Үлгіні пайдалану
18.Үлгіні пайдалану.Сабақтың тақырыбы: Үлгіні пайдалану
Сабақтың мақсаты: 1. Арнайы әзірленген дайын пішін бойынша жұмыс істеуді үйрену. 2. Фигураларды сызып үйрену арқылы оқушылардың қас икемділіктерін дамыту 3. Оқушыларды қайшымен, үшкір заттармен жұмыс барысында ұқыпты болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас.
Сабақтың әдістемелік тәсілі: Түсіндіру, сұрақ – жауап көрнекілік.
Сабақ пайдалану көрнекілік: Түсті қағаз, қайшы, жәй қарындаш.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру керек:
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Еңбек қауіпсіздік ережесін жатқа айту.
ІІІ. Жаңа материалдармен таныстыру:— Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: Үлгіні пайдалану деп аталады. а) Қалып үлгі дегеніміз не?ә) Қиюб) пішін белгілеу.
- Жаңа сабақ:Қалып үлгі — бұйымдар жасау үшін арнайы әзірленген дайын пішін. Қалып үлгіні қатырма қағаздан қиып алуға болады. Олардың пішіндері әр түрлі болып келеді. Қалып үлгіні пайдаланып геометриялық пішіндер сызып үйренейік.
V.Практикалық бөлім:1. Тікбұрышты белгілеу.2. Шеңберді белгілеу.3. Үшбұрышты белгілеу.
VI.Қорытынды бөлімҚиып алған фигуралардан не жасауға болатынын айтыңдаршы.
VII. Үйге тапсырма беру,бағалау:1,2,3, — сурет бойынша пішіндерді белгілеп, қиып үйрен.