Құжат беттерін рәсімдеу

Құжат беттерін рәсімдеу

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды пәнге қызықтыру. Логикалық ойлаумен шапшаңдық қасиеттерін дамыту, танымдық қабілеттерін арттыру.

Сабақ барысы:

 

Құрметті оқушылар! Көктемнің келуімен, құстардың жылы жаққа оралуымен, қар астынан бәйшешек бой кутеруімен  байланысты сайысымызды бастаймыз. Сайысқа түскелі отырған екі қарсылас топтың білімдері мен тапқырлықтарын сынағалы жиналдық.

 

Сайыс барысында оқушылар екі топқа бөлініп, жарысады.

 

Сайыс бірнеше турдан тұрады.

І.  Сұрақ жауап

ІІ. Сөзжұмбақ шешу

ІІІ. Құжат бетін әзірлеу

 

 

І. Сұрақ жауап.

 

  1. Комьпютердің құрамына кіретін құралдарды атаңдар (монитор, жүйелік қорап, пернетақта, тінтуір, мәтіналғы, басып шығарғыш, модем,колонкалар)

 

  1. Компьютерді қалай қосады?

(Егер компьютер үздіксіз қорек көзі құрылғысы (UPS) арқылы қосылған болса, онда оны комьпютерге кернеу жеткізу режіміне ауыстыру қажет. Ал егер комьпютер тұрақтандырғыш арқылы қосылған болса, сол тұрақтандырғышты қосу қажет.

Осыдан кейін

  • компьютердің мониторын;
  • өзіңіз жұмыс істегіңіз келетін шеткері құрылғыларды (басып шығарғыш, сыртқы модем, мәтіналғы және т.б)
  • жүйелік қорапты қосу керек.

Осыдан кейін компьютер бейне бетінде компьютердің жабдықтарын тексеру және амалдық жүйені бастапқы іске қосу бағдарламаларының жұмыс барысы жөніндегі хабарламалар пайда болады)

 

  1. Компьютерді қалай өшіреді?
  • (Жұмыс істеп тұрған бағдарламаларды аяқтау;
  • Windows XP амалдық жүйесінде Бастау батырмасын басқан кезде шығатын мәзірден Өшіру немесе Комьпютерді өшіру әмірін, ал пайда болған сұратудан — өшіру батырмасын немесе жұмысты аяқтау тармағын таңдау (компьютер қорек көзінен амалдық жүйе арқылы автоматты түрде ажыратылады, қоректендіру батырмасын басу қажет емес);
  • Басып шығарғышты және компьютерге қосылған өзге де шеткері құрылғыларды (сыртқы модем, мәтіналғы және т.б) өшіру;
  • Компьютердің мониторын өшіру;
  • Егер компьютер үздіксіз қорек көзі құрылғысы арқылы қосылған болса, ондағы компьютерге қорек беру режімін өшіру қажет. Ал егер компьютер кернеуді тұрақтандырғыш арқыл қосылған болса, сол тұрақтандырғышты өшіру қажет.)

 

Тапсырма  1:

 

  1. Титульный бетті әзірлеңіз.

 

  1. Жаңа құжат ашыңыз. Ашылған құжаттың ішіне «Көктем» туралы  өлең жазыңыз.

 

 

ІІ.  Сөзжұмбақ сұрақтары.

 

  1. Айналдыру жолағында кішкене шаршылар болады оны не деп атаймыз?
  2. Word бетін ашу үшін бірінші қолданатын амал?
  3. Құжаттың өрістерін және өрістерден шегінуді белгілеуге не арқылы болады.

 

  1. Қандай сызықты қолданып ішінде қозғалып жүруге мүмкіндік береді.
  2. Ақпаратты іздеуге, жинауға, сақтауға арналған құрылғыны не деп атаймыз?
  3. Комьпютерде ақпараты еңгізу және оның жұмысын басқару үшін нені қолданамыз?
  4. Мәтіндік және сызбалық ақпаратты бейнелеуге, пайдаланушы мен комьпютер арасындағы байланысты на арқылы көруге мүмкіндік береді.
  5. Мәтіндік және сызбалық ақпараттың сандық көшірмесін жасайтың құрылғы?
  6. Пайдаланушының сызбалық тілдесуінде көрінетін бағдарламалар мен файлдарға арналған, бейне бетте кеңсе қалтасына ұқсайтын белгіше түрінде көрініс табатын сауыты не деп атаймыз

 

 

 

ІІІ. Құжат бетін әзірлеу.

 

Тапсырма:

Әр топ өз алдына, өздерінің өнерлеп сынып тізімін, спорт секторын, топ басшысын, тазалық секторын, мәдениет секторын, оқу секторынын тізімін жасауы керек.

 

Қорытынды: Ал балалар  сендер сайысымыздың барлық тапсырмаларын орындадыңдар.

Осымен біз сайысымызды аяқтап, оқушыларды көктемгі демалыстарын қызықты өткізуге тілектеспіз.

                                    

 

 

Рахмет! Сау болыңыздар!