Объектілермен жұмыс
Сабақтың тақырыбы: Объектілермен жұмыс.
Сабақтың мақысаты:
Оқушыларға WINDOWS операциялық жүйесінде файл, қапшық, таңбаша құра білуге үйрету. Обьектілердің атын өзгерту командасын орындай білуге үйрету.
Практикалық қабілеттерін дамыту.
Алға қойылған мақсатқа жете білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: дәстүрлі емес, жарыс сабағы
Сабақтың типі: Білімді бекіту
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап
Сабақ көрнекілігі: компьютер, кеспе қағаздар, слайдтар
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақ мақсатымен таныстыру
- Жарыс кезеңдерін таныстырып өту (1 слайд)
Сәлем сөздің анасы.
1 кезең. Таныстыру екі топ сәлемдесіп 1-2 минутта өз топтарының аты мен төсбелгісін таныстырып кетеді.
2 кезең «Менің қауіпсіздігім» Қауіпсіздік ережелерін қайталау 1-2 минутта қауіпсіздік ережелерін айтып кетеді.
3 кезең Біз не білеміз? Сұрақтар беріледі.
1.WINDOWS қандай ұғымды білдіреді? (терезе)
- WINDOWS экранын не деп атаймыз? (жұмыс үстелі)
- WINDOWS-тың негізгі обьектілерін атаңдар (қапшықтар, программалар, құжаттар, таңбашалар)
- WINDOWS объектілері неше түрге бөлінеді? (Екі түрге, арнайы, шартты)
- Қапшық дегеніміз не? (Объектілер бірлестігі, файлдарды жүйеге келтіруге арналған)
- Файл дегеніміз не?( Аты бар бірқатар байттар тізбегі)
- Таңбаша дегеніміз не? (Тез іске қосуға арналған командалық файл)
- Қапшықтар компьютерде қалай орналасады?. Оны не деп атаймыз?
(Белгілі бір тәртіппен, иерархия деп аталады)
- Файл типтерін атаңдар (.doc, .txt, .bmp)
- Жұмыс үстелінде қапшық құру командасы (Жанама мәзірді ашып, Создать командасын орындау, шыққан қапшыққа ат беру, ENTER пернесін басу)
- Таңбаша белгісі (таңбаша белгісінде иілген бағыттауыш белгісі тұрады)
- Таңбаша өшірілгенде, таңбаша құрылған файл өшіріле ме? (жоқ )
4 кезең «Теориядан практикаға жол» кезеңі деп аталады. Бұл кезеңде өзіміздің білетін теориялық білімімізді практикаға ұштастырамыз. Екі топқа бірдей тапсырма беріледі.
1 тапсырма
Жұмыс үстелінде әр топ мүшесі өз тобының атында қапшық құрады
2 тапсырма
Осы қапшық ішінде текстік файл құру. Файлдың атын өз аттарымен сақтау. Файлды ашып ішіне кез-келген мақал-мәтел жазу керек.
3 тапсырма
Құрылған файлға таңбаша құру.
4 тапсырма
Жұмыс үстеліндегі «Оқушы» қапшығының атын «Оқытушы» атына өзгерту.
«Оқытушы» қапшығының ішіне «Оқушы» қапшығын құру.
5 тапсырма «Мои документы» қапшығын ашып, «7б» қапшығын жою. Ол қапшықты себеттен көрсет.
5 кезең «Ақиқат және жалған» кезеңі. Тапсырма топ басшыларына беріледі.
Кестеде сұрақтар және олардың жауаптары беріледі. Ол жауаптардың ақиқат жалған екендігін толтыру қажет.
Пікір | Ақиқат әлде жалған | |
1 | WINDOWS қолданбалы программа | Жалған |
2 | WINDOWS терезе деген ұғымды білдіреді | Ақиқат |
3 | Қапшық тек қана жүйелік программаны жүйеге келтіруге арналған | Жалған |
4 | Қапшық екіге бөлінеді | Ақиқат |
5 | Таңбаша жойылғанда, таңбаша құрылған файл жойылмайды | Ақиқат |
6 | . bmp текстік файл типі | Жалған |
7 | Обьектілерді жойғанда, жойылған объектілер себетке орналасады | ақиқат |
8 | Объектілерге ат бергеннен кейін оның атын өзгертуге болмайды | жалған |
9 | Объектілерді өшіру кезінде delete пернесін пайдалануға болады | ақиқат |
10 | Жаңа қапшық құрғанда, оған ат бергеннен кейін caps lok пернесін пайдаланамыз | жалған |
Бұл кезеңде әр сұраққа 1 ұпайдан беріледі. Жеңіс көп ұпай алған топ басшысында. Топ басшылары тапсырманы орындап жатқан кезде «Кубик» ойыны ойнатылады.
6 кезең «Сергіту сәті»
Ал балалар шаршаған шығарсыңдар,
Жаттығуды бастайық
Біраз сергіп алайық.
Саусақтарымызды қимылдатып, көз жаттығуларын жасайық
7 кезең
«Құралдар сайысы»
Төмендегі батырмалардың атын атап, қызметін айту.
Әр табылған батырмаға 1 жетон.
Сабақты қорытындылау: Қапшықтағы жетондарды санау. Қай топта жетон көп сол топ жеңіске жетеді. Оқушылардың білімін өз алдарындағы бағалау парағындағы мәліметтерді пайдаланып, бағалау.
Үйге тапсырма: Қайталау