Күзгі ауыл шаруашылығы
Сабақтың тақырыбы: Күзгі ауыл шаруашылығы.
Сабақтың мақсаты: 1. Күзгі ауыл шаруашылығында өткізілетін жұмыстар жайлы айту 2. Нан туралы айта отырып оқушылардың жан – жақты білімдерін, өмірге деген көзқарастарын дамыту. 3. Нанды қадірлеуге, диқан еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ типі: Аралас.
Сабақ әдістемелік тәсілі: әңгімелесу, көрнекілік, сарамандық
Сабақ қолданбалы көрнекілік: суреттер, нан
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: — Оқушының сабаққа даярлау- Бір-біріне жақсы тілектер айту
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өзіне-өзі қызмет ету.Мектепке қалай дайындаласың?Киімді күту. (Тазалықтарын тексеру)
ІІІ. Жаңа сабаққа мақсат қою:-Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Күзгі ауыл шаруашылық жұмыстары» деп аталады.—Көктемде ауыл шаруашылықта қандай жұмыстар жүргізеді?—Күзде ауылшаруашылықта не өзгереді?—Балалар, ауыл шаруашылығы еңбегі сендердің үй, бақша өсімдіктері мен үй құстарын, жас төлдерді күтулеріңнен басталады.Ауылдағы, мектеп үлескісіндегі, бау-бақшадағы тигізетін көмектерің де осы еңбек түріне жатады.
ІҮ.Жаңа сабақ:1 Нанның егістіктен дүкенге дейінгі жолы.2Күзде егін орады.3Астықты элеваторға жөнелтеді.4Нан зауытында ұннан нан пісіреді.5Машиналар нанды дүкенге жеткізеді6Дүкенде түрлі нан өнімдерін сатады.
Ү.Бекіту сабағы (практикалық бөлім):1Бидай отырғызу.2Құмыраға топырақ саламыз.3Бидайдың 4-5 дәнегін топыраққа көшіп қоямыз.4Сынып ішінде әлгі отырғызылған бидайға су құйып, жарық жерге қойып, баптап күтеміз.5Бірнеше күн бақылаймыз.
ҮІ.Қорытынды бөлім:1Күзгі ауыл шаруашылығы жайлы не түсіндің?2Нан қайдан келеді?3Бидайды жылдың қай мезгілінде отырғызады?
VIIІ. Үйге тапсырма беру,бағалау:Үйден егістік алқабындағы жұмыс.Суретін салу.11-12 бет оқу.