Шамалармен жұмыс жасау алгоритмі (практика)
Шамалармен жұмыс жасау алгоритмі (практика)
Сабақтың мақсаты:
- оқушыларды шамалар типтерімен жұмыс жасауын жалғастыру;
- информатиканы оқытуда қазақ этнопедагогикасы элементтерін пайдалана отырып есеп шығару барысында шамалар типтерін тиісінше қолданып, программа құруға үйрету;
- жауапкершілікке, компьютерлік сауаттылыққа баулу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі.
Өткізу формасы: аралас сабақ – түсіндіру, есептер шығару.
ОТҚ: проектор, дербес компьютер.
Программалық жабдықтар: Turbo Pascal программасы, жұмыс дәптері: Квадрат теңдеулер 8 сынып
Сабақ барысы | Әдістемелік түсініктеме |
1. Ұйымдастыру | Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту |
2. Өткен сабақты пысықтау 1) Мәліметтер типі деген не? 2) Мәліметтер типтеріне мысал келтір. 3) Келесі стандарттық функцияларды Паскаль тіліне көшіріп жаз: Sin x, cos x, tg x, ,, , ln x, ex , x3 | Оқушылардың жауаптарын толықтырып, қорытынды жасау. |
3. Eсептер шығару 1. есеп. Мендегі қой санын өз-өзіне көбейтсе, сол қой тұяқтарынан 15-ке кем сан шығады. Менде қанша қой бар? Х-айнымалысы ретінде мендегі қой санын белгілеп, әр қойда сегіз тұяқ болатынын ескерсек, квадрат теңдеу құрастыруға болады. Қой санын өзіне көбейтсе (х*х) өрнегін, тұяқтар санына қатысты (8х) өрнегін аламыз, ал бұл өрнектер мәндерінің айырымы 15-ке тең болуы керек. Сонымен х2 =8х-15. Программа құрастырайық: program esep1; uses crt; var a,b,c,x1,x2,d:real; begin a:=1; b:=-8; c:=15; d:=(b*b)-4*a*c; x1:=((-b+sqrt(d))/2*a); x2:=((-b-sqrt(d))/2*a); writeln(‘x1=’,x1:2:2,’x2=’,x2:2:2); readkey; end. Теңдеудің екі шешімі бар 3 немесе 5 қой. 2. есеп. «Шапқыншылардың барлаушыларын байқап қалған қарауыл басшысының: «олардың бір қылышына біздің төрт қылыш қарсы, тірідей ұстайық бұларды», — деген сөзін есепсіз жүре алмайтын сарбаздардың бірі: «жаудың қолы дәл соншаға еселенгеннің өзінде бізде үш қол артық» деп қостады. Күштерді бағала…». Математика тіліне көшу үшін «олардың қылыш санын» х десек, бізде — (4*х) қылыш болуы керек. «Жаудың қолы дәл соншаға еселенсе» олардың саны (х*х), сонымен қатар, бұл сан (4*х)-тен үшке кем. Ендеше келесі квадрат теңдеу бұл есептің моделі табылады: х2=4*х-3 немесе х2 -4*х+3=0 . program esep2; uses crt; var a,b,c,x1,x2,d:real; begin a:=1; b:=-4; c:=3; d:=(b*b)-4*a*c; x1:=((-b+sqrt(d))/2*a); x2:=((-b-sqrt(d))/2*a); writeln(‘x1=’,x1:2:2,’x2=’,x2:2:2); readkey; end. Теңдеудің екі шешімі бар: 1 және 3, яғни жауап: барлаушылар-үшеу, ал қарауылда 12 адам, немесе бір барлаушы және 4 қарауыл. 3. есеп. Дихан атайдың шөбересі мен шөпшегінің жастарының көбейтіндісі баласының жасының онындай. Аталардың әрқайсысы алдыңғысынан 20 жасқа кіші екені белгілі болса Дихан атайдың немересі нешеде? Есепті шығару үшін жеті атаның атауы мен орналасу тәртібін білу керек. Ізделінді белгісізді, яғни немеренің жасын х деп белгілесек (х-20)(х-40)=(х+20)*10 теңдеудің аламыз, мұнда (х-20) – шөбере жасы, (х-40) – шөпшек жасы, (х+20) – баласының жасы. Х2 -70*х+600=0; program esep3; uses crt; var a,b,c,x1,x2,d:real; begin a:=1; b:=-70; c:=600; d:=(b*b)-4*a*c; x1:=((-b+sqrt(d))/2*a); x2:=((-b-sqrt(d))/2*a); writeln(‘x1=’,x1:2:2,’x2=’,x2:2:2); readkey; end. Квадрат теңдеудің екі түбірі бар х1=-10, x2=60. Бірінші түбір нақтылыққа сай емес, ендеше немересі 60 жаста. 4. Бағалау. 5. Үй тапсырмасы: Еркін күнделігіндегі апта күндеріне қарап отырып: -Дүйсенбі мен сейсенбінің «көбейтіндісі» жұмаға тең болса, дүйсенбі айдың нешінші жұлдызы?, -деп сұрады досы Ермектен. Бұған Ермек: -Білмеймін, менің білетінім – бұл айдың отызыншы жұлдызы – менің туған күнім, дүйсенбіге келеді, — деп жауап қайтарды. Екеуінің де есептері дұрыс болуы мүмкін бе? Программа құрастырындар. Түсініктеме. Дүйсенбі мен сейсенбінің көбейтіндісін былай түсіну керек: дүйсенбі 5-і болса, онда сейсенбі 6-сы және жұма 30-ы (5*6) болуы керек. | Этнопедагогика элементтерін пайдалану арқылы оқушылардың математикалық және информатикалық білімдері мен дағдыларын жетілдіру
Жұмыс нәтижесін бағалау, белгі қою.
|