Ең үздік информатик

Сайыс  сабақ.     Ең үздік информатик.

Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! 8-ші сыныптар  арасында  өткелі  отырған  «Ең үздік  информатик»  сайыс  сабағына  қош  келдіңіздер!

Сайыстың  мақсаты: оқушылардың  информатика  пәніне  қызығушылығын, ынтасын арттыру, ойы  жүйрік, танымдық  деңгейі  жоғары, интеллектуалды  оқушылардың  дарынын ашу, белсенділігін арттыру, әділдікке, шыдамдылыққа, білімдерін  көтеру. Осы  сайысқа қатысып  отырған  оқушыларды  ортаға шақырайық:

1.Амандық Қазына 8а                              5. Мысқалбай Үміт 8б

2.Байжан Нұрахмет 8а                             6. Ахетова Мөлдір 8б

3.Датқабай Айгерім 8ә                             7. Байбек Нұрдәулет 8в

4.Датқабай Назерке 8ә                            8. Жайлы Ақмарал 8в

Ең үздік информатика сайысы  9  кезеңнен  тұрады.

Мәңгі бақи есте қалар

Ғажайып бір кеш болсын

Білімдіден шәкірт озар

Қиынырақ  сұрақ болсын дей отырып  1-кезең «Бәйге» деп аталады. Әр оқушыға 2 сұрақтан беріледі. Жауап берген бір сұраққа 10 ұпай қойылады. Ұпайы аз оқушы сайыстан шығарылады. 1. Әлемге әйгілі компьютер программаларын жасаушы Microsoft компаниясының негізін қалаған кісі кім. (Билл Гейтс)

  1. Көбейтілуге және басқа программаларға жұғуға қабілетті шағын компьютерлік программа қалай аталады? (Вирус)

3.Редакциялау дегеніміз не? (Редакциялау дегеніміз-өңдеу, енгізу, өшіру,орын ауыстыру немесе құжаттың мазмұнын түзету)

4.Microsoft Word мәтіндік редакторды қалай іске қосуға болады? (Пуск-Программы-MS Office-MS Word)

  1. Информацияны алудың, сақтайдың, жаңартудың, тарату мен пайдаланудың барлық аспектілерін зерттейтін ғылым. (информатика)
  2. Графикалық кескіндерді құруға, редакциялауға және қарап шығуға арналған программа қалай аталады? (графикалық редактор)

7 Сандарды өрнектеудің қандай да бір тәсілі және оған сәйкес сандармен әрекет жасау ережелері қалай аталады? (санау жүйесі)

  1. Операциялық жүйелердің түрлерін ата? (Windows 95, Win 98, Win NT, Win 2000, Win xp)

                2 – кезең Терезелер ауылы деп аталады.

Бұл кезеңде жасырылған бейненің қандай терезе екенін және міндеті туралы ақпарат беру. Ол терезелер мыналар:

  1. Мәтіндік  редактор.                              2. Афтоформат таблицы.
  2. Құжатты ашу терезесі.                          4. Шрифт терезесі.
  3. Абзац терезесі.                6. Компьютер құрылғылары.
  4. Границы и заливка терезесі.  8. Кесте терезесі.
  5. Параметры страницы терезесі. 10. Құжатты сақтау терезесі.

      3 – кезең. «Кім жылдам».                   Тапсырма N1

  1. Мәтіндік редакторды іске қосыңыз.
  2. Мына өлең шумағын теріңіз. Шрифт размері 16 болсын.
  3. Мәтінді сақтаңыз.

Түркістан.

Түркістан – екі дүние есігі ғой.

Түркістан – екі түріктің бесігі ғой.

Тамаша Түркістандай жерде туған,

Түркістан Тәңірі берген несібі ғой.

Ертеде Түркістанды Тұран дескен,

Тұранда ер түрігім туып – өскен.

Тұранның тағдыры бар толқымалы,

Басынан көп тамаша күндер кешкен.

   4 – кезең. Тапқырлық.  Үш пәнге байланысты сұрақтар беріледі.

 5 – кезең Үздік оператор.     

Бұл кезеңде әр оқушыға тапсырма беріледі. Сол тапсырма бойынша компьютермен жұмыс орындайды.

 6 – кезең Полилог. Жұмбақтар беріледі.

Сол жұмбақтың шешуін үш тілде айтып тақтаға жазып беру.

Ақпаратты таратқан,

Жұртты өзіне қаратқан. (компьютер, компьютер, computer)

7 – кезең. «Кім епті».

3-кезеңде орындалып кеткен мәтінді ашып форматтаймыз.

 8-кезең «Кім мықты»

Информатика пәнінен үш сөз беріледі. Сол үш сөзден бірнеше мағынасы бар сөз құрау.

«Ақпараттану»    «Программалау»   «информатика»

9-кезең. «Ой қозғау» Қалған екі оқушы «Компьютердің пайдасы мен зиянын» қорғап шығады.

Алдыңызда Жайнаған жүздер әні,

Сіздермен кездесерміз біздер әлі.

Әділқазы, көрермен сау тұрыңдар,

Күтеді бізді жарқын күндер әлі дей отырып осымен сайыс сабағымыз аяқталды. Қош сау болыңыздар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Бекіту – тренинг сабағы

Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторын қайталау.

Сабақтың мақсаты: 1) білімділік: Оқушылардың сурет салу редакторы бойынша сабақтарында алған білімдерін іскерлік ойындар арқылы тиянақтай түсу.

2) дамытушылық: оқушылар өздігінен жұмыс істеп компьютерге деген қызығушылығын,белсенділігін арттыру, өз ойын топ алдында ашық айта білу.

3) тәрбиелілік: бір-бірлерін тыңдай, ойлай білу, әділ бағалаулары.

Сабақтың түрі: Тренинг сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Деңгейлік тапсырмалар, компьютер, плакаттар, ойындар.

Пәнаралық байланыс: Сурет, қазақ тілі

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі

А) Сәлемдесу.

Ә) Кезекшіні анықтап оқушыларды белгілеу

Б) Оқушыларды сабаққа ынталандыру.

В) Үй жұмысын сұрау.

Г) Өткен тақырыптарды қайталау.

Д) Оқушыларды бағалау.

Е) Үйге тапсырма беру.

Тренинг дегеніміз-белгілі бір тақырыпта өткізілетін жеке сабақтың бір түрі. Тренинг сабақтардың ұстанымдары.

1) Адалдық ұстанымы-Тренингке қатысып отырған оқушылар тек адал ойын айту керек.

2) Белсенділік ұстанымы-Оқушылардың сабаққа толығымен шынайы қатысуы.

1-кезең. Сергіту сәті.

  1. Paint қандай редактор? (Графикалық редактор)
  2. Палитра көмегімен неше түс таңдауға болады? (екі түс)
  3. Paint редакторын іске қосу амалы. (Іске қосу-бағдарламалар-стандартты-Paint)
  4. Paint-та қанша құралдар тобы бар? (16)

5.Графикалық редактор терезесінің меню құрамы: Файл. Түзету. Түр. Сурет. Палитра

6.Сурет салу кезеңдері неден тұрады? (Құрал таңдау, сызықтың қалыңдығы, қылқаламның түрін немесе төртбұрыш типін, кескіннің түсін, фон түсін таңдап сурет салу.)

7.Paint графикалық терезесінің құрылымдық элементтерін ата? Жауабы : (тақырып қатары, меню қатары, саймандар жиынтығы, жұмыс алаңы, түс палитрасы).

  1. Кескін түсін қалай таңдауға болады?

( Таңдаған түс бойынша тышқанның сол жақ батырмасын шерту).

  1. Фонның түсін қалай таңдауға болады?

(Таңдаған түс бойынша тышқанның оң жақ батырмасын шерту).

10.Қандай түстер үнсіз келісім бойынша орындалады? (Кескіннің қара түсі мен фонның ақ түсі)

2-кезең. Еске түсіру кезеңі

Топ мүшелері Paint  графикалық редакторы суреті салынған тақтадағы құралдар қызметіни айтады. 16-құрал бойынша орындалады.

3-кезең. «Өзін-өзі тексеру»

Деңгейлік тапсырмалар бойынша.

1-деңгей сұрақтары

  1. Үзіндіні көбейту дегеніміз не?
  2. Файлды қалай сақтаймыз?

2-деңгей сұрақтары

1.Paint бағдарламасын жүкте?

  1. Сурет салып оны көбейтіп бер.
  2. Суретті сақта?

3-деңгей сұрақтары.

  1. Салынған суретті қалай сақтаймыз?

2.Paint бағдарламасын жүкте?

3.Үйдің суретін салып кері бұр?

  1. Суретті қалай көбейтеміз?

4-кезең. «Ой толғау» Шығармашылық тапсырма. Ұсынылған тақырыптардың ішінен оқушылар бір тақырыпты таңдап алып сол тақырып бойынша ақ параққа сурет салады.

5-кезең. «Кім суретші» Шығармашылық тапсырмаларын компьютерде орындап оны безендіреді

6-кезең. Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма беру. Графикалық редакторы бойынша реферат жазып келу.