Word- тың графикалық мүмкіндіктері. Мәтіндік құжатқа графикалық кескіндерді кірістіру
Сабақтың тақырыбы: Word- тың графикалық мүмкіндіктері. Мәтіндік құжатқа графикалық кескіндерді кірістіру
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Microsoft Word- тың графикалық мүмкіндіктерімен таныстырып, мәтіндік құжатқа графикалық кескіндерді кірістіру.
Тәрбиелігі: Оқушыларға жаңа сабақты түсіндіру барысында, қауіпсіздік ережесін есте сақтай отырып, техникамен ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың жан-жақты қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, оқулық, интерактивті тақта.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Оқушылармен амандасу;
- Оқушыларды түгендеу;
- Оқушылардың назарларын жаңа сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.
- Кесте құру үшін қандай командаларды орындаймыз?
(Таблица/ Вставить таблицу)
- Жол санын көбейту үшін қандай әрекет жасаймыз?
( Таблица/ Добавить строки)
- Кестеге баған санын қосу үшін қандай команданы орындаймыз? ( Таблица/ Добавить столбец)
- Ұяшықтарды біріктіру үшін қандай команданы орындаймыз?
(таблица/ Объяденить ячейки)
- Беттерді нөмерлеу үшін қандай әрекет жасаймыз?
( Вставка/ Номера страниц)
- Құжаттарды баспаға шығару үшін қандай әрекеттер орындаймыз? (Файл /Печать)
ІІІ. Жаңа сабақ.
Microsoft Word-та мәтінге дайын суретті немесе Paint графикалық редакторында өздерің салған суреттеріңді кірістірудің мүмкіндігі бар.
Егер сендер Paint графикалық редакторында сурет салған болсаңдар, онда оны мәтіндеріңе алмастыру буферінің көмегімен
көшірудің сол командаларын пайдаланып, кірістірулеріңе болады.
Кез-келген Microsoft Word терезесін ашып меню жолындағы Вставка/ Рисунок/ Картинки командасын таңдасаңдар, сонда біздерге Microsoft Clip Gallery диалог терезесінде Картинки қосымшасын және Рисунок опциясын таңдаймыз. Онда бізге суреттері бар терезе ашылады, соның ішінен бір суретті таңдап алып, Вставить батырмасын шертеміз, сонда сурет мәтінге кірістіріледі.
Егер сендерге суреттің өлшемі ұнамаса, онда оны кішірейтіңдер немес үлкейтіңдер.
Динамикалық менюден Формат рисунка командасын таңдап, Формат рисунка диалогтік терезесіндегі Положение қосымшасын шертіңдер де, Поверх текста опциясынан жалаушасын алып тастаймыз.
Кірістірілген сурет мәтіннің оң немесе сол жағында орналасуы үшін Обтекание қосымшасын таңдау керек, содан кейін вокруг рамки және по большой стороне шаршыларын және ОК-ді шертіңдер. Кітаптарыңдағы 9.17-9.18 суреттерін қараңыздар.
Wort Art диалогтік терезесін ашу үшін, экран бетіндегі астыңғы жағындағы құрал- саймандар тақтасынан қисайып тұрған А әрпін таңдасаңдар, сіздерге түрлі стильдегі Wort Art терезесі ашылады. Одан сендер өздеріңе ұнаған стильді таңдасаңдар болғаны сендерге Изменение текста Wort Art диалогтік терезесі пайда болады. Шрифтіні өзгертіп, Arial немесе Times New Roman сөзін ашып, кірістіріп қоясыңдар. Содан кейін шрифтін размерін таңдап, текстерімізді енгіземіз.мысалы: Роза ОК-ді шертеміз.
Мауспен фигуралық жазбаны орнатыңдар. Мәтіндеріңді сол атпен сақтап қойыңдар.
- IV. Практикалық жұмыс
1-тапсырма.
Графикалық объектілерді қою.
Өздеріңе белгілі Word- та құттықтау және жарнама хабарландыруларын жасаңыз. (әр-түрлі қаріптерді, кестелерді, суреттерді пайдаланамыз).
2-тапсырма.
Өздеріңнің ойларыңнан (фантазияларыңнан) түрлі графикалық бейнелерді қойып, 14- ақпан валентин күніне, бір-біріне открытка жасап, құттықтыңдар.
3-тапсырма.
Өздерің «Реферат» деп мәтіндік текстін жазып, безендіріңдер.
- Қорытынды бөлім
«Сөз жұмбақ»
1 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Т | е | р | е | з | е | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ш | е е | к | а | р | а | л | а | р | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
ж | ұ | м | ы | с | 3 | а | й | м | а | ғ | ы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
м | е | н | ю | 4 | ж | о | л | ы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
т | а | қ | ы | р | ы | п | 5 | ж | о | л | ы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
ж | ү | й | е | л | і | к | 6 | б | е | л | г | і | ш | е | с | і | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
а | й | н | а | л | д | ы | р | у | 7 | ж | о | л | а | ғ | ы | |||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
қ | а | л | ы | п | * | к | ү | й | 8 | ж | о | л | ы | |||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
б | а | с | п | а | 9 | б | а | т | ы | р | м | а | с | ы | ||||||||||||||||||||||||||||
Сұрақтары:
- Windows ортасының негізгі ұғымы. Жақтаулармен шектелген экранның төртбұрышты сигменті.
- Терезелерді төрт жағынан қоршап тұрған жақтауларды не деп атаймыз?
- Объектілер орналасқан терезенің ішкі аймағы.
- Тақырыптың төменгі жағында командалар аты жазылған көлденең жолақ бар, ол қалай аталады?
- Терезенің ең жоғарғы шекарасының астында бірден терезенің аты көрсетілген төртбұрыш орналасқан жолды қалай атаймыз?
- Тақырып жолының сол жағында қандай белгіше орналасқан?
- терезеннің жанында орналасқан сырғытпаны басқаш қалай атаймыз?
- терезенің астыңғы бөлігіндегі ұзын жолақты қандай жол деп атаймыз?
- Құжатты принтерге шығару функциясын орындайды, ол қандай батырма.
- Үйге тапсырма.
Word- тың графикалық мүмкіндіктері.
Мәтіндік құжатқа графикалық кескіндерді кірістіру тақырыбын оқып келесіңдер.
VII. Бағалау.