Ақпаратты іздеу, жазу және оқу

Сабақтың тақырыбы : § 13 Ақпаратты іздеу, жазу және оқу

Сабақтың мақсаты : Windows қосымшасында ақпаратты сақтау, оқу, нысандарды іздеу ережелерімен таныстыру.

Оқушылар білуі тиіс : ақпаратты сақтау ережесін , «Сохранить» және «Сохранить как» командасынан өзге , жұмысты іздестіру алгоритм командасынан «Пуск – Поиск» орындалуын.

Оқушылар үйренуі тиіс : нысандарды іздестіруді жүзеге асыруды, Windows стандарттық программасында ақпаратты сақтауды, оқуды; «Сохранить» және «Сохранить как» командасын пайдаланып, ыңғайлы тәсілдерді пайдалануды.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

ІІІ Үй тапсырмасын тексеру

  • 12 бойынша тест алу

IV Білімі өзектендіру

Сұрақтар:

  1. Жұмыс үстелінде қандай нысан орналасқан ?
  2. Бас мәзірді не үшін пайдаланамыз ?
  3. Экранның шектелген аумағы қалай аталады ?
  4. Программамен жұмысты аяқтауда қандай тәсілдерді білесіңдер ?
  5. Программаны қалай іске қосамыз ?

V Жаңа тақырыпты түсіндіру

Нысанды бумадан жылдам іздеу

Ізделетін нысан орналасқан буманы ашып, нысанның атауындағы бірінші әріп бар пернені басу керек. Атауы осы символмен басталатын ең жақын нысан ерекешеленеді. Сол пернені қайта басқанда келесі ұқсас нысан ерекшеленеді Сонымен, буманың атаулары осы символдан басталатын барлық нысандар тексеріледі.

Сендер жылдам іздеуді тек ізделетін нысанның қандай бумада орналасқанын білетін жағдайда ғана пайдалана аласыңдар. Ал егер олай болмаса, онда кеңейтілген іздеуді қолдану керек.

Кеңейтілген іздеу

Файлдың немесе буманың атауын Бас мәзірдің іздеу терезесіне енгізу керек.

Программа сендер көрсеткен атауы бар барлық нысандарды табады.

Сендердің сұраныстарың бойынша табылған файлдар терезенің жоғарғы бөлігінде көрсетіледі. Таңдалған файлды тышқанмен шертсеңдер іске қосылады.

Ақпаратты жазу

Windows –тің барлық қосымшаларында ақпаратты сақтау мен оқудың қабылданған жалпы ережелері бар.

Құрылған суретті немесе құжатты файлға бірінші рет сақтау үшін мына әрекеттерді орындау керек :

  • Сақтау немесе Қалай сақтау бұйрығын таңдау ;
  • Терезеде сендердің файлдарың сақталатын бума көрсетіледі. Қажет болған жағдайда басқа сақтайтын орынды таңдауға болады ;
  • Файлдың атын теру ;
  • Сақтау батырмасын басу.

Программамен жұмыс істегенде файлдарды жиі –жиі сақтап отыруларың керек. Егер файл бұған дейін сақталған болса және атау берілген болса, онда сақтау жұмысы жеңілдейді. Бұл жағдайда программа сақтау терезесін шығармайды және сендерден файлдың атын сұрамайды. Сендер Сақтау бұйрығын таңдайсыңдар, экранда ештеңе болмайды, бірақ файлдағы өзгертулер сақталады.

Кейде бұрын сақталған файлды басқа жаңа атаумен сақтау қажеттілігі туындайды. Мәселен, сендер Ағаш файлынан ағаштың бейнесі салынған суретті ашыңдар делік. Оған жануарлар мен басқа ағаштардың бейнесін қосып, жаңа суретті Орман деген атаумен сақтағыларың келді делік. Онда сендерге Қалай сақтау бұйрығы керек болады. Бұл бұйрық файлдың бұрын сақталғанына немесе сақталмағанына қарамастан сақтау терезесін шығарады. Мұндай сақтаудан кейін сендердің дискілеріңе 2 файл: Ағаш және Орман деп сақталады.

Ақпаратты оқу

Дискіде жазылған ақпаратты қажетті файлды іске қосу арқылы оқиды. Файл атауының кеңейтілуі нәтижесінде Windows операциялық жүйесі файлды қандай программаның көмегімен ашу керек екенін өзі анықтайды. Файлды қосымшаның өз терезесінде де ашуға болады. Ол үшін Ашу бұйрығын орындау керек.

VІ Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау

Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.

VІІ Қорытынды

Оқушылардың тәжірибелік жұмысын бағалаймын.

  1. Қажетті файлды бумадан қалай табуға болады ?
  2. Дискідегі файлды қалай табуға болады ?
  3. Ақпаратты компьютерге қалай сақтайды ?
  4. Сақтау және Қалй сақтау бұйрықтарының айырмашылығы неде ?
  5. Ақпаратты дискіден қалай оқимыз ?
  6. Жүйелік бумаларда файл ізделе ма ?

VІІІ Үйге тапсырма

  • 13 мазмұндау, тесте сұрақтарына жауап беру