Электрондық кестемен жұмыс
Сабақ жоспары № ___
Күні: 17.04.2013 жыл Сыныбы: 8 Пән иесі: Серғазиев Е.С.
Сабақ атауы | Электрондық кестемен жұмыс | ||||
Сілтеме | А) 8 сынып оқулығы; Б) Power Point программасында слайдтар; С) Флипчарттар; Д) компьютердегі Excel программасы; Е) интернет желісінен алынған ақпараттар. | ||||
Жалпы мақсаттар | 1.Оқушылардың электрондық кесте тақырыптары бойынша алған білімін бекіту, тиянақтау; 2. Электрондық кестеде формулалар құрастырып, есептер шығаруға үйрету; 3. Жан-жақты болуға, өз бетімен, тиянақты жұмыс істеуге тірбиелеу; 4. Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілетін дамыту, шығармашылық, іскелік қабілеттерін арттыру, топтық жұмыс жүргізуге үйрету; 5. Уақытты тиімді пайдалануға, өзін-өзі бағалауға дағдыландыру. | ||||
Оқыту нәтижелері | Excel-дің көмегімен есептер шығару, электрондық кестені пайдалану, электроныдқ кестеде формулалар құрастыра білу. | ||||
Негізгі мақсат | Excel-дің мүмкіндіктерін үйрену, өмірде пайдалана білу. | ||||
Негізгі дерек көздері | Оқулық, компьютердегі Excel программасының өзі, интернеттен алынған материалдар | ||||
Мұғалімнің жазбалары | |||||
Керекті жабдықтар | Оқыту моделі | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Уақыт | |
Білу | Компьютер, Слайдтар. Флипчарт. Оқулық. | Оқыту мен оқуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану. АКТ | Microsoft Excel – сандық кестелер-мен жұмыс істеуге арналған Microsoft Office-тің құрамы-на кіретің, түрлі математикалық, статистикалық, бухгалтерлік есеп-терді шығаруға арналған негізгі программалардың бірі. | Жаңа сабақ бойынша алып отырған ақпа-раттарды үлгеріп, діптерге жазып отыру, түртіп отыру. Түсінбегенін дер кезінде сұрау. | 4,5 минут |
Түсіну | Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. | Excel программасының терезесінің элементтерін таныстыру: 1.Жұмыс ұяшығы-ның аты; 2.Бағаналардың аты /латын алфа-витінің әріптері/; 3. Жұмыс ұяшығы; 4. Жұмыс парағы; 5. Жол аты; 6.Парақ қаттамасы; 7. Басқа параққа ауысу батырмасы; 8. Формула жолы. | Сабақ барысында өмірмен байланысқан сұрақтарға жауап беру: 1.Excel-дің көмегімен не істеуге болады? 2.Excel програм-масын өмірде қандай салалар-да пайдаланады? 3. Электрондық кесте деген не? 4. Электрондық кестенің көмегімен қазіргі кезде қандай саладағы есептерді шығаруға болады ? |
4,5 минут | |
Қолдану | Практикалық жұмыс АКТ-ны пайдаланып, электрондық кестеде жұмыс жасау | Тапсырма: Үлестірмедегі тапсырмаларды қысқаша түсінді-ріп, компьютерде орындауға 8 оқу-шыны отырғызу. | 8 оқушы үлестірмедегі тапсырмаларды компьютерде орындайды, қалған оқушы- лар ауызша сұрақтарға жауап береді. | 18 минут | |
Талдау | Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. | 1-топ: Венн диаграммасы бойынша Excel мен WORD терезесінің мүмкіндіктерін көрсету; 2-топ: Венн диаграммасы бойынша Excel-дің электрондық кестесі мен WORD мәтіндік редакторының кестесін салысты-рып, көрсету; | Poster-ға ВЕНН диаграммасын пайдаланып екі программаның сәйкес-ігін немесе сәйкес еместігін дәлелдейді. | 10 миут | |
Жинақтау | Кері байланыс | ТЕСТ сұраұтарына қою. Практикалық тапсырмалардың орындалуын тексеру. | ТЕСТ сұрақтарына жауап береді. Практикалық жұмыстарын аяқтайды. | 2 минут | |
Бағалау | Оқушылардың компьютерде орындаған тапсырмалары, ауызша сұрақтарға жауаптары, тест сұрақтарына жауаптары бойынша өздері жасаған критерий-лер арқылы бағалау, талдау, күнделіктеріне қою. | Тақырып бойынша қойылатын қосымша сұрақтарға жауап береді. | 5 минут | ||
Үйге тапсырма | Осы тақырыптың мазмұнын ашып, оқып келу. | Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады | 1 минут
|