Табиғи материалдардың түрлері
5.Сабақтың тақырыбы: Табиғи материалдардың түрлері
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды табиғи материалдың түрлерімен таныстыру. 2. Табиғи материалдардан жасалатын бұйымдарды көрсету арқылы оқушылардың жан- жақты білімдерін дамыту. 3. Оқушыларды ұқыптылыққа, реттілікке баулу.
Сабақ типі: Аралас.
Сабақ әдіс түрі:
Сабақ көрнекілігі: табиғи материалдар шөп, жапырақ, бүр, жаңғақ. т.б.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. — Оқушыларды сабаққа даярлау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Үлескідегі жұмыс. 1. Қай айда жапырақтар өте көп түседі?
- Күзгі жұмыстарға қандай құралдарды пайдаланады?
ІІІ. Жаңа материалдармен таныстыру: Бүгінгі өтетін сабақтың тақырыбы: Табиғи материалдар түрі. Табиғи материалдарға нелер жатады? Табиғи материалдардан қандай бұйымдар жасалынады?
- IV. Жаңа сабақ.
Табиғи материалдар: шөп, жапырақ, бүр, жаңғақ түрлері, құс қауырсыны, ұсақ тас, бұтақ көкөніс және ағаш жатады. Ағаш тамыры мен бұтақтарының пішіні әр түрлі болады. Кейде олардың пішіні аңға ұқсап кетеді.Байқадыңдар ма?
- Практикалық бөлім
Жапырақтан қоянның бейнесін жапсыру
- Басы.
- Құлақтары. (2).
- Денесі.
- Қолы. (2).
- Аяқтары. (2).
- Қорытынды бөлім:Оқушылардың жасаған жұмыстарынан класс көрмесін ұйымдастыру.
VII. Үйге тапсырма беру.Табиғи материалды жина.
VIII. Бағалау.