FrontPage қосымшасы. FrontPage функционалдық мүмкіндіктері
Сабақтың тақырыбы: FrontPage қосымшасы. FrontPage функционалдық мүмкіндіктері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға FrontPage қосымшасы, FrontPage функционалдық мүмкіндіктері туралы білімдерін жетілдіру.
Дамытушылық: Оқушыларға FrontPage қосымшасы, FrontPage функционалдық мүмкіндіктері туралы толық түсіндіре отырып, өз беттерінше жұмыс істей алуларына дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, тазалыққа, кішіпейілділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: ДК, тапсырмалар, FrontPage қосымшасы.
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ – жауап.
Сабақтың жоспары:
- Ұйымдастыру кезеңі.
- Жаңа тақырыпты түсіндіру.
- Сабақты бекіту (компьютерге отырғызу).
- Сабақты қорытындылау.
- Бағалау.
- Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа тақырып:
Өздерінің Web-беттерінде жасауға кірісу алдында бұл бөлімнің негізгі түсініктерімен және терминдерімен танысу керек. Сонымен, сайт дегеніміз не? Бүл — Web -серверде жататын беттердің НТМL пішіміндегі жиыны.
Web — сервер дегеніміз — бұл Интернетке үнемі қосылып тұратын компьютер, ол осы беттерді пайдаланушылардың сұратуы бойынша береді.
Web — торап — бұл Web -беттердің жай жиынтығынан анағұрлым үлкен. Бұл — торапты біртұтасқа байланыстыратын гиперсілтемелер жүйесі де, тораптың бірыңғай стилистикалық безендірілуі де, тораптағы ақпараттьің уақтылы жаңаруы да, жеке беттердің жүктелу жылдамдығы да және көптеген тағы басқалар. Web — тің құжаттарының кәдімгі электрондық құжаттардан негізгі айырмашылығы — гиперсілтемелері болуында. Гипермәтіндік сілтемелер Web құжатын қарап отырып, оның басқа бөлігіне немесе Web — тің басқа құжатына өтуге, немесе Интернет қызметтерінің біріне қатынауға мүмкіндік береді.
Әдетте, гиперсілтемеге сәйкес Web құжаты мәтінінің бөлігі көк түспен ерекшеленеді немесе асты сызылады. Гиперсілтемеге ауысқаңда тышқан меңзері саусағы нұсқаулы ашылған алақан пішінін қабылдайды. Егер мұндай нұсқағышпен гиперсілтемені шертсе, онда гиперсілтемеде көрсетілген адрес бойынша өту іске асырылады. Гиперсілтемеден бетке қайтқанда, көк түс шие-қызылға ауысады. Түс ауысуы пайдалаушыға «пайдаланылған» гиперсілтемелерді қадағалап отыруға мүмкіндік береді.
Үй беті (домашняя страница) дегеніміз — сұратуда Web атын көрсетіп, бірақ нақты беттің атын бермеген пайдаланушының сұратуы бойынша сервермен берілетін Web-бет. Web-тің үй беті бар файлға index.htm немесе default.htm стандартты ат меншіктеледі. Үй беті – бұл Web -тің беті, сондықтан оны жобалауға және безендіруге ерекше мән беріледі, өйткені оның негізгі қызметі — пайдаланушыға Web – тің басқа беттері мен құжаттарына өтудің ыңғайлы әдістерін ұсыну.
НТМL тілі мағынасы «гипермәндік белгілеу тілі» деп ашылады. Естілуі керемет болғанымен, іс жүзінде барлығы оңай. НТМL файлы дегеніміз — htm немесе һtml кеңейтілуі, браузерімізде (браузер — Интернеттің қарап шыққышы мысалы, Internet Ехрlоlег немесе Netscape Navigator) көретін беттің мәтіні бар кәдімгі мәтіндік файл және кейбір басқарушы жазбалар — тегтер. Көптеген жағдайларда бұл тілді білудің тіпті керегі де жоқ, сен үшін бәрін өздері-ақ жасап беретін арнайы редакторларды пайдалануға болады. Сондай редакторлардың бірі — кәдімгі Microsoft Word 2000. Әрине Microsoft Word 2000 бет жасаудың маңызды құралы деп санауға болмайды. Ол НТМL-дың мүмкіндіктерінің барлығын бірдей пайдалана алмайды, ондағы мәтіннің көрінісі де браузердегідей емес және т.б.
Неғүрлым маңызды НТМL редакторы деп Місrosoft FrontPage-ні атауға болады. Бұл Интернетке арналған арнайы редактор және, бір жақсысы, ол Word – қа ұқсайды, сондықтан оны ұғыну сендерге қиын болмайды.
Місrosoft FrontPage 2000-ның нұсқасының (бұдан былай FrontPage 2000 немесе жай FrontPage Редакторы) редакциялау мүмкіндіктері мол. FrontPage Редакторы НТМL-ді бүге-шегесіне дейін білуді талап етпей-ақ, кәсіби сапалы беттер жасауға мүмкіндік береді. Егер бетті редакциялау барысында сөзді курсивпен ерекшелегілерің немесе тақырып түсін өзгерткілерін келсе, Word-тағыдай мәтіннің қажетті үзіндісін белгілеп, тиісті батырманы басыңдар — іс бітті. FrontPage НТМL -дің тиісті кодын өзі генерациялайды.
Қаласаңдар, тікелей Редакторда НТМL кодын жазып, сол уақытта, браузерді іске қоспай-ақ, өз жұмыстарыңның нәтижелерін көрулеріңе болады. Редактордың тамаша мүмкіндікгерінің бірі — оның беттерді WYSIWYG режімінде көрсете алатын қабілетінде ( what уои sеe іs what you get -не көрсеңіз, соны аласыз). Бұл олар браузерде Редактордағыдай болатынын білдіреді. Күні кеше ғана НТМL кодтарында әрбір ұсақ-түйекті қолмен сипаттап отыруға мәжбүр болып, нәтиже ойдағыдай болатынына үміттеніп қана қоятын едік. Енді беттің Редакторда дұрыс көрінуіне ғана қол жеткізу жеткілікті. FrontPage Редакторында жұмыс істеу Місrosoft Word мәтіндік процессорымен жұмыс істеуге өте ұқсас. Мұнда да жартылай қалың қаріп, курсив және астын сызу, маркер-ленген және нөмірленген тізімдер, операцияны қайталау және орындатпау сияқты стандартты батырмалар қолданылады. Редактор терезесінде мәтін енгізу дәл Word — тағыдай іске асырылады; орфографияны да Word — тағыдай тексеруге болады. Редакторда кестелер және фреймдер (frames) құру өте ыңғайлы. Word — тағыдай FrontPage Редакторы бір мезгілде бірнеше файл ашуға мүмкіндік береді, ал Редактор беттермен әрекет жасайтын болғандықтан, ол бір мезгілде бірнеше бет ашуға мүмкіндік береді деп еркін айтуға болады. Бұл мүмкіндік бір беттен басқасына жылдам өту қажет болғанда өте пайдалы. Сонымен қатар Редактор бетті Интернеттен көшіріп, (барлық HTML кодымен қоса) оны редакциялауға мүмкіндік береді. Өздерінің басқа сайттарыңнан жылдам ақпарат алғыларың келген жағдайда бұл ыңғайлы болады. Бетте кезекті элементті орналастыра отырып, қарапайым принципті ұстануға тырысыңдар: кәдімгі мәтіндік процессорда жұмыс істеп жатырмын деп санаңдар, мысалы, Microsoft Word — та. Редакторда көптеген бет элементтерімен манипуляциялау әдістері өздеріңе Word -пен жүмыс істегенде таныс әдістерге толығымен ұқсас. Көптеген меню және инструменттер панельдері де Word -тағы сондай элементтерді қайталайды.
- Сабақты бекіту. 163 – бет №1 практикалық жұмыс
Оқушыларға тапсырма беріп, компьютерге отырғызу.
- Сабақты қорытындылау.
Балалар, сонымен біз бүгін Веб бет құруға арналған редактормен таныстық. Ол редакторды пайдаланып сендер өздеріңнің сыныптарыңдың веб – беттеріңді қалай құруға болатыны туралы білесіңдер, өздерің берілген тапсырманы өз беттеріңше орындай алатындай болдыңдар.
- Бағалау.
Сабаққа қатысып отырған оқушыларды бағалау және тапсырмаларын орындаған оқушыларға да баға қою.
VII. Үйге тапсырма:
«FrontPage қосымшасы» тақырыбын оқып, сұрақтарға дайындалып келуге.
Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!