Тапқыр достар
Сайыс тақырыбы: «Тапқыр достар»
Сайыс мақсаты:
Білімділік: оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін тиянақтау, жүйелеу, жалпылау, бекіту.
Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, белсенділіктерін дамыту, өзара көмектесу, топпен жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту. Шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Сайыста жауапкершілікке, шапшаңдыққа, тиянақтылыққа баулу, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, презентация, плакат, маркер
Сайыс кезеңдері:
- Таныстыру
- «Сөз тапқанға»
- «Ойлан, тап!»
- «Сен білесің бе?»
- «Өнерпаз болсаң»
- «Кім жылдам, әрі тапқыр»
- Қорытынды
Барысы:
Мінекей залда тыныштық
Естілмейді дыбыс түк
Мұны біз де қоштаймыз
Кешіккендерді тоспаймыз
Ғылымдардың жаңасы
Информатика жайында
Сайысты біз бастаймыз
- Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Тапқыр достар» сайысына қош келіпсіздер!
- Бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған екі топты қол соғып қарсы алайық.
Бас иіп топ алдында шығатын
Сәлемдесу парызы әрбір жастың
Білімдерін паш етер сайыскерлер
Сәті келіп қалғандай танысатын, — дегендей сайысымыздың 1-ші кезеңі «Таныстыруды» бастайық! Сөз кезегін «Компьютер» және «Принтер» топтарына береміз. (Әр топ өз тобының атын, ұранын, топ басшысын, мүшелерін таныстырады)
Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып тасып, асықпа, қалыспа сен
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр
Тапқырлық пен шапшаңдық бұл сайыста керек екен– дей отыра келесі кезеңді бастайық.
2-ші кезеңі «Сөз тапқанға»
Мұнда әр ойыншы бір-бірден әріп таңдап алады, сұрақ қойылғанда сол әріптен басталатын жауап беру керек. Әр дұрыс жауап 1 ұпай.
1 топқа сұрақтар:
- Интернет не үшін керек?
- Компьютер қашан пайда болды?
- Компьютердің бағасы қанша?
- Компьютер не үшін қажет?
- Кітапханадан қандай кітап алдың?
- Ноутбук сатып алғың келе ме?
2 топқа сұрақтар
- Компьютер алдында қалай отыру керек?
- Принтердің бояуы бітсе не істейсің?
- Интерактивті тақтада жұмыс істей аласың ба?
- Вирусты қалай жояды?
- Интернеттен не іздейсің?
- Агентте кімге хат жазасың?
3-ші кезеңі «Ойлан, тап!»
Бұл кезеңде интерактивті тақтада слайд-шоумен көрсетілген суреттерді топ басшысы өз тобының мүшелеріне жасырып айтады. Топ мүшелері экранға қарамай тұруы тиіс. Әр сурет 4 секунд ғана тұрады, сосын келесі суретке ауысады. Сол уақытта топ басшысы түсіндіріп үлгеруі тиіс.
1 топқа мынадай суреттер жеке-жеке слайдта көрсетіледі: жүйелі блок, қапшық, кактус, құлақшын, жүзім, хат, модем, электр тогы, қарындаш, әділ-қазылар суреті, колонка, калькулятор, процессор.
2 топқа мынадай суреттер жеке-жеке слайдта көрсетіледі: сағат, компакт-диск, мұғалім, маус, үй тапсырмасын орындап отырған қыз, сканер, доп, принтер, алма, фотоаппарат, монитор, кітап.
4-ші кезеңі «Сен білесің бе?»
Тақтада ұпай сандары жазылған ұяшықтарды таңдау.
5 ұпай – экранда жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ
5 ұпай – Caps Lock пернесінің қызметі?
5 ұпай – Enter пернесінің қызметі?
10 ұпай – Paint графикалық редакторын іске қосу үшін қандай командалар орындаймыз?
10 ұпай – Сурет салуған арналған редактор қалай аталады?
10 ұпай – пернетақта дегеніміз не?
20 ұпай – Word редакторында қандай жұмыс жасаймыз?
20 ұпай – Shift пернесінің қызметі?
20 ұпай – Пробел пернесінің қызметі қандай?
20 ұпай- Құжатты қалай сақтаймыз?
Шындап тұрған шынардай арманы бар,
Өнерлерін көрсетсін ұл мен қыздар
«Өнерпаз болсаң» кезеңіне келіп жеттік,
Ойлантып отырғанды таң қалдырар, — деп келесі кезеңге көшейік.
5-ші кезеңі «Өнерпаз болсаң»
Әр топ өз өнерлерін көрсетеді.
6-ші кезеңі «Кім жылдам, әрі тапқыр»
Тақтада «ПРОГРАММАЛАНҒАНДЫҚТАН» сөзі беріледі. 1 минутта қай топ көп мағыналы сөз құрайтынын байқау.
Қорытынды
Әділқазыларға сөз беру. Жеңген топты анықтау. Марапаттау.
Ойын толқын жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып, — дей отыра бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.