Компьютер сыртқы құрылымы . Енгізу-шығару құрылғылары. Монитор. Пернетақтамен танысу.
Сабақты құру және жоспарлау үшін мұғалімдерге арналған жоспарлау бойынша кесте
Сыныбы 7а | Күні 24.10. | ||
Сабақтың тақырыбы | Компьютер сыртқы құрылымы . Енгізу-шығару құрылғылары. Монитор. Пернетақтамен танысу. | ||
Мақсаты | Енгізу-шығару құрылғыларына шолу жасау,монитор. Пернетақта артқаратын жұмысты білу. | ||
Күтілетін нәтижелер | Компьютер сыртқы құрылымын білуі. Пернетақта мен монитор туралы білімдерін көтеру. | ||
Керекті жабдықтар | Интерактивті тақтамен, оқулықпен жұмыс, компьютермен жұмыс, мәтін жазылған карточкалар | ||
Сабақ барысы: | |||
Сабақ кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | |
Кіріспе
| Амандасу. «Enter», «Delete», «Esc», «Бос орын» пернетақтаның арнайы пернелеріне топтарға бөлемін. | Амандасады. Топқа бөлінеді. «Enter», «Delete», «Esc», «Бос орын»болып 4 топқа бөлінеді. | |
Тұсаукесер
| Сұрақ жауап арқылы оқушыларың қызығушылығын ояту. 1.Процессор дегеніміз не? 2. Жүйелік блок қандай құрылғылардан тұрады? 3.Компьютердің құрамына кіретін негізгі құрылғыларды атаңдар? Бағалау критерий парағын таратамын
| Ойланады, айтады, пікірлерін бөліседі, сұрақтарға жауап береді. 1.Компьютердің ең басты бөлігі. Компьютердің -«миы» 2. Жүйелік блоктың ішінде аналық (жүйелік) плата (тақташа), порцессор, қоректендіру блогы, жедел жад, қатқыл диск, дискжетек, CD-ROM, бейнетақташа, дыбыс тақташасы көптеген басқа құрылғылар бар. 3. Жүйелік блок, монитор, пернетақта. | |
Негізгі бөлім
| Топтарға тақырыптар бөлініп беріледі. Топ арасында оқиды. Топ арасында талдайды. Содан соң «өкіл» әдісі арқылы бір оқушы әр топтарға барады.
| Тапсырмаларын анықтап алады. Белсенді оқиды, түсінеді, талдайды, ақпарат алады. Әр топтан бір өкіл тағайындайды. Өкіл әр топқа барып тапсырмасы бойынша баяндайды. Уақыт аяқталған соң орындарына келіп қайта талдайды. | |
Қорытынды
| «Пилот пен штурман» ойыны. Оқушыларды ойынның шартымен таныстыру. Оқушылар жұптасып компьютерде мәтін тереді. Тышқан – қазіргі кездегі компьютерлер тағы бір ақпараттарды енгізу құрылғысы – Маус манипуляторымен жабдықталған. Бұдан былай оны тек маус (тышқан ) деп қана атайтын боламыз. Оның аты тышқан деп бекер аталмаған. Себебі ол – сұр түсті,тышқанның құйрығына ұқсайтын компьютерге жалганған иілгіш сымы бар қорап.Ол алақанға ыңғайлы және кілемше бетінде еркін жылжитын құрылғы.маустың екі түрі болады: үш батырмалы, екі батырмалы. а) монитордың ажырату қабілеті дегеніміз не? б) монитордың түрлерін атаңдар? в) пернетақтаның қандай блоктары бар?
Сабақ басында дайындалған критерий бойынша бағалау. Рефлексия парағы беріледі | Компьютерде жұмыстанды. Мәтінді пилот оқиды да штурман тереді. 5 минут өткен соң штурман мен пилоттың орындар ауысады. Оқушылардың әріптерді теру шапшаңдығы артады. Кейбір білмейтіндерін бір-бірінен сұрайды. Тәтінді бітіруге тырысады. Тышқан туралы мәтінді жазып бітіреді.
Сабақ бойынша сұрақтарға жауап береді.
Бағалау парағын толтырады. Өз-өздерін бағалайды, көршілері бағалайды, мұғалім бағалайды.
Рефлексия парағын толтырады. | |
Сабақтың өзіндік талдауы
| |||
Сабақ бойынша өзгертулер | |||
Танатова Гульжанар Курмангалиевна
Орал қаласы Круглоозерный ОЖББМ информатика пәні мұғалімі