Практикум. Мәтінмен жұмыс істеу.
Сабақтың тақырыбы : § 24 Практикум. Мәтінмен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты : мәтінді пішімдеу ұғымын жалғастыру.
Оқушылар білуі тиіс : мәтінді пішімдеуді
Оқушылар үйренуі тиіс : мәтіндерді реттеуді, сызғышты пайдалануды, мәтінді тізім түрінде рәсімдеуді, табуляцияны пайдалануды.
Сабақтың барысы :
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
ІІІ Үй тапсырмасын тексеру
IV Білімі өзектендіру
Сендер параметрлер өлшемін өзгертуді жақсы білесіңдер. Параметрлерді санап шығыңдар.
V Жұмысты орындау
1- тапсырма
- Өлеңді теріңдер.
- Өлеңнің әрбір жолын әртүрлі түске бояңдар, әріптің мөлшерін 13- ке өзгертіңдер.
- Алғашқы үш жолды әртүрлі тәсілдермен өлеңнің соңына көшіріңдер.
2- тапсырма
- Мәтінді теріңдер.
- Екінші жолды күлгін түспен безендіріңдер.
- Мәтін атауын 16 мөлшермен теріңдер.
- Мәтінді «Автобуста» деген атаумен сақтаңдар.
3- тапсырма
- Мәтінді теріңдер және безендіріңдер.
- Мәтінге атау ойлап табыңдар және оны мәтіннің алдына қосыңдар.
- Бірінші сөйлемді мәтіннің соңына көшіріңдер.
4- тапсырма .
- Екі өлең мәтінін теріңдер.
- Мәндері бұзылған сөздер мен жолдардың ретін анықтаңдар.
- Тасымалдау амалдарының көмегімен сөздер мен жолдарды дұрыс ретімен орналастырыңдар.
5- тапсырма.
Мына сөздерді есептеңдер: монитор, пернетақта, информатика. Тапсырманы орындағанда мәтіннің фрагментін көшіру немесе кірістіру амалдарын қолданыңдар.
6- тапсырма.
«Ком» буынынан басталатын сөздерді ойлап табыңдар және мәтіндік редакторда жазыңдар. Сөздерді маркерленген тізім ретінде бағанға жазыңдар. Мысалы:
- компас ;
- Компьютер .
7- тапсырма .
- Кез келген 5 жұмбақ теріңдер.
- Жолдастарыңмен орын алмастырыңдар.
- Ол сенің , ал сен оның жұмбақтарын шешіңдер, жауаптарын әрбір жұмбақтан кейін кірістіріп жазып шығыңдар.
VІ Қорытынды
Тәжірибелік жұмысты тексеру, сұрақтарды талқылап, бағалау.
VІІ Үйге тапсырма
Қайталау.