Paint графикалық редакторында, үзінділермен орындалатын әрекеттер бойынша суреттер салу
Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторында, үзінділермен орындалатын әрекеттер бойынша суреттер салу
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: Оқушыларға Paint графикалық редакторының мәнін,
оның жүктелуі және элементтері туралы түсінік беру,
оларды біліми белсенділікке, техникалық шеберлік пен
ұқыптылыққа баулу.
- Дамытушылық: Өз бетінше жұмыс істеуге дағдысын қалыптастыра
отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту, компьютерді пайдалана отырып сурет салуға үйрету.
- Тәрбиелік: Оқушылардың компьютерге деген қызығушылықтарын
арттыру, еңбекке тәрбиелеу, халықтық тағылымдарды сурет арқылы бейнелеуге тәрбиелеу.
Сабақ типі: Қорытынды сабақ
Сабақ көрнекілігі: Компьютер, Paint графикалық редакторының терезесі,
дидактикалық материалдар, тест, тосын сый.
Пәнаралық байланыс: Сурет, бейнелеу
Сабақ жоспары:
- Ұйымдастыру кезеңі. (Оқушыларды түгендеу)
- Сабақ барысы:
Бүгінгі Paint графикалық редакторында үзінділермен орындалатын әрекеттер бойынша суреттер салу қорытынды сабағымыз келесі турлардан тұрады:
1 – тур. Компьютерлік тест
2 – тур. Сұрақ жауап
3 – тур. Суреттер сайысы
4 – тур. ВЕНН диаграммасы
1 – тур Оқушылар алдын ала компюьтерде дайындалған 10 сұрақтан тұратын тест тапсырады. Мұнда тестің дұрыстығын компюьтер тексеріп оқушыларды бағалайды. (Берілетін уақыт 10 минут)
2 – тур Оқушылар сұрақтар жасырылған тапсырмалар беріліп, қойылған сұрақтарға толық жауап сұралады.
- Paint қандай оператор?
- Paint операторын қалай іске қосамыз?
- Paint операторының жұмыс аланы неше бөлімнен тұрады?
- Құрал саймандар тақтасында қанша әрекет орындауға болады?
- Түстер палитрасы көмегімен қанша түсті тандауға болады?
- Үзінділермен қандай әрекеттер орындауға болады?
- Суреттің үстіне мәтін қосу үшін, қандай әрекеттер орындаймыз?
- Суреттерді қалай сақтаймыз?
- Сақталған суреттерді қалай ашамыз?
3 – тур Оқушылар таңдап алынған тапсырмалар бойынша Paint графикалық редактор терезесінде, жұмыс столында орналасқан «Тосын сый» қапшығынан қажетті үзіндіні таңдап алып, үзінділермен орындалатын әрекеттер ретімен суреттер салуға кіріседі.
№ 1 тапсырма
Жұмыс столында орналасқан «Тосын сый» қапшығынан қажетті үзіндіні таңдап алып, үзінділермен орындалатын әрекеттер бойынша «Аквариум» тақырыбында бірнеше және әр түрлі балықтардың суретін кескіндеп, суретті қағазға басып шығар.
№ 2 тапсырма
Жұмыс столында орналасқан «Тосын сый» қапшығынан қажетті үзіндіні таңдап алып, үзінділермен орындалатын әрекеттер бойынша «Аққалалар» тақырыбында бірнеше аққаланың суретін кескіндеп, суретті қағазға басып шығар.
№ 3 тапсырма
Жұмыс столында орналасқан «Тосын сый» қапшығынан қажетті үзіндіні таңдап алып, үзінділермен орындалатын әрекеттер бойынша «Жаңа Жыл шыршасы» тақырыбында шырша суретін кескіндеп, жаңа жылдық ойыншықтармен безендіріп, суретті қағазға басып шығар.
№ 4 тапсырма
Жұмыс столында орналасқан «Тосын сый» қапшығынан қажетті үзіндіні таңдап алып, үзінділермен орындалатын әрекеттер бойынша «Көбелектер» тақырыбында бірнеше көбелектің суретін кескіндеп, суретті қағазға басып шығар.
№ 5 тапсырма
Жұмыс столында орналасқан «Тосын сый» қапшығынан қажетті үзіндіні таңдап алып, үзінділермен орындалатын әрекеттер бойынша «Қазақтың ою — өрнектері» тақырыбында ою — өрнектер суретін кескіндеп, суретті қағазға басып шығар.
4 – тур Оқушылар ВЕНН диаграммасы бойынша бүгінгі сабақты қорытындылай отырып, сурет сабағы мен Paint графикалық редакторының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдап көрсетеді.
ВЕНН диаграммасы
- Сабақты қорытындылау. (Оқушыларды бағалау)
- Үйге тапсырма. «Жаңа жыл» тақырыбына сурет
әзірлеп келу.