Тасбақа пішінін құрастыру.
- Сабақтың тақырыбы: Тасбақа пішінін құрастыру.
Сабақтың мақсаты: 1 Табиғи материалмен жұмыс істеудің әдіс- тәсілімен таныстыру.Тасбақа пішінін құрастыру. 2. Танымдық қабілеттерін дамыту. 3. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
Сабақтың мазмұны
І .Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.Тасбақа пішінін құрастыру.
ІІІ. Жаңа сабақ: 1.Ермексаздан тасбақаның басы мен аяғын мүсіндеу.2.Тасбақаның басы мен аяғын оның денесіне ( жаңғаққа)жапсыру. Көзін жасау.3. Қауіпсіздік ережесін ескерту.
ІҮ. жаңа білімді бекіту. — Тасбақа пішінін құрастыру үшін не керек? — Тасбақаның жасалу жолын толық айтып бер? — Жаңғақ қабығынан тағы қандай пішіндер құрастыруға болады? Оған қосымша тағы қандай материалдар керек? Оқушыларға тасбақа пішінін жасату. Әдемі етіп, ұқсатып, ойлана жасауға баулу. Тазалықты сақтауға баулу.
Ү. Сабақты қорытындылау: Біз сендермен не жасауды үйрендік?