PAINT ГРАФИКАЛЫҚ РЕДАКТОРЫ Сурет салу, сақтау және ашу
Сабақтың тақырыбы : ІV ТАРАУ. PAINT ГРАФИКАЛЫҚ РЕДАКТОРЫ Сурет салу, сақтау және ашу
Cабақтың мақсаты: PAINT графикалық редакторын баығттауды, қосуды, сурет салу және сақтауды үйрету.
Оқушылар білуі тиіс : «Растрлық графикалық редактор» ұғымын.
Оқушылар үйренуі тиіс : сурет өлшемін орнатуды, сақтауды. Түстер палитрасын іске қосуды. Қылқалам, қарындаш, сызық, доғал, масштаб құралдарын қолдануды.
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
ІІІ Үй тапсырмасын тексеру
IV Білімі өзектендіру
Сұрақтар:
- Ақпараттың қандай түрлерін компьютерде өңдеуге болады ?
- Қандай графикалық редакторларды біліңдер ?
- Компьютердің қандай құрылғысы графикалық ақпаратты өңдейді ?
- Компьютердің қандай құрылғысы графикалық ақпаратты шығарады ?
- Кез келген қосымша терезеде қандай элементтер орналасады ?
V Жаңа тақырыпты түсіндіру
Адамдардың бәрі суретті жақсы сала алмайды . Сондықтан адамзат ұзақ жылдар графикалық бейнелерді құруды механикаландыруға тырысты және бұған есептеу техникасының арқасында қол жеткізді.
Графикалық редакторды таңдау жұмыс істеу мақсаты мен компьютердің мүмкіндігіне байланысты. Мәселен, сабаққа хабарлама толтыру үшін Стандарттық программа – PAINT графикалық редакторын пайдалансаңдар жеткілікті.
PAINT графикалық редакторында жұмыс істей отырып, өздеріңнің мәтіндеріңнің көркемдеулерін, Жұмыс үстелі үшін фондық бейнелер құруды, қарапайым фотомонтаж жасауды, бейнелерді өзгертуді және тағы да көп нәрселерді үйренесіңдер.
Компьютерде графикалық ақпаратты құру құралдарына жататындар :
- Енгізу құрылғылары (сканер, тышқан, графикалық планшет және т.б.) ;
- Графикамен жұмыс істеуге арналған программалар (графикалық редактор ).
Графикалық редактор – графикалық бейнелерді құруға және өзгертуге арналған программа.
PAINT (ағылшынша сурет, сурет салу ) – бұл растрлық (нүктелерден тұратын) бейнелермен жұмыс істеуге арналған графикалық редактор.
Барлық растрлық бейнелер нүктелерден – пиксельдерден тұрады. Ол суреттің мөлшерін өзгерткенде анық көріәнеді.
Пиксель — — растрлық бейненің ең кішкентай элементі.
Суреттің сапасы жоғары болған сайын, ол сақталатын файлдың мөлшері де үлкен болады. Жұмыс істегенде осыны ескеру керек. Мысалы, егер файлды поштамен жөнелту керек болса, оның пішімін өзгертіп, «жеңілірек» ету керек.
Программада суретті ашудың бірнеше мүмкіндігі бар. PAINT батырмасын шертіңдер. Егер суретпен жақында жұмыс істеген болсаңдар, онда оны Соңғы бейнелер тізімінен қарауға болады немесе Ашу бұйрығын таңдаңдар.
Жиі орындайтын бұйрықтарыңды Жылдам қол жеткізу тақтасына шығарып қоюларыңа болады. Ол үшін бұйрықтың атын тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, Жылдам қол жеткізу тақтасына қосу бұйрығын таңдаңдар.
Түсті таңдау үшін Түстер тобындағы Палитра қолданылады. Оның сол жақ бөлігінде пәрмендер көрсетіледі.
Алдыңғы саптағы түс Қылқаламның түсін, сызықтың, фигуралар контурының түсін анықтайды. Фонның түсін фигуралардың ішін толтыру үшін және өшіргіш үшін қолданады. Түсті таңдау үшін алдымен қажетті алып- қосқышты таңдап, одан кейін тышқанмен палитрадағы керек түсті шертеді.
Суретті тышқанның сол жақ батырмасын да оң жақ батырмасын да жібермей ұстап тұрып салуға болады. Палитрада 20 түс анықталып, бекітілген. Қажет болса, Түстерді өзгерту батырмасын шертіп, түстерді қосуға болады.
Компьютер милиондаған түспен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Түстің дәл мәнін ондағы қызыл, жасыл және сарының реңкін, қарама- қарсылығын, ашықтығын және санын көрсетіп анықтауға болады.
VІ Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау
Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.
VІІ Қорытынды
Оқушылардың тәжірибелік жұмысын бағалаймын.
- Графикалық деректерді енгізу және шығару үшін қандай құрылғылар қолданылады ?
- Графикалық редактор деген не ?
- Растрлық графиканың кемшілігін атаңдар.
- Сурет салу мен толтыру үшін түстерді қалай таңдаймыз ?
VІІІ Үйге тапсырма
- 14 мазмұндау, тесте сұрақтарына жауап беру