PAINT графикалық редакторы
Сабақтың тақырыбы: «PAINT графикалық редакторы»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды графикалық редактор командаларымен,құралдарымен,үзінділермен жүргізілетін жұмыс түрлерімен таныстырып,редакторда жұмыс жасай білуге үйрету.
Дамытушылық: Графикалық редактор ұғымымен таныстыра отырып оқушылардың дүниетанымдарын,ой-өрістерін, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту.
Тәрбиелік:Эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, шапшаңдыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ жауап, түсіндіру
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу,математика, тарих
Сабақтың көрнекілігі:компьютер, слайдтар интерактивті тақта
Күтілетін нәтиже:
- Оқушыларда графикалық редактор туралы түсінік қалыптасады.
- Редакторды іске қоса алады.
- Сурет салу кезеңдерін білетін болады.
- Графикалық редактор құралдарының қызметін біледі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:
ІІ. Жаңа білімді меңгерту:
- Петроглифтер дегеніміз не? (Тасқа салынған суреттер)
- Ежелгі адамдар тасқа не салу арқылы дүниеге деген көзқарасын білдірген? (сурет салу арқылы)
- Қандай суреттер салған? (таңбалар,)
- Уақыт өте келе адамдар тасқа емес тағы неге салған?(қағазға,папирусқа)
- Қазіргі таңда техниканың дамуына байланысты суреттерді қайда салуымыз мүмкін? (компьютерге)
1.PAINT графикалық редакторы туралы түсінік
PAINT сурет салу бағдарламасы әр түрлі графикалық кескіндерді салуға,оны өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаның көмегімен қарапайым суреттен бастап,күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады.
PAINT бағдарламасында өзіміз сурет салуымызға Windows –тің басқа қолданбаларынан алмастыру буферіне көшірілген дайын суреттерді мәтінге қоюға,сондай-ақ сканердің көмегімен алынған күрделі кескіндерді енгізуге болады.
- PAINT графикалық редакторында жұмыс істеу
PAINT графикалық редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындау керек.
Пуск Барлық бағдарламалар Стандартты PAINT
PAINT терезесімен таныстыру.
Сурет салу кезеңдері
- Құралды таңдап алу
PAINT редакторында 16 құралды пайдалануға болады. Олардың міндеттерін білу үшін,тышқанның нұсқағышын қажетті құралдың үстіне апару керек, сонда ішіне олардың міндеттеріне жазылған кішкене төртбұрыш пайда болады.
- Сызықтың қалыңдығын,қылқаламның түрін немесе төртбұрыштың типін тағайындау
Құралдар тақтасының тура астыңғы жағындағы арнайы аймақта жасауға болады. Сызықтардың қалыңдығын бір нүктеден бастап,бес нүктеге дейінгі өлшемде салуға және қылқаламның,төртбұрыштың бірнеше түрлерін пайдалануға болады.
- Кескіннің түсін таңдау
Сурет салатын түсті таңдау үшін,палитрадағы қажетті түстің төртбұрышына тышқан нұсқағышын орналастырып,сол жақ батырмасын шерту керек
- Фонның түсін таңдау
Фонның түсін таңдау үшін,палитрадағы қажетті түске тышқан нұсқағышын орналастырып,оң жақ батырмасын шертіңдер.Бұл фонды пайдаланып объектілер жасайтын құралдармен жұмыс істегенде қажет(тік төртбұрыш,көпбұрыш,эллипс,дөңгеленген көпбұрыш)
Ерікті аймақты белгілеу, құралы бұл қисық пішінді үзіндіні таңдау қызметін атқарады.
Белгілеу құралы, суреттің тік төртбұрышты үзіндісін таңдау қызметін атқарады.
Өшіргіш/түрлі-түсті өшіргіш, бұл смуреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған құрал.
Құю (Заливка) құралы, бұл тұйық контурдың ішін кескін немесе фон түсін бояйды.
Түс таңдау құралы, бұл кескіннің немесе фон түсін, суреттің кез-келген нүстесіне түсіне өзгертеді.
Масштаб құралы, бұл суреттердің жеке үзінділерін үлкейтіп, кішірейтуге мүмкіндік береді.
Қарындаш құралы, кез-келген сызықты әр- түрлі жуандықта сызуға арналған.
Кисть, ерікті сызықтарды салуға арналған кистінің қажетті түрін таңдап алуға болады.
Бүріккіш құралы, пульвизатор эффектісіне жетуге мүмкіндік береді.
Жазу, бұл сурет ішіне мәтін орналастырады.
Сызық, түзу сызықтар салуға арналған.
Қисық, тегістелген сызықтар салуға мүмкіндік береді.
Тік төртбұрыш, тік төртбұрыштар салуға арналған.
Көпбұрыш, ерікті пішінді тұйық көпбұрыштар салады.
Эллипс, шеңбер және эллипс салуға арналған құрал.
Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыш. Бұрыштары дөңгеленген квадраттар мен тік төртбұрыштар салуға мүмкіндік береді.
Редактордың мүмкіндіктерін қазақтың ою өрнектерін салу арқылы көрсету.
Ою — өрнек дегеніміз бұл ойға алған айқын өрнек ырғағымен үйлесетін белгілі бір заңдылықтар жүйесінде жасалған қисық сызық және гоеметриялық фигуралар бейнесін белгілі бір тәсілге келтіру арқылы алынған түрлі — түсті өрнекпен қандай да бір заттың әшекейленуі. Өрнек атауы латынның «ornamentum»- әшекей деген сөзінен шыққан. Ою өрнек өнерінің классификциясы төмендегі топқа бөлінеді:
- Космогониялық ою өрнектер( космос денелері, табиғат құбылыстары, жер көрнісінің элементтері)
- Геометриялық ою өрнектер (сызықтыр, фигуралар)
- Зооморфтық (құс, жәндіктердің символдық бейнесі, жабайы және үй жануарларының символдық бейнесі)
- Өсімдік тектес ою өрнектер (жапырақтар, гүлдер, дәндер мен жжемістер)
Қошқар мүйіз оюын салу. Қисық сызық, түзу сызық, эллипс және өшіргіш және кейбір командаларды қолдану.
- Жаңа білімді бекіту
І. Ашық тест жүргізу.
Тест сұрақтары:
- PAINT графикалық редакторы не үшін қажет?
- Жазу үшін
- Сурет салу үшін
- Есеп шығару үшін
- Редакторды іске қосу командалары…
- Іске қосу, бағдарламмалар, қолданбалар, PAINT
- Іске қосу, қолданбалар, PAINT
- Жұмыс столы, бағдарламмалар, қолданбалар, PAINT
- Терезе элементтерін ата?
- Тақырып жолы, жұмыс алаңы, мәзір қатары, құралдар, бояу таяқшасы
- Тақырып жолы, жұмыс алаңы, құралдар, бояу таяқшасы
- Тақырып жолы, жұмыс алаңы
- Негізгі түс қалай таңдалады?
- Тышқанның оң батырмасын басу арқылы
- Тышқанның сол батырмасын басу арқылы
- Ешқандай батырма баспай таңдауға болады
- Сызық қалыңдығы қалай таңдалады?
- Сызық қалыңдығы таңдалмайды
- Қаріпті үлкейту керек
- Сызық құралын таңдағанда төменгі жақта сызық түрлері шығады
- Тышқанның оң батырмасымен сурет салуға болама?
- Болады, бұл кезде сурет фондық түспен салынады
- Болмайды, сурет тек сол батырма көмегімен салынады
- Болады
ІІ. Редактордың құралдарын сәкестендір.
Белгіленуі | Атқаратын қызметі |
Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыш. | |
Жазу, | |
Эллипс, | |
Кисть | |
Белгілеу құралы, | |
Өшіргіш | |
Қисық | |
Түс таңдау құралы | |
Құю | |
Тік төртбұрыш | |
Қарындаш | |
Сызық | |
Көпбұры | |
Ерікті аймақты белгілеу | |
Масштаб | |
Бүріккіш |
ІІІ.Сурет салайық
1-тапсырма. Эллипс құралын пайдаланып салыңыз.
2-тапсырма. Геометриялық фигураларды пайдаланып салыңыз.
3-тапсырма. Эллипс пен қисық сызық құралдарын пайдаланып салыңыз.
- Бағалау
VІ.Үйге тапсырма
Қазақтың ою өрнектерінен бір түрін таңдап алып оған сәйкес келетін фигураларды тауып келу.