Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер

Сабақтың тақырыбы: Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер

Сабақтың мақсаты:

                Білімділігі: Оқушыларды Paint графикалық редакторының мүмкіндіктерімен таныстыру, олардың үзінділермен жүргізілетін әрекеттері туралы толықтай түсінік беру.

               Тәрбиелігі:  Оқушылардың білімін кеңейтіп, тақырыпқа деген қызығушылықтарын арттыру.

Дамытушылығы: Paint графикалық редактордағы үзінділермен жүргізілетін  әрекеттерін меңгерте отырып, оқушылардың ой-өрісін дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, оқулық.

Сабақтың жүру барысы:

 

                     І. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Оқушылармен амандасу;
  2. Оқушыларды түгендеу;
  3. Оқушылардың назарларын жаңа сабаққа аудару;

 

                           ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.

                                  (сұрақ-жауап әдісі бойынша)

  1. Paint графикалық редакторының командалары нешеу және оларды ата? (орындатпау, қайталау командалары)
  2. Орындатпау командасы дегеніміз не?(Правка/ Отменить)
  3. Қайталау командасы дегеніміз не?(Правка/ Повторить)
  4. Суреттерді қалай сақтаймыз?(Файл/ Сохранить как)
  5. Мәтіні бар суреттерді салу, суреттің үстіне мәтін жазу үшін, қандай құрал таңдаймыз?(А).
  6. Сақтаған суреттерді қалай ашады?(Файл /Открыть)
  7. Paint графикалық редакторда неше құрал бар?(16 құрал)

 

                          ІІІ. Жаңа сабақ.

Жоспар: Үзіндіні жылжыту мен көшіру;

                 Үзіндіні көбейту;

Үзіндіні өшіру (жою);

Үзіндіні бейнелеу мен бұру.

Үзіндіні еңкейту мен созу.

Суретті қарап шығу режимі.

Түстер палитрасын өзгерту.

Суретті қағазға басып шығару.

Кейбір кездерде салынған суреттердің немесе оның белгілі бөліктердің өлшемін өзгертуге, созуға, қисайтуға немесе тік вертикаль бағытта айналдыруға т.б опцияларды орындауға тура келеді. Ол үшін суреттің қажетті бөлігін бөліп алу керек.

Суреттің бөлінген бөлігін үзінді  деп атаймыз.Үзінді мына құралдармен бөлінеді немесе белгіленеді: Белгілеу (бөліп алу) батырмасы  (выделение) төртбұрышты үзіндіні таңдаймыз. Кез-келген (ерікті) аймақты бөліп алу   (выделение произвольной области) батырмасы ерікті пішінді аймақты бөліп алуға мүмкіндік береді.

 

                   Үзіндіні жылжыту мен көшіру.

      Үзіндіні жылжыту немесе көшіру үшін алдымен оны белгілеу керек. Содан кейін Правка менюінен Вырезать немесе Копировать командаларының бірін пайдалану керек. Вырезать командасын таңдағанда, үзіндіні суреттен алып жойылады. Ал егер Копировать командасы пайдаланылса, онда сурет өзгермейді, алмасу буферіне оның көшірмесі орналастырылады.

Суреттің үзіндісін көшіру үшін:

  1. Суреттің үзіндісін белгілейміз.
  2. Правка/ Копировать командасын орындаймыз.
  3. Правка/ Вставить командасын орындаймыз. Сонда үзінді терезенің сол жақ бұрышында пайда болады.
  4. Үзіндіні мауспен іліп алып, қажетті орынға апарамыз.

     Суреттің үзіндісін жылжыту үшін:

  1. Суреттің үзіндісін белгілейміз.
  2. Правка/ Вырезать командасын орындаймыз, бұл жағадайда қиып алған суретіміз жоқ болып кетеді.
  3. Правка/ Вставить командасын орындаймыз. Сурет үзіндісі терезенің жоғарғы бұрышында пайда болады.
  4. Үзіндіні мауспен іліп алып, тиісті орынға апарамыз.

 

 

 

Үзіндіні көбейту. 

    Үзіндіні көбейту үшін, оны белгілеп «барлығы басталатын» жерге апарып қоямыз, содан кейін оны мауспен іліп аламыз да, Shift батырмасын басып отырып, үзіндіні сурет салу аймағына жылжытамыз.

Үзіндіні көбейту дегеніміз- экранда маустың нұсқағышын жылжытумен қатар оның көшірмелерінің тізбегін жасау.

 

 

 

 

 

 

Үзіндіні өшіру (жою)

 

 

 

 

 

 

       2- тәсіл

Үзіндіні белгілеу

Правка/ Вырезать (Түзету/ Қиып алу) командасын орындау арқылы жүзеге асырылады.

            3-тәсіл

Меню жолында Рисунок/ Очистить (Сурет/ Тазалау) командасын орындау қажет. Сурет түгел жойылады.

          1-тәсіл

Үзіндіні белгілеу Правка/ Очистить выделение (Түзету/ белгілеуді тазалау) командасын орындау қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үзіндіні бейнелеу немесе бұру.

Отразить/ Повернуть командасының көмегімен үзіндіні тік немесе көлденең осьтеріне 90,180,270 градусқа бұруға болады.

Кез-келген жануардың немесе өсімдіктің суретін алып, бейнелеу немесе бұру командасын орындап көрейік.

  1. Арыстанның суретін үзінді түрінде белгілейміз.
  2. Рисунок/ Отразить Повернуть клмандасын орындаңдар.
  3. Диалог терезесі пайда болады.
  4. Отразить слево направо опциясын таңдап, ОК батырмасын шертеміз.
  5. Маусты Отразить сверху вниз опциясын таңдап,ОК батырмасын шертсек, онда суретіміз аяғынан басына аударылып түседі.
  6. Повернуть на угол опциясын таңдап, ОК батырмасын бассақ, онда арыстаннаң суреті 90 градусқа бұрылады.

 

                       Үзіндіні еңкейту мен созу.

    Растянуть/ Наклонить командасы арқылы үзіндіні созуға және горизонталь немесе вертикаль осьтеріне қатысты еңкейтуге болады.

  1. Арыстанның суретін үзінді түрінде белгілейміз.
  2. Рисунок →Растянуть/ Наклонить командасын таңдаймыз.
  3. Диалог терезесі пайда болады.
  4. Бұл терезеден өзімізге қажет әрекеттімізді таңдаймыз по горизонтали немесе по вертикали өрісіне\, оған қажетті градус санын енгізіп, ОК батырмасын таңдаймыз. Сурет горизоталь  ось бойынша 30-қа еңкейтіледі.

 

                       

 

           Суретті қарап шығу режимі.

Суреттің бейнелеу масштабын өзгерту үшін, Вид/ Масштаб командасын орындаймыз. Бұл кезде пайда болған бағыныңқы менюден: Крупный , Выбрать командаларының бірін таңдаймыз немесе Масштаб батырмасында шертеміз.

Кәдімгі масштабты қалпына келтіру үшін, Вид→Масштаб→Обычный командасын орындаймыз.

 

Салынған суретті түсқағаз ретінде пайдалану.

  1. Суреттеріңді салыңдар.
  2. Оны сақтап қоямыз.
  3. Файл→Заполнить рабочий стол Windows немесе в центре рабочего стола командасын орындаймыз.

 

                   Түстер палитрасын өзгерту.

   Paint графикалық редакторындағы түстер палитрасын өзгерту немесе палитрада жоқ, бірақ өздеріңе ұнайтынтүстерді қосу үшін, төмендегілерді орындау керек.

  1. Paint графикалық редакторын ашамыз.
  2. Палитраның ауыстырылған түсіне шертеміз де, Палитра→Изменить палитру командасын орындаймыз. Немесе палитраның кез-келген түсінде екі рет шертеміз.
  3. Изменение палитры диалог терезесі Определить цвет батырмасын шертеміз.
  4. Изменение палитры диалог терезесінде спектрі ашылады.

 Түстер спектріне меңзерлерді жылжытып отырып, Цвет/ Заливка

жақтауына пайда болған қай түсті болсын таңдап, Добавить в набор батырмасын шертеміз.

 

Суретті қағазға басып шығару.

  Суретті қағазға басып шығару үшін, Файл→Печать командасын орыңдаңдар. Бұнда бізге Баспа (Печать)  диалог терезесі пайда болады. Печатать бөлімінде принтерге қандай парақтарды шығару керек екенін көрсетіп, Число копий өрісіне қажетті дана санын енгіземіз , содан соң ОК батырмасын шертеміз.

Құжат басылымға қандай түрде берілетінін  қарап шығу үшін Файл → Предворительный просмотр командасын орындаймыз.

 

  1. IV. Практикалық жұмыстар.

 

1-тапсырма

  1. Соқпақ жолға шырша отырғыз.
  2. Көшіру арқылы осындац үш шырша отырғыз.
  3. Шыршалармен осындай тағы үш соқпақ жол жаса.
  4. Ортаңғы шыршалары бар соқпақ жолды кішірейт.

2- тапсырма.

  1. Үй мен көше сал.
  2. Көшіру арқылы тағы үш үй, содан кейін осындай үш көшеде тұратын ауыл сал.
  3. Ортаңғы көшені кішірейіт.

153-беттегі Өзің орында  1,2,3,4-тапсырмаларын орыңдаңдар.

 

                                 V.Қорытынды бөлім

  1. Paint графикалық редактордың терезенің төменгі жағында не орналасқан.(палитра)
  2. Суреттің бөлінген бөлігін қалай атаймыз?(Үзінді)
  3. Белгілі бір атауы бар орынды қалай атаймыз?(Файл)
  4. Суретті жылжыту үшін, қандай команда орындаймыз.(Копировать).
  5. Суретті көшіру үшін, қандай команданы орындаймыз?(Вырезать)
  6. Суреттің жеке үзінділерін үлкейтуге арналған құрал? (масштаб)
  7. Сызықты әр- түрлі қалыңдықта сызуға арналған құрал қалай аталады?(Қарындаш)
  8. Ерікті сызықтарды салуға арналған құралды ата? (Кисть)
  9. Отразить/ Повернуть командасын орындау үшін қайда барамыз? (Рисунок)
  10. Shift батырмасын баса отырып, тышқанның нұсқағышы жылжыту арқылы не істеуге болады? (Көбейту)
  11. Сурет ішіне мәтін орналастырау құралы.(Надпись)

 

  1. Үйге тапсырма

4.4-тақырып Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер.

 

                                              VII. Бағалау.