Қадыр Мырза Әли -ақын. Болымды етістіктер мен болымсыз етістіктер
Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Ы.Алтынсарин атындағы ЖББОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Р.А Утешева
Сабақ тақырыбы: Қадыр Мырза Әли -ақын.
Болымды етістіктер мен болымсыз етістіктер
Мақсаты:
а) Білімділік: Қимыл, іс — әрекеттің болу — болмау мүмкіндігіне қарай етістіктің болымды және болымсыз болып бөлінуін, жасалуын өз бетінше тұжырым жасау арқылы меңгерту, оларды салыстыра оқытып, мағыналық айырмашылығына көңіл бөлу;оқушыларға еліміздің ақиық ақыны Қадыр Мырза Әли өмірі мен шығармашылығы туралы жалпы түсінік беру. Адамгершілік, ақындық қасиеттерін таныту және тіл шеберлігін ұғындыру.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың ой тұжырымдарын, әдеби тіл байлықтарын, есте сақтау қабілеттерін, көркем сөз оқу шеберлігін дамытукөркем жазуын дамыту. Сөздік қорын молайту және тіл дамыту.
б) Тәрбиелік: Ақын – жазушылардың жалпы өнерін құрметтей білуге, басқа да ұлы адамдардың көзқарасын сыйлай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың міндеттері: Зейін қойып тыңдау, мәнерлеп оқу, мазмұндама беру, өнегелі білім алу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі:топпен жұмыс, ойын, проблемалы ізденіс, талдау, сұрақ — жауап, байқау.жазушының өмірбаяны, мәтін, мәнерлеп өлеңдер оқу, қанатты сөздер мен өлең талдау, тест.
Сабақтың көрнекіліктері:дидактикалық материалдар, таратпалар, слайдтар, сурет, және өлең жолдары жазылған қағаздар.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті.
Қолданылатын инновациялық технологиясы: СТО элементтері
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі.
(оқушылармен амандасып, оларды түгендеу).
- Үй тапсырмасын тексеру.
3. Өткен тақырыпты пысықтау.
1. «Олжалы бестік» ойыны. 5 сөз дайындап, олардың артына сұрақ жасыру және бір сөздің артына тек қана «5» бағасын қою.
1. «Мықты болсаң, тауып көр»- Үнемі көмекші етістік болатын етістіктерді ата.
2. «Жүйрік болсаң, шауып көр» — Көмекші етістік дегеніміз не? Мысал келтір.
3. «Ойлы болсаң, озып көр»- Етістік құрамына қарай нешеге бөлінеді?
4. «Алғыр болсаң, алып көр»- Құттықтаймын, сен «бестік» бағасын алдың!
5. «Зерек болсаң, айтып көр» — Етістік тұлғасына қарай нешеге бөлінеді? Мысал келтір.
«Тірек мәтін» техникасы бойынша етістік түрлерін сызбаға түсіру:
дара негізгі
күрделі етістік туынды
- Сабақтың мақсатын қою.
Күн ретін, сабақ тақырыбын хабарлау.
5. Жаңа сабақ.
а) Мұғалімнің сөзі.
ә) Тақтамен жұмыс.
Ақынның тек өз өлеңдерінен ғана тұратын жеке жыр табағы жарық көрді.Жан — жануарлардың азығы қардың астында қалды.
Ой тастау.
Балалар, бұл сөйлемдерде өздерің байқағандай іс — әрекет жүзеге асты ма? Берілген сөйлемдерде не айтылады?
Ал енді бұл сөйлемдердегі іс — әрекет жүзеге аспаса, сөйлемді қалай құрар едіңдер?
Тыйым сөздермен жұмыс.
Балар, қазақтың ырым, тыйым сөздері — кез келген адамды жамандық жасамауға, әдепті болуға үйрететін тәлімі мол сөздер. Ендеше, тыйым сөздер айтып көрейік.
Бос бесікті тербетпе.
Малды теппе.
Үй ішінде ысқырма.
Көпке топырақ шашпа.
Жібер – жіберме
Қаз – қазба
Шақыр – шақырма
Төз – төзбе
Тізеңді құшақтама!
Құр бесікті тербетпе!
Бүйіріңді таянба!
Үлкен кісінің алдын кесіп өтпе!
б) Тұжырым жасау.
Демек, іс — әрекеттің жүзеге асу — аспауына қарай етістік болымды және болымсыз етістік болып екіге бөлінеді.
Болымды етістік қимыл, іс — әрекеттің жүзеге асуын білдіреді. Мысалы, келді, жүрді, сөйледі т. б.
Болымсыз етістік қимыл, іс — әрекеттің жүзеге аспауын білдіреді.
Болымсыз етістіктің жасалуына назар аударайық.
1. Болымсыз етістік негізгі немесе туынды түбір етістіктерге – ма, — ме, — ба, — бе, — па, — пе жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, айт+па, қал+ма, ойна+ма, суар+ма, азсын+ба т. б.
2. Етістіктің есімше тұлғасы мен «жоқ», «емес» сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы, өшірген жоқ, өшірген емес т. б.
Болымды, болымсыз етістікті орыс тілінде мына түрде кездестіруге болады: сказал — не говорил, писал – не писал, спала — не спала. Бұлар орыс тілінде положительная форма глагола және форма отрицание глагола болып келеді де, «не» предлог арқылы жасалады.
Сондай — ақ, ағылшын тілінде де сәйкес келеді. Мысалы, Do you speak English?
No. I do not speak English. Мұндағы іс — әрекеттің жүзеге аспауын «not» сөзі арқылы білеміз.
Сондай — ақ болымсыз етістік жұрнақтары зат есім тудырушы жұрнақтармен омонимдес болып келеді. Оларды қалай ажыратуға болады? Болымсыз етістік жұрнағына екпін түспейді, ал зат есім тудырушы жұрнаққа екпін түседі. Мысалы, көр — ме, көр+ме, шал+ма,
ІІІ. Оқулықпен жұмыс «Ой толғаныс»
1.Тақтамен жұмыс. Сөйлескен жоқ,келген емес,көрген емеспін,сезген жоқсың деген сөз тіркестеріне сөйлем құрап жазу. Аз,айт,ас,бақ,ем,жар,жаз,ес,и,илан,сөйлес,жи,шай,сыз,кет,бас,өлше,қал,үз,соз, үр,жүз болымсыз етістік жаса.
2.2-жаттығу Оқулықпен жұмыс. Синтетикалық бөлім (Операциялық –орындаушылық кезең) Мәнерлеп оқу, көшіру, етістіктердің астын сызу. «Жеті» өлеңін оқу. Өлеңнің авторы кім? Көрнекілік стратегиясы. а) Өз бетімен тақырыпты меңгеру.
- 1935 жылы 5 қаңтарда қадір Ғинаят МырзалиевОрал облысының Қаратөбе ауданы жымпиты ауылында дүниеге келген.
- 1952 жылы Қ.Мырзалиевтің тұңғыш өлеңі қандай аудандық «Қызыл ту» газетінде жарияланды.
- 1953 жылы екінші өлеңі …… «Екпінді құрылыс» (қазіргі «Орал өңірі» газеті) жарық көрді
- 1959 жылы «Көктем» деп аталатын кітабы жарияланды.
- 1966 жылы Қ.Мырзалиев республика комсомолы сыйлығына ие болды.
- 1980 жылы Қазақ КСР-інің Мемлекеттік сыйлығына ие болды.
б) 1-жаттығу ,157 бет Мәтін бойынша 2 сұрақ дайындау.
- Жаңа теориялық білімді практика жүзінде пысықтау
Берілген етістіктерге сұрақ қойып, болымды екенін дәлелдеу, жұрнақ жалғап болымсыз етістік құрастыру
Көру диктанты (4- жаттығу,158 бет)
- Мақалдарды жатқа жазу, болымды, болымсыз етістіктердің астын сызу, сөз құрамына талдау.
1-нұсқа 1-мақал 2-нұсқа 2-мақалды
Атаңның баласы болма, Киіміңе мақтанба,
Адамның баласы бол. Біліміңе мақтан.
ҮІ.Үй тапсырмасы. Нәтижеге бағытталған кезең .Деңгейлік тапсырмалар орындау.
Өзіндік жұмыс (деңгейлік тапсырмаларды орындау, ашық журнал парағын толтыру) 1-деңгей. Семантикалық картаны толтыр:
Етістік | Болымды етістік | Болымсыз етістік |
жинады | жина | Жина+ма |
есептемеді | ||
дірілдейді | ||
сыбырлады | ||
азаймайды | ||
сескенбе | ||
кіріп келді | ||
оятты | ||
қақпа | ||
тазалама |
2-деңгей Сызба бойынша сөзді түрлендір:
Түбір сөз болымды етістік болымсыз етістік Ой- Көркем-_ Тегіс— Тұз —
3-деңгей Болымсыз етістік пен сұраулы сөйлемді салыстыр, қорытынды жаса Үйілген сұр төбешік күл ме? Досыңды мұқатып күлме. Көліктен секіріп түспе. Жылтыраған қызыл түс пе?