Гиперсілтемелер. Гиперсілтемемен жұмыс жасауға практикалық жұмыс

Тақырыбы:                         Гиперсілтемелер. Гиперсілтемемен жұмыс жасауға практикалық жұмыс.

Сабақ мақсаты:                                а) PowerPoint-та презентация құрғанда гиперсілтемелерді қолдануға үйрету.

 

Б) Гиперсілтемемен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

 

В) Оқушылардың эстетикалық ьалғамдарын қалыптастыру.

 

Сабақ көрнекілігі:             Карточкалар

Сабақ түрі:                         Практикалық жұмыс

Сабақ әдісі:                        Компьютерде практикалық жұмыс орындату

Сабақ типі:                         Қайталау, пысықтау сабағы

Сабақ барысы:                  Ұйымдастыру кезеңі

Практикалық жұмыстың орындалу барысымен оқушылаврды таныстыру

Компьютерде практикалық жұмысты орындату

Үйге тапсырма

Сабақты қорытындылау

Сәләматсыңдар ма?

Біз бүгін гиперсілтемелерді қолдануға практикалық жұмыс орындаймыз.

Практикалық тапсырма:

PowerPoint-та қарапайым тест программасын құр.

Бірінші слайдта тест сұрақтарының номерлері орналассын.

Номер басылғанда сол номерлі сұрақ ашылатын болсын.

Жауап вариантын таңдаған кезде, дұрыс болса «Жарайсың! Дұрыс.» деген, әйтпесе «Қателестіңіз!» деген жауап шығуы тиіс.

Тесті жалғастыру үшін, кейін сұрақтар номері жазылған слайдқа қайта келу керек.

Ұсынылатын тест сұрақтары:

1) Информацияның өлшем бірлігі:

А         КилоБут

*В      Байт

С         Километр

D         Мегадрайв

2) Дербес компьютерді іске қосу батырмасы:

A         110 v

*B      Power

C         Reset

D         Turbo

3) Обьектіні ерекшелеу үшін не қолданылады:

A         Обьектіде маустың оң жағын бір рет шерт

B         Обьектіде маустың оң жағын екі рет шерту

C         Обьектіде маустың сол жағын екі рет шерту

*D      Обьектіде маустың сол жағын бір рет шерту

4) Маустың оң жақ батырмасы не атқарады:

A         Программаны іске қосады.

*B      Контекстік менюді ашады

C         Менюдің пунктін таңдайды

D         Enter пернесі қызметін атқарады

5) Компьютерді сөндіру алдында:

A         Розеткадан шнурды айыру керек

B         Sleep пернесін басу керек

C         Қажет емес файлдарды жою керек

*D      Барлық программаларды жабу керек

6) Компьютерді ток көзінен қай уақытта айыру керек:

A         Экранға заставка шыққан кезде

B         Экран түсі қара болған кезде

C         Экранда маус курсоры көрінбеген кезде

*D      Экранда  «Теперь питание компьютера можно отключить»  жазуы пайда болғанда

7) Компьютердің жұмысын басқаратын негізгі құрылғысы:

A         Маус

B         Монитор

*C      Жүйелік блок

D         Пернетақта

8) Компьютер нені өңдеуге арналған:

A         Абстракцияны

*B      Ақпаратты

C         Мотивацияны

D         Цифрларды, белгілерді, иероглифтерді

9) Компьютерге ақпарат енгізу құрылғыларын ата:

*A      Сканер және маус

B         Принтер және трекбол

C         Маус, пернетақта және кілемше

D         Шина және  пернетақта

10) 1 байт көмегімен қандай ақпарат өрнектеледі:

A         1 немесе 0-ден тұратын

*B      1 символдан тұратын

C         1 сөзден тұратын

D         255 символдан тұратын

11) Пернетақтаның атқаратын қызметі:

*A      Ақпаратты символдық түрде компьютерге енгізу

B         Кез келген ақпаратты компьютерге тез енгізу

C         Тек қана командалар енгізу

D         Дискіден оқу

12) Ақпаратты ұзақ уақыт сақтау үшін не қолданылады:

A         Жедел есте сақтау құрылғысы

B         Тұрақты  есте сақтау құрылғысы

*C      Сыртқы есте сақтау құрылғысы (дискета, қатқыл диск т.б.)

D         Аталғандардың бәрі

13) Қатқыл диск қандай көлемде бола алады:

A         1,44 Мб

B         700 Мб

*C      40 Гб

D         128 Мб

14) Диск қандай болады:

*A      Магнитті

B         Қатты

C         Жұмсақ

D         Сұйық

15) Пернетақтада қандай пернелер тобы бар:

A         Әріптік-цифрлық

B         Түзету пернелері

*C      Курсорды басқару пернелері

D         Қосымша әріптік пернетақта  16) Пернетақта регистрін ауыстыратын перне:

A         Shift

B         Scroll Lock

*C      Alt+Shift немесе Ctrl+Shift

D         Caps Lock

17) Enter пернесі:

A         Болдырмау пернесі

*B      Енгізу пернесі

C         Курсорды келесі абзацқа көшіру пернесі

D         Курсорды келесі жолға көшіру пернесі

18) Қате символды өшіру пернесі:

A         Enter

B         Insert

*C      Delete

D         Пробел

19) Caps Lock индикаторы жанып тұрған кезде:

A         Тек орыс әріптері енгізіледі

B         Арнайы символдар енгізіледі

*C      Бас әріптер енгізіледі

D         Shift пернесін басқан кезде бас әріптер енгізіледі

20) Функционалдық пернелер қандай қызмет атқарады:

A         Функцияның мәнін есептейді

*B      Әр перне әртүрлі программада әртүрлі қызмет атқарады

C         Мәтінді форматтайды

D         Терезелермен жұмыс атқарады

 

Үйге тапсырма гиперсілтемелер.

Практикалық жұмыстарын пароль қойып сақтау керек. Келесі екі сабақта жалғастырады. Төртінші сабақта тексеріледі. Жұмыстары сол кезде бағаланады. Жұмыстың гиперсілтемелерінің жасауы, безендірілуі қаралады.

Сабақ аяқталды