PAINT графикалық редакторында жұмыс істеу мүмкіндіктері Үзінділермен жасалатын жұмыстар
Сабақтың тақырыбы: PAINT графикалық редакторында жұмыс істеу мүмкіндіктері Үзінділермен жасалатын жұмыстар
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Оқушыларға Paint гафикалық редактордың
құралдарын пайдланып , жұмыс істеуді
үйрете отырып білімдерін арттыру ;
2) Дамытушылық: Paint гафикалық редакторынан алған
теориялық білімдерін тереңдетіп, практикалық
дағдысын дамыта түсу;
3) Тәрбиелілік: Эстетикалық талғамын қалыптастыру ,
нәтиже алуға және уақытты
үнемдеуге дағдыландыру
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: теориялық – практикалық
Пәнаралық байланыс: Геометрия, бейнелеу өнері
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
Оқушылардың танымдық іс — әрекетін ұйымдастыру тәсілі бойынша:
түсіндірме – көрнекі, ізденіп, проблемалық, зерттеушілік
Жабдықтау: көрнек материал (слайд, дайын суреттер), оқу
құралдары, компьютер
Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру кезеңі /оқушылардың сабаққа қатысуын және дайындығын тексеру, назарларын сабаққа аудару /
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру . /Сұрақ – жауап, компьютермен жұмыс /
Сұрақ:
- Paint гафикалық редактор программасын іске қосу үшін қандай әрекеттер орындау керек.
- Тақырып жолы деп нені атаймыз ?
- Аспаптар құралы деп нені атаймыз?.
- Сурет салу алаңы дегеніміз не ?
- Түрлі – түсті тақтасы дегеніміз не ?
Компьютермен жұмыс.
Тапсырма : Құралдар тақтасын пайдалана отырып әдемі үйдің суретін салып безендіру . Үйдің жаңына гүлдің суретін салып оны көшіріп көбейту.
1-сурет
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру
а) негізгі ұғымдар: Үзінді, белгілеу, жылжыту, көшіру, өшіру, қою, баспаға басу командалары,бағыттары.
ә) Оқушының қызығушылығын қалыптастыру тәсілдері:
Компьютерлік графика үлгілерін көрсету арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту.
Шығармашылық жұмыс :
- Пуск- Программа – MS Word текстік редактор орындауымыз керек .
Word текстік редактор — Мәзір қатары –Вставка –Клип – Картинка , осы картинканың ішінен «Арыстан» суретін таңдап аламыз . Суретті Правка – Копировать арқылы көшіріп Paint графикалық редакторға апарып коямыз , яғни Правка- Вставить осы терезеге көшіріп әкелген объект түсу керек . Ары қарай осы объектіні ерікті аймақты белгілеу арқылы кесіп алып берілген суретке кою керек .
2-сурет
ІҮ. Жаңа түсінікті тексеру.
Сұрақтар арқылы командаларды игеру нәтижесін тексеру.
1.Суретте неше элемент бар?
- Қандай жолмен жасалған?
Ү. Сабақты қорытындылау:
Жұмысты бағалау, кемшіліктер мен жетістіктерді көрсетіп айту.
ҮІ. Үй тапсырмалары:
— орындалмаған үй тапсырмаларын орындау;
— Кітаптан командалардың орындалу қызметін оқу;
— Қағазға және компьютерде сурет салу айырмашылықтарын жазу.