Бумалар мен белгішелерді құру. Атын өзгерту. Обьектілерді көшірмелеу, орын ауыстыру және жою

Сабақтың тақырыбы: Бумалар мен белгішелерді құру. Атын өзгерту. Обьектілерді  көшірмелеу, орын ауыстыру  және  жою

ІІ. Сабақтың мақсаты:

         Білімділік: Оқушыларға файлдар мен бумаларды құру мен іздеу жолын үйрету.

Дамытушылық: Дамыта оқыту негізінде оқушылардың оқу іс-әрекетін белсендіру.

Тәрбиелік: Оқушылардың өз бетінше компьютермен жұмыс істеуге үйрету, еңбекке баулу.

III. Сабақтың түрі: жаңа сабақ

  1. Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар
  2. Сабақтың барысы:
  3. Ұйымдастыру бөлімі:

А) Сәлемдесу;

Б)Оқушыларды түгендеу;

В) Оқушы құралдарын тексеру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру
  2. Жаңа сабақ

Компьютермен  жұмыс істегенде көптеген  файлдар  құруға тура келеді. Егер ол файлдарды тек  бір қапшыққа  орналастыра берсе онда  бара бара ол қапшықтан қажетті файлды тауып алу  қиындай түседі. Сондай файлдарды өзіміз  жасаған жеке  қапшықтарға  орналастырған жөн мысалы: барлық суреттерді сурет  қапшығына ал ойындарды  ойын қапшығына  т.с.с. орналастырады. Қапшық  құрудың мынадай жолы бар:

  • Менің компьютерім қапшығын   ашыңдар;
  • С дискісінің қапшығын ашыңдар;
  • Тышқанның нұсқағышын  меню жолындағы  файл  командасына  орналастырыңдар;
  • Пайда болған созылған менюдің құру командасын  шертіңдер, басыңқы меню пайда болады;
  • Басыңқы менюдегі қапшық командасында  тышқанды шертіңдер;

Сонда  жаңа қапшық  белгішесі  пайда болады.                                                              Обьектінің  атын өзгертудің  бірнеше  әдістері  бар:

 

  • Тышқанның сол жақ батырмасын шертіп обьектіні  белгілеңдер де  қапшық  терезесінің менюдегі  Файл       Переименовать  командасын орыңдаңдар. Обьектінің  ескі  атының төңірегінде төртбұрышты  жақтау пайда болады, оған  пернетақтадан  жаңа  ат іздеп   ENTERпернесін  басыңдар;
  • Обьектіні белгілеп, Ғ2 пернесін  басыңдар да жаңа  ат  еңгізіңдер немесе  ағымдағы атты  түзетіңдер.                                                Обьектінің атын  өзгерту барысында  қателік  жіберсеңдер  ESCпернесін  басып,  жаңа атты  еңгізуді  орындатпауға болады;                 WINDOWS обьектілермен  жұмыс  істегенде  оларды  көшіру  немесе бір орыннан екінші орынға жылжыту  қажет болады. Обьектілерді көшіргенде обьект  бұрынғы орнында  қалады, ал жаңа орынға  көшірмесі  түседі. Қанша  көшірме  қажет болса, сонша  алуға болады. Обьектіні   жылжытқанда, ол жаңа  орынға  орналастырылады да, бұрынғы орында қалмайды. Обьектілерді  жылжытумен  көшірудің  бірнеше  жолдары бар:                                                                                           Тышқанның оң жақ батырмасының  көмегімен. Обьектіні  қапшықтың  терезесінде  жылжыту  немесе  көшіру  үшін  тышқан  нұсқағышын  обьектінің  үстіне орналастырып  оның  оң  жақ  батырмасын  басып  тұрып  жаңа  орынға  жылжытады да батырманы босатады. Одан кейін  экранда  динамикалық меню  пайда пайда болады, онда келесі: егер көшіру қажет болса  КОПИРОВАТЬ; жылжыту қажет болса ПЕРЕМЕСТИТЬ; ал таңбаша  жасау қажет болса  СОЗДАТЬ  ЯРЛЫК  командаларының  бірін  таңдауға  болады.   Бір  қарағанда қажетті емес  және аса маңызды емес болып  көрінетін  обьектілерді  жою  өте  қауіпті  қадам. Обьектіні  ойланбай  жою  программаның  дұрыс  жұмыс  істеуіне  немесе  тіпті  жүйенің  бұзылып  қалуына  әкеледі. Жою  операциясы  тек  оқытушының  бақылауымен  ғана  жүргізілуі керек. Обьектіні  немесе  обьектілер  тобын  жоюдың  бірнеше  жолы бар:
  • Обьектіні белгілеп DEL пернесін  басыңдар;
  • Белгіленген обьектіде тышқанның  оң жақ  батырмасымен  шертіп  динамикалық  менюден  УДАЛИТЬ  командасын  таңдаңдар;
  • Обьектіні немесе обьектілер тобын  белгілеп  қапшық  терезесі  менюіндегі  ФАЙЛУДАЛИТЬ командасын орындаңдар;
  • Обьектіні немесе обьектілер тобын  таңдап, Жұмыс

 үстеліндегі  СЕБЕТ  белгішесіне апарыңдар;

Жоғарыда  айтылған  әдістердің  қайсысын  пайдалансаңдар да  экранда   « Өшіру керек пе қажет пе?» деген  сұрау терезесі  шығады. Егер сендер ИӘ батырмасын шертсеңдер онда   өшірілетін  обьектілер  автоматты  түрде  себепке  салынады. Кейін  оны  корзинадан алып, қайта қалпына келтіруге болады. Егер  сендер ЖОҚ батырмасын  шертсеңдер, онда  обьект  жойылмайды,  бұрынғы орнында  қалады. Жоюды  қапшық  терзесіндегі  менюдің  Правка  Отменить удаление   командасын  орындап іске асыруға болады.

Сабақты бекіту:кеспе қағаз  оқушыларға үлестіріп   беру;

Үй тапсырмасы: оқу, мазмұндау

Бағалау