндіктерін максималды пайдалануға, Microsoft Office пакетінің барлық функцияларын қолдануға тәрбиелеу.

 

Сабақ көрнекілігі:             Практикалық жұмыс жазылған карточкалар

Сабақ түрі:                         Білімді тексеру сабағы.

Сабақ әдісі:                        Компьютерде қайталауға арналған практикалық жұмыс орындату

Сабақ типі:                         Қайталау сабағы

Сабақ барысы:                  Ұйымдастыру кезеңі

Өткен жылғы тақырыптарға шолу

Компьютерде практикалық жұмыс орындату.

Оқушылардың жұмысын бағалау

Үйге тапсырма

Сабақты қорытындылау

 

Өткен жылы Microsoft Office пакетінің құрамымен таныстық. Оның ішінде біз Microsoft Word мәтіндік редакторының және Microsoft Excel кестелік процессорының мүмкіндіктерін қарастырған болатынбыз. Атап айтқанда Microsoft Word мәтіндік редакторында мәтіндік құжат құру, мәтінді безендіру, беттерді форматтау т.с.с. жұмыстарды  орындадық. Ал Microsoft Excel кестелік процессорында электрондық кестелермен жұмыс жасап, Microsoft Excel-дің қосымша мүмкіндіктерін, атап айтқанда графикалық мүмкіндіктерін, логикалық функцияларды қолданудағы артықшылықтарын қолдану тәсілдерін меңгердік. Алдағы уақытта Microsoft Office пакетінің презантациялар жасап, оны демонстрациялауға арналған қосымшасы Microsoft PowerPoint-пен танысатын боламыз. Бүгінгі сабақта өткен жылғы меңгерген білімдеріңді қайталау мақсатында Microsoft Excel мен Microsoft Word – ты қолданып орындайтын практикалық жұмыс беремін. Жұмыс сабақ соңында бағаланады.

Практикалық жұмыс.

 

 

Сабақ соңында оқушылардың жұмысы тексеріліп, бағаланады.

Үйге тапсырма Өткен жылғы лекцияларын қайталап келу.

Сабақ аяқталды

Сау болыңыздар.