Мәтін бөліктерін ерекшелеу

Сабақтың тақырыбы : § 21 Мәтін бөліктерін ерекшелеу

Сабақтың мақсаты : мәтін теруді ережеге сәйкес үйрету, мәтінді ерекшелеуді,  мәтін бөліктерін көшіруді, ауыстыруды ,мәтін бөліктерін ерекшелеу тәсілдерін үйрету.

Оқушылар білуі тиіс : мәтін теру ережесін, «редакциялау» түсінігін, редакциялаудағы пернелер мен командалардың қолданылуын, мәтінді ретімен теруді, пернетақта мен тышқанды пайдаланып мәтінді жылжытуды, әрекетті кері қайтару командаларын.

Оқушылар үйренуі тиіс : ережеге сәйкес мәтін теруді, пернетақта мен тышқанды пайдаланып мәтінді жылжытуды, алмасу буферін пайдаланып экранда мәтінді көшіруді, мәтінді жоюды, мәтін енгізудің тәртібін өзгертуді.

Сабақтың барысы :

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

ІІІ Үй тапсырмасын тексеру

IV Білімі өзектендіру

V Жаңа тақрыпты түсіндіру

Мәтінді теріп болған соң түзету және пішімдеу үшін мәтін бөліктерін ерекшелей білу керек.

Тышқанның көмегімен ерекшелеу үшін құжаттың сол жақ, «ерекшелеу ернеуі» деп аталатын, ернеуін қолданады. Тышқанның сілтемесі оңға қарай бұрылған стрелка түріне айналады. Пернетақтада ерекшеленген кезде Shift және Ctrl пернелері тіркесімдерін бірге басу керек.

Мәтін бөліктерін ерекшелеу тәсілдері

Кейде экранда бірден жолды, абзацты немесе тұтастай мәтінді ерекшелеген ыңғайлы. Бұл жағдайлар үшін арнайы тәсілдер ойластырылған.

  1. Тұтас жолды ерекшелеу. Егер тышқанның сол жақ батырмасымен жолдың басын бір рет шертсеңдер, жол тұтастай ерекшеленеді. Тышқанның сілтемесі бұл жерде ақ стрелка кейпіне енеді.
  2. Егер экранның осы жерінде тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шертсек, онда тұтас абзац ерекшеленеді:

 

  1. Тышқанның сол жақ батырмасын үш рет шерту мәтінді тұтастай ерекшелейді :

 

 

Мәтінді тұтастай бірден ерекшелеу үшін пернетақтадан бір мезгілде Ctrl пернесі мен цифрлық қосымша пернетақтадан «5» санын басуға да болады.

Мәтін бөліктерін түзетуге : жою, қосу, жылжыту, көшіру, іздеу және алмастыруды жатқызуға болады.

Windows oперациялық жүйесіндегі басқа нысандар сияқты, мәтіндердегі нысандарды Delete пернесімен – курсордан оң жақта орналасқан символды, BackSpace пернесімен- курсордың сол жағында орналасқан символды жоюға болады.

Егер мәтінді Ауыстыру режимінде терсек, онда бұрын болған символдарды алмастыруға болады. Ол Insert пернесімен басқанда қосылады. Мәтінді қосуды жалғастыру үшін, Insert пернесін қайтадан басу керек.

Егер мәтіннің барлық бөлігінде тұтас сөзді немесе сөз тіркесін алмастыру керек болса, онда Ауыстыру бұйрығын қолданған ыңғайлы .

Мәтіннің ерекшеленген бөлігін 2 тәсілмен Жылжытуға болады :

  • тышқанмен сүйреу;
  • Алмасу буферін қолдану: мәтін бөлігін ерекшелеп, оны алмасу буферіне қиып алу, мәтіндік курсорды керек жерге апарып, бөлікті алмасу буферінен кірістіру.

Көшіру амалы жылжытуға өте ұқсас:

  • Ерекшеленген бөлікті тышқанмен Ctrl пернесін баса отырып жылжытамыз;
  • Немесе оны алмасу буферіне көшіреміз, керек жерге кірістіреміз.

Егер мәтінге амал қолданғанда бір нәрсе шықпай жатса, абыржудың керегі жоқ. Жылдам қолжеткізу тақтасындағы Кері қайтару пернесін немесе Ctrl + Z пернелерін басу арқылы кез келген әрекеттен бас тартуға болады. Әрекеттер тізбектеліп кері қайтарылады, сондықтан олардың кез келгенін өз таңдауларың бойынша қайтара алмайсыңдар.

VІ Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау

Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.

VІІ Қорытынды

  1. Мәтін теру ережелерін атаңдар.
  2. Мәтіннің басына бос абзацты қалай қосамыз ?
  3. Мәтінге қолданылатын қандай амалдар түзетуге жатады ?
  4. Мәтіннің элементтерін жою үшін қолданылатын пернелерді атаңдар.

VІІІ Үйге тапсырма

  • 21 мазмұндау, тест сұрақтарына жауап беру.