Программалау тілі
Сабақтың тақырыбы: Программалау тілі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Программалау тілі тақырыбы бойынша оқушылардың алған білімдерін тексеру.
Дамытушылық: Оқушыларды осы тақырыпты пайдалана отырып логикалық және фантазиялық ойлау қабілеттерін арттыру, танымдық белсенділіктерін арт-тыру, іздендіру.
Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылын арттыру, еңбекке баулу.
Сабақтың типі: жарыс сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: буклеттер, нақыл сөздер, кроссворд, тест сұрақтары.
Сабақтың өтілу жоспары:
- «2030 жылғы сапар» ойыны.
- Сайыс «тест сұрақтары».
- Сайыс «жарыс — жаттығу»
- «Полиглот» капитандар сайысы.
- Сайыс «ойлан, шеш» (кроссворд шешу)
- Сайыс «күлдіргі жұмбақ есеп шешу»
- Сайыс «әр қолда өзінің ісі»
Сынып екі топқа бөлінеді: «Принтер» тобы, «Сканер» тобы.
«2030 жылғы сапар» ойыны.
Болашаққа қол жеткізу мақсатында «2030 жылға сапар» ойыны ойнатылады. Артында есеп (сандарды екілік және ондық санақ жүйесінде көрсету керек; берілгендерді Бейсик тілінде, кәдімгі математика тілінде жазу керек; блок-схема құрып, бағдарлама жазу керек) жазылған карточкалар (сыртында орман, тау, жазық,көл т.б. суреттер бар) тақтаға ілінеді. Яғни бұл 2030 жылға жету үшін осылардан өту керек дегенді дегенді білдіреді. Ең соңғы карточканың сыртында төбесінде ту тігілген қазақтың шаңырағының суреті. Ол карточканы алғанда артында «2030 жылға хош кепілсіз» деген жазу болады.
«Принтер» тобы:
- 1610=?2
110012=?10
- y=3m2+3n2+(n+m)2
k=3*x*(2*A+5) – SIN (2*x)
- y=- tg x
«Сканер» тобы:
- 1710=?2
110002=?10
- y=(k+a)3+7(k2+a2)+1
k=TAN(5*x)+7*A*(3*X+1)
- y=cos a +
Сайыс «Тест сұрақтары».
Жалпы сынып оқушыларына таңдау тесті (ауызша) ұсынылады.
- Бейсик тілінде программа дегеніміз не?
А) тізбектелген жолдардың жиынтығы;
В) тізбектелген символдың жиынтығы;
С) оператор және түсініктемелік сөзден құралған тізбекті қатарлардың жиын-тығы.
- Вирус қай кезде жұғады?
А) ойын ойнағанда;
В) вирус жұққан дискетті пайдаланғанда;
С) дискетті көп пайдаланған кезде;
- Ақпарат дегеніміз не?
А) кітаптар мен оқулықтар;
В) қоршаған ортадағы кез келген ұғым;
С) математикалық формулалар.
- WINDOWS дегеніміз не?
А) операциялық жүйе;
В) текстік редактор;
С) графиктік редактор;
- Үлкен әріптерді басуда қандай пернені қосамыз?
А) Num Lock
- B) Caps Lock
- C) Insert
- 1,2,4,8 сандарының тізбегі берілген. Келесі санды көрсет:
А) 48;
В) 32;
С) 16.
- Ондық санау жүйесіндегі 2 санын екілік санау жүйесінде қалай жазы-лады?
А) 11;
В) 01;
С) 10,
- Компьютерге мәліметтер енгізу құрылғысы:
А) принтер;
В) клавиатура;
С) монитор.
- Х санынан арифметикалық түбір табатын стандартты функцияны көрсет:
А) SQR (X)
B)ABS (X)
- C) INT (X)
Сайыс «жарыс – жаттығу».
Әр топтан бір-бір оқушы шығып, тапсырманы тез орындау керек. Берілген есептерге блок – схема және бағдарлама құру керек.
Принтер тобы:
c = |x3 – 5x|
z = a2 + b2
Сканер тобы:
c = |x2 – 4x|
z = a3 – b3
«Полиглот» капитандар сайысы.
Әр топтың капитандары тақтаға шығып, сұрақтардың жауабын қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жазу керек.
- Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде енгізу қаулысы қабылданды.
- Мәліметтерді компьютерде терген соң, оны баспаға шығару керек.
- Бұл оператор арқылы бағдарламаның қай тапсырманыкі екенін білуге болады.
Сайыс «Ойлан, шеш» (кроссворд шешу).
Әр топтан бір оқушы шығып тақтаға крссвордты шешу керек.
- Вирустың кері әсерін жоятын программа.
- Белгілі бір атпен жазылған мәліметтер жиыны.
- Ақпаратты өңдеу құрылысы.
- Қағаздағы мәліметтерді компьютерге енгізу құрылғы.
- Дүние жүзілік компьютер арасындағы байланыс ортасы.
- Жыпылықтап тұратын тік сызықша.
- Информацияның өлшем бірлігі.
- Мәліметтерді қағазға басып шығару құрылғысы.
- Бос орын қалдыру пернесі.
Сайыс «Күлдіргі жұмбақ есеп шешу».
- Самолет А дан В қаласына дейінгі қашықтықты 1 сағат 20 минут ұшып өтті, ал қайтар жолда 80-ақ минут ұшты. Бұл қалай?
- Қаз бір аяғымен тұрса салмағы 12 кг болады, ал екі аяғымен тұрса ше?
- Математик кішкентай қалашыққа тоқтады да, шашын қырықтырмақшы болды. Қалада тек екі шаштараз бар. Бірінші шаштараздағы шебердің шашы онша жақсы қырқылмаған. Математик қай шеберге барады?
- Дәрігер ауру адамға 4 дәрі беріп: «әрқайсысынан әрбір жарты сағатта ішіп отырыңыз»,-деп кетті. Дәрілерді ішіп бітіруге ауру адамның қанша сағат уақыты кетеді?
- 50-ді ½- ге бөліп 3-ке қоссаңдар, нәтижесінде қанша шығады?
Сайыс «Әр қолда — өзінің ісі».
Әр топтан бір-бір оқушы тақтаға шығып, екі қолына да бор берілді. Тапсырма: сол қолмен үш үшбұрыш, ал оң қолымен шеңбер салу керек.
Әр топтың ұпай саны белгіленіп, жеңіске жеткен топқа орын беріледі. Оқушыларды бағалау жүргізіледі.
Үйге тапсырма: (Өздері ойдан есеп құрастырып, оған бағдарлама құру керек).