Мәтінді пішімдеу. Абзац

Сабақтың тақырыбы : § 23 Мәтінді пішімдеу. Абзац

Сабақтың мақсаты : берілген параметрлер бойынша мәтінді пішімдеуді жалғастыру .

Оқушылар білуі тиіс : абзацты ( азатжолды) пішімдеуді.

Оқушылар үйренуі тиіс : мәтіндерді реттеуді, сызғышты пайдалануды, мәтінді тізім түрінде рәсімдеуді, табуляцияны пайдалануды.

Сабақтың барысы :

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

ІІІ Үй тапсырмасын тексеру

IV Білімі өзектендіру

  1. Абзац дегеніміз не ?
  2. Абзацта мәтін болмау мүмкін бе ?
  3. Мәтіндерді абзацтарға қалай бөлеміз ?
  4. Бірнеше абзацтарды біріктіре аламыз ба, қалай ?
  5. Мәтін мен абзацтарды қалай жылжытамыз ?

 

V Жаңа тақрыпты түсіндіру

Егер электрондық құжатта тасымалдау орнатылмаса, онда абзацта сол жақ шет бойынша түзеу анықталады. Автор құжаттың қандай принтерде, қандай әріппен және мөлшермен басып шығарылатынын білмейді. Сондықтан көбіне тақырып ортаға, ал авторға сілтеме немесе құжат құрылған мерзім – оң жақ шет бойынша түзеледі.

Абзац үшін келесі баптаулар анықталады:

  • түзеу;
  • жоларалық интервал ;
  • шегінулер ;

 

Түзеу

— Мәтін жолдың басында, сол жақта орналасады.

Негізгі мәтінді осылай жазады.

— Мәтін ортаға теріледі. Тақырыптарды осылай тереді.

— Мәтін жолдың соңынан, оң жақтан теріледі.

Мысалы, эпиграфты безендіргенде, шегініс беттің сол жақ шетінен және түзеу сол жақ шеті бойынша орнатылады.

Шегіністер

Сол сияқты абзацтың бірінші жолында шегініс – «қызыл» жол болуы мүмкін.

Шегіністерді Сызғыштағы жүгіргіштерді жылжытып та бекітуге болады.

Мәтіннің фрагменттерін дәл көрсетілген жерге орналастыруға мүмкіндік беретін құралдың бірі – Табуляция.

Табуляцияның мәнін анықтай отырып, мысалы, мәтінді екі бағанға бөлуге болады.

Бұл мысалда Абзац , Тіркеме беттер бұйрығы орындалған, Табуляция позицияларының өлшемі 6 см етіп алынған. Мәтін енгізгенде Tab пернесін басу жеткілікті. Абзацта бірнеше табуляция позициялары анықталуы мүмкін.

Тізім

Егер оқушылардың тізімін басып шығару немесе дүкендегі тауарды санап шығу керек болса, не істейміз ? WordPad мәтіндік редакторында мәтінді тізім түрінде ұйымдастыруға болады. Тізімде әрбір абзац бірдей пішімделген және нөмірден немесе арнайы таңбашадан – маркерден басталады. Тізімді бастау немесе аяқтау үшін Тізімді бастау батырмасын басыңдар.

Абзацты тізімдегі шегініспен құру үшін, Shift және Enter пернелерін бір мезгілде басыңдар . Осылай мәтінге абзац символы емес, жолды күштеп айыру символы кірістіріледі. Жолдың басында маркер пайда болмайды.

VІ Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау

Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.

VІІ Қорытынды

1.Абзацты пішімдеудің негізгі параметрлерін атаңдар.

  1. Сызғыш не үшін керек ?
  2. Табуляция не үшін керек ?
  3. Табуляцияның позицияларын қалай тағайындаймыз ?
  4. Маркерленген тізімді қалай құрамыз ?
  5. Тізімдегі маркердің түрін өзгертуге бола ма ?

 

VІІІ Үйге тапсырма

  • 23 мазмұндау, тест сұрақтарына жауап беру.