Формулаларды енгізу. Абсолюттік, салыстырмалы және аралас сілтемелер. Ұяшық мазмұнын көшіру
Сабақ :2- сабақ | Сабақ өтілетін уақыт: 12. 03. 14. Орны: 43 кабинет | Барлық оқушы саны:16 Қатысқаны:16 | ||||
Сілтеме | 8 сынып оқулық,Интербелсенді тақта, Power Point-та слайдтар, ресурс парақтары. | |||||
Сабақ тақырыбы | Формулаларды енгізу. Абсолюттік, салыстырмалы және аралас сілтемелер. Ұяшық мазмұнын көшіру. | |||||
Жалпы мақсаттар | Формулалар арқылы есеп шығару жолдарын үйрету және олардың жолдарын қарастыру. Өз бастақ есеп шығаруға бағыт беру. | |||||
Түйінді идеялар | -Оқушылар іс-әрекеттері арқылы ізденімпаздыққа жетеді.Оқушылардың тақырыпты түсіну деңгейін анықтау, түсінік деңгейін ескере отырып шешім қабылдау. | |||||
Оқыту нәтижелері | — Mic. Excel бағдарламасында формула туралы жалпы мәлімет алады. — Mic. Excel бағдарламасында жол мен баған арқылы мекен жайды тауып формуланы байланыстырады… — Mic. Excel бағдарламасында есептеу жолдарын біледі. | |||||
Көрнекіліктер | Суреттер, слайд-таныстырылым, АКТ. Ресурс парақтары, денгейлік сұрақтар. | |||||
Дереккөздер | Ақпараттық коммуникациялық технология(АКТ), Интерактивті тақта, Mic.Excel бағдарламасы. Оқулық беттері, ресурс парақтары. | |||||
Сабақ барысы | Уақыты | Әдіс-тәсілдер | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | ||
Сабақ кезеңдері 1-кезең: Қызығушылықты ояту: — ұйымдастыру — белсенді әрекетке жұмылдырылады; — ойлау жұмысына ынталандырылады
| 5 мин
3 мин
5 мин | “Лото” ойны.
«Болжау» стратегиясы
Мәнмәтінде айқындау.
| 1.Ұйымдастыру Топқа бөлу: «Mic. Office топтамасының пакеттері»: «PowerPoint», «Excel», «Outlook Express» Шарттары: 1. Әр үстелге 3 бағдарламаны қойып, сол бағдарламаға қатысты сөздерді тауып, оқушылар үш топ құрып орындарына жайғасады.
Жаңа сабақ. «Болжау» стратегиясы арқылы басталады. Оқушыларға слайд арқылы сурет көрсетіп, мынан дай сұрақтар қойылады: 1.Бүгінгі сабақта әңгіме не туралы болады? 2.Қандай тақырып маңайында өрбиді? 3.Excel бағдарламаcымен қандай жұмыстар жасауға болады? 4. Формула арқылы есеп шығару Калькулятор мен есеп шығаруға ұқсайма? Жауабы жақындағандарға, дұрыс тапқандарға жұлдызша беремін.
Топ тапсырмалары: I–Mic. Excel бағдарламасына мәтін енгізу. II – Mic. Excel бағдарламасында жұмыс кітабын құру. Асханада сатылатын товардың аттарын жазу. III – Mic. Excel бағдарламасында ееептейтін фомула құру |
Оқушылар топқа бөлінеді.Топта өзара әрекет етеді. Бір-бірімен пікір алмасады. Іштерінен көшбасшы шығарады.
Оқушылар жаңа топпен жұмыс істейді. Оқушылар «ой қозғау» арқылы ойланады. Әркім өз ойларын айтады. Сұрақтарға жауап бергенде көшбасшы анықталады? Болжау жасайды. Өз жауаптары дұрыстығын салыстырады,көз жеткізеді.
Топпен жұмыс: әр топқа тақырып бойынша тапсырмалар бөлініп беріледі. | ||
2-кезең:Мағынаны ажырату: — оқушылар өз тәжірибелері арқылы жаңа білім туралы өзіндік түсінік пен пікір қалыптастырады;
| 20 | “Куббизм”стратегиясы.
| «Куббизм» стратегиясы. (5 сұрақ) I–топ: 1. Mic. Excel бағдарламасында формуламен есептер шығару үшін алдына қандай таңба қоясың? 2. Формуламен есептегенде нәтижесін алу үшін қандай перне басу керек? 3. Барлық санды қосу үшін яғни суммасын шығару үшін, құрал-саймандар тақтасынан қандай белгішені басу керек? 4. Ұяшықтарды қалай кеңейтуге болады? 5. Формуланың жазу түрін интербелсенді тақтамен көрсет… II – топ: 1. Формуламен жұмыс кезінде «=» таңбасы қандай жұмыс атқарады? 2. Mic.Excel бағдарламасының белсенді ұяшығын қалай табуға болады? 3. Mic. Excel бағдарламасындаfxбелгісі нені білдіреді? 4. Ұяшықтарды неге кеңейту керек? 5. Ауқымды ұяшық дегеніміз не? III – топ: 1. Ұяшықтардың абсолют немесе салыстырмалы сілтемелері не үшін қолданылады? 2. Ұяшықтағы мәліметтерді қалай көшіруге болады? 3. Excel-де жаңа құжатты қалай құрамыз, сақтаймыз? 4. Excel ұяшықтарындағы мәліметтердің орнын қалай ауыстырады? 5. Көшіру операциялары қалай ерекшеленеді? | Куббизм стратегия сұрақтар тапсырмасы көмегімен жұмыс жасау жолдарын түсініп, таниды, жұмыс жасайды. Қандайда бір затты жан-жақты талқылайды, сол арқылы білімдерін қайталайды, жаңа білім қосады. Сипаттайды (түрі, түсі, көлемі) Салыстырады (ұқсастығы, айырмашылығы) Талдайды (қалай жасалған неден тұрады) Ой толғау (бұл неден жасалған) Ұсын (қалай, қай жерде пайданылады) Дәлелде (қарсы ж/е қарсы емеспін)
| ||
3-кезең: Ой- толғаныс: анализ, өз ойлары мен түсініктерін өздері игерген мәліметтері арқылы жеткізеді;
синтез, бір-бірімен ой бөліседі.
сабақ қорытындысы | 10 мин | АКТ пайдалану әдісі. | Бекіту:АКТ пайдаланып өздері практикалық тәжірибесімен ұштастырып жұмыс жасайды. Оқушылар ойларын жинақтайды, ми қыртысында сәулеленген ойларды топтастырады
| АКТ – ны қолданады. Оқушылар постер қорғайды. Әр топ кезекпен бүгінгі сабақтан алған жаңа сабаққа толық анықтама беріп айтады. Қателіктерін түзейді.
| ||
Келесі оқуға арналған тапсырмалар (үй тапсырмасы) | 2 мин. §8.2,3-98беттерді оқып келуге.Келесі тақырыпты қарау. | Формулаларды енгізу. Абсолюттік, салыстырмалы және аралас сілтемелер. Ұяшық мазмұнын көшіру. | Күнделікке жазады.Сұрақтар болса сұрайды. | |||
Рефлексия | Сабақ мақсатына жетті. Тақырып ашылды. Оқушылар түгел белсене қатысты. | |||||