Редактор командалары. §25. Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер
Сынып: 7 «Ә» І топ
Сабақтың тақырыбы: §24. Редактор командалары. §25. Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік мақсаты: редактордың құрал – саймандарын дұрыс пайдалана білу және командаларды орындай алу қызметін меңгерту;
ә) тәрбиелік мақсаты: эстетикалық талғамын қалыптастыру, нәтиже алуға және уақытты үнемдеуге дағдыландыру;
б) дамытушылық мақсаты: графикалық бейнелеу жұмыстарын орындау арқылы бейнелік ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
Сабақтың типі: Дәстүрлі, саяхат-сабақ
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың өту әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру, иллюстративті, көрнекі, практикум
Сабақтың тіәұ: жалпы сынып, жеке дара, топтық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, экран, презентация, тақта, үлестірмелер
Сабақтың барысы:
1-арал: «Дайындық аралы» (ұйымдастыру кезеңі)
2-арал: «Өткенді қайталау» аралы (өткен материалды қайталау)
3-арал: «Таңғажайып оқиғалар» (үй тапсырмасын сұрау)
4-арал: «Жаңалықтар аралы» (жаңа сабақ)
5-арал: «Шығармашылық сәт» (сабақты бекіту)
6-арал: «Қазына аралы» (қорытынды)
7.Үйге тапсырма
- Бағалау.
І. 1-арал: «Дайындық аралы» (ұйымдастыру кезеңі)
а) Амандасу;
ә)Сабаққа дайындығын тексеру
б) Зейіндерін аудару;
в) Мақсат қою.
г) көңіл-күйлерін сұрау
ІІ. 2-арал: «Өткенді қайталау» аралы (өткен материалды қайталау)
1 кедергі: Paint редакторының терезесі
2-кедергі: Paint редакторының құралдары
3-кедергі:
- Paint редакторын іске қос.
- Егер үш тор көздегі суреттерді бір тор көзге қабаттастырып қойсақ, неше тор көз бос қалады?
- Суретті сақтау жолдарын көрсет.
- Бұрын сақталған суретті ашу жолдарын көрсет
ІІІ .3-арал: «Таңғажайып оқиғалар» (үй тапсырмасын сұрау)
- Барлық фигураларды пайдаланып, мына суретті салыңдар:
- Суретті, салып боя .
3) Тест тапсырмалары
- Раint – ол…?
А) графикалық редактор
В) күрделі мәтіндік редактор
С) қарапайым мәтіндік редактор
Д) кестелік редактор
- Раint редакторы файлдарының типі ?
А) .doc
- B) .bmp
- C) .txt
- D) .jpg
- 3. Раint –тің неше құралы бар?
А) 20 В) 18 С) 14 Д)16
- Стандартты бағдарламаға жатпайтыны?
А) Раint
В) блокнот
С) word Pad
- D) MS Word
- Мына құрал қалай аталады?
А) қылқалам
В) түс таңдау
С) қарындаш
Д) бүріккіш
- . Раint палитрасында қалыпты жағдайда неше түс болады?
А) 20 В) 30 С) 22 Д) 10
Дұрыс жауаптары
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
А | В | Д | Д | В | А |
- IV. Демалыс сәті
Қол саусақтарына арналған жаттығулар
- Алақанды уқалау.
- Қолды қысу
- Білезіктен айналдыру
Көзге арналған жаттығулар.
- Көзді бірнеше рет жыпылықтату.
- Көзіңмен ақырын оң жаққа қарай 3-4 рет айналым жаса.
- Соншалықты айналым солға қарай жаса.
- V. 4-арал: «Жаңалықтар аралы» (жаңа сабақ)
Редактор командалары
- Команданы орындатпау (Правка отменить)
- Команданы қайталау (Правка – Повторить)
- Суреттерді сақтау (Файл- сохранить)
- Мәтіні бар сурет салу ( құралын пайдалану)
- Суреттерді ашу (Файл – открыть)
Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер
- Үзіндіні жылжыту және көшіру белгілеу керек, Правка – Копировать, Правка — Вставить)
- Үзіндіні көбейту. (Shift пернесін басу арқылы)
- Үзіндіні бейнелеу немесе бұру. (Рисунок – отразить –повернуть)
- Үзіндіні еңкейту және созу (Рисунок — Растянуть / Наклонить)
VI .5-арал: «Шығармашылық сәт» (сабақты бекіту)
Экранда көрестілшен суретті салыңдар.
VII. 6-арал: «Қазына аралы» (қорытындылау)
Сындардан не өтуге көмектесті? Достық, өзара көмек, білім
Сабақ ұнады ма? Сабақтан не үйрендік ? не білдік?
VIII. Үйге тапсырма: п. 24,25 оқу. Үйден 1-тапсырма 151 -бет.
ІХ. Бағалау