Жапырақтан құрамақ жасау. Жұмыстың орындалу реті.
6-1.Сабақтың тақырыбы: Жапырақтан құрамақ жасау. Жұмыстың орындалу реті.
Сабақтың мақсаты: 1. Жапырақтан құрамақ жасау. Жұмыстың орындалу реті жайлы түсінік беру 2. Қауіпсіздік ережесін сақта 3.Ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың мазмұны
І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.Жапырақтан құрамақ жасау. Жұмыстың орындалу реті.
ІІІ. Жаңа сабақ: Жапырақтан құрамақ жасау. Жұмыстың орындалу реті.1.Кептірілген жапырақтардан әдемі аппликация құрауға болады. Аппликация – қағаз бен матаның бетіне қағаз, мата қиықтарын, табиғи материалдарды бекіту. 2. Жұмыстың орындалу реті жайлы түсінік беру. 3. Қауіпсіздік ережесін сақтай білуге баулу.
ІҮ. Білімді бекіту: Көжектің аппликациясын құрауға қандай материалдарды пайдаландың?Аппликация деген не? Көжектің бейнесі неше жапырақтан тұрады? Қандай ағаш жапырақтарын пайдаландың?
Ү. Сабақты қорытындылау: Біз нені үйрендік?