М.Өтемісұлы «Қызғыш құс».
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ «№ 19 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП»
Әдебиет пәнінен ашық сабақ. 5 сынып .
Мұғалім: Калиева Толқын Райхановна
Сабақтың тақырыбы: М.Өтемісұлы «Қызғыш құс».
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: Махамбеттің ақындық шеберлігін таныту;
өлеңнің мазмұнын меңгертіп, тақырыбы мен идеясын
түсіндіру.
- Тәрбиелік: Оқушыларды елін,жерін,Отанын шексіз сүюге, қорғауға тәрбиелей отырып, Махамбет бойындағы ерлікті, ақындықты оқушы санасына ұялату.
- Дамытушылық: Өлеңмен жазылған шығармаларды мәнерлеп оқуларын,талдай білулерін дамыту; теориялық ұғымдарды саралай білу,өз пайымдары мен көзқарастарын білдіру,ынтымақтастықпен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру.
Сабақтың түрі : Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Ассоциация ,топтастыру, Венн диаграммасы,5 жолды
өлең,ой толғау, инсерт кестесі.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,тарих, биолигия.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу,оқушылардың сабаққа қатысын
тексеру.
ә) Сабақ мақсатымен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
А) «Ой шақыру» . Әр топқа парақ таратылады, оқушылар ақын туралы білетіндерін параққа ассоциация ретінде түсіріп,топта ой бөлісіп,оны қорғайды. (Махамбет Өтемісұлы туралы сөйлеу) .
Ә) «Өлеңім- қаруым» ақынның «Соғыс» өлеңін мәнерлеп жатқа айту, өлеңнің идеясы мен тақырыбына тоқталу.
Б) Топтастыру «Махамбет кім?»
ІІІ. Жаңа тақырып: М. Өтемісұлы «Қызғыш құс».
- Өлеңнің шығу тарихы туралы әңгімелеу;
а) өлеңді мәнерлеп жатқа оқу;
ә) өлеңнің идеясын түсіндіру.
- «Мағынаны тану» -слайд «Артық болмас білгенің»
а) «Қызғыш құс пен лашын құс» түсінік беру
ә) Сөздік жұмысы
Көл қорыған – көлді мекендеген
Лашын құстың тепкіні— көлге жолатпау
Құсалықпен өту- уайым,қайғыға түсу,өкінішпен күн өткізу
- «Тарихты білесің бе?» Жәңгір хан туралы дерек. (слайд көрсету)
- Мәнерлеп оқу. «Қызғыш құс»өлеңін әр топтан бір оқушыға оқыту.
- Тақтамен жұмыс . Өлеңді құрылысына тіліне талдау.
- «Қызығушылықты ояту » . Әр топқа тапсырма беріліп «Кім
жылдам? » ойыны ұйымдастырылады.
Тапсырма:
І топ: «Махамбет — Қызғыш құс» Венн диаграммасы.
ІІІтоп: «5 жолды өлең» тақырыпқа байланысты.
- Зат есім (1 сөз) –
- Сын есім+зат есім (2сөз) –
- Етістік (3 сөз) –
- Тұрақты сөз тіркесі –
5.Түйін (сөйлем) —
ІІ топ: «Топтастыру» -Махамбет өлеңдерінен қандай тәрбие аламыз?
ІV. Сабақты бекіту: «Еркін жазу» -Махамбет батырға хат жазу.
- Сабақты қорытындылау (рефлексия) «Инсерт»кестесін толтыру.
VІ. Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау. «Егер мен батыр болсам…» деген
тақырыпта шағын ой толғау жазу.