Microsoft Word мәтіндік процессорының графикалық мүмкіндіктері
Сабақтың тақырыбы: «Microsoft Word мәтіндік процессорының графикалық мүмкіндіктері»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылар MS Word мәтіндік процессорымен жұмыс істеуді, графикалық мүмкіндіктерін, яғни сурет кірістірудің бірнеше мүмкіндіктерімен танысады, үйренеді;
Дамытушылық: Оқушылардың WORD редакторымен жұмыс істеу дағдысы
қалыптасады, пәнге деген қызығушылығы, шығармашылығы артады;
Тәрбиелік: Оқушылар ізденімпаздыққа, жауапкершілікке және компьютерлік сауаттылыққа тәрбиеленеді.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: СТО технология
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, слайдтар, сыни тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары, таратпа тапсырмалар;
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері | Мұғалім іс – әрекеті | Оқушы іc — әрекеті |
Қызығушылықты ояту | Амандасады, сыныпты түгендейді. Тәуелсіздікке арналған слайд, Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған 20 игі іс туралы айтады. | Кезекші оқушыларды түгендейді. Оқушылар Тәуелсіздік туралы білгендерін айтады. |
Мағынаны ажырату | Жаңа тақырып слайдтар көрсетеді, практикалық компьютерде тапсырмалар таратады. | Жаңа тақырыппен танысып, практикалық тапсырмаларды орындайды. |
Ой – толғаныс | Әр оқушы жасаған жобаларын, яғни Тәуелсіздікке арнап шығарған газеттерін қорғайды. |
Бағалау: Жасаған жобаларына сәйкес бағалау.
Үйге тапсырма: 7 тарауды қайталап оқу, тақырып соңындағы практикумдарды орындау.