Power Point 2000-да слайд-фильмдер жасау

Сабақтың тақырыбы: Power Point 2000-да слайд-фильмдер жасау

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Слайд-фильмдерді жасау инструменттерін дұрыс пайдалана білу және командаларды орындай алу қызметін меңгерту.

Тәрбиелігі: Эстетикалық талғамын қалыптастыру, нәтиже алуға және уақытты үнемдеуге дағдыландыру.

Дамытушылығы: Презентацияға арналған графикалық бейнелеу жұмыстарын орындау арқылы бейнелік ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың типі: Оқушы білімін бекіту.

Сабақтың әдісі: Деңгейлеп – саралап оқыту

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, қазақ тілі

Сабақтың түрі: практикалық

Сабақтың көрнекілігі: компьютер

Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушыларға сабақтың мақсатын, барысын айту. Қазіргі сабақ «Power Point» компаниясының 45 минуттағы жұмысын сіздер, оқушылар көрсетесіңдер. Әуелі компанияға жаңадан жұмысшы қабылдану керек. Ол үшін осы редакторға  байланысты сынақтан  сүрінбей өтулерін керек. Сіздерге сәттілік тілеймін.

І. «Қызықты бестік» сынағы.

  1. Power Point деген не?
  2. Жасақтаманы және қалыптарды қолдану деген не?
  3. Слайдтарды безендіру деген не?
  4. Жанбітірімді баптау деген не?
  5. Көрме көрсету деген не?

ІІ. «Кім жүйрік?» сынағы

  1. «Құттықтау әлемі» бөлімі

Алда келе жатқан 16-желтоқсан мерекесіне байланысты құттықтау дизайнын жасау.

  1. «Әсемдік әлемі»бөлімі

Жаңа жыл мерекесіне құттықтау дизайнын жасау.

  1. «Сұлулық әлемі» бөлімі

8-науарыз мерекесіне байланысты құттықтау жасау

  1. «Арманшыл әлемі» бөлімі

«Мен кәсіпкер болсам» тақырыбына мәтін құрап жазу.

  1. «Жаңалықтар әлемі» бөлімі

Биылғы жылы болған жаңалықтар туралы сызба сызу

ІІІ. «Кім шапшаң?»сынағы

Тест 20 сұрақтан тұрады, бағасын компьютер қояды.

  1. Power Point бағдарламасында Ғ5 пернесі қандай әмірді орындайды?

а) жан бітірімді баптау        ә) слайд сипаттары       б) анықтама мәзірі        в)слайдты көрсету

  1. Бір файлға жинақталған слайдтар нені құрайды?

а) суреттер                            ә) кодтар                       б)көрме                           в) көрсетілім

  1. Power Point бағдарламасының көрмесінде өң, тақырыптар, мәтін және сызықтар түсін таңдау қандай әмірлер көмегімен жүзеге асырылады?

а)пішім-слайд орналасуы      ә) пішім-өң     б)көрініс-үлгі-слайдтар үлгісі    в) пішім-слайдтың түстік сұлбасы

  1. Power Point бағдарламасы терезесінің қай бөлімінде жаңа әмір орналасқан?

а)файл  ә) слайдтарды көстеу  б) кірістіру   в) көрініс

  1. Power Point бағдарламасында сурет салу үстелінің қай батырмасы фигураның ішін облыс түсін өзгертеді?

а) көлеңке мәнері                         ә) бояу түсі                      б) әріп түсі                         в) сызба түсі

  1. Power Point бағдарламасын қандай әмірлер көмегімен іске қосамыз?

а)жұмыс үстелі-бастау- Power Point   ә)тапсырмалар үстелі-баптау-басқару үстелі- Power Point

б) бастау-бас мәзір –бағдарламалар- Power Point   в) бастау-бас мәзір –іздеу- Power Point

  1. Power Point бағдарламасында жасақтама мен қалыптар … арналған.

а) сызбалық кескіндерді кірістіру                          ә) айрықша слайдтарды әзірлеуге

б) слайдтарды безендіру амалын оңайлатуға             в) электрондық кестелерді  кірістіруге

  1. Power Point бағдарламасы көрмесі слайдтардың жекеленген нысандардың жан бітірім пәрмендері қандай әмір көмегімен белгіленеді?

а)слайдты көрсету-әрекеттер баптаулар                           ә) слайдты көрсету-көрмені баптау

б) слайдты көрсету-жан бітірім пәрмендері                     в)слайдты- көрсету-жан бітірімді баптау

  1. Power Point бағдарламасында слайд макетін таңдау қандай әмірлердің көмегімен жүзеге асырылады?

а)пішім-слайд орналасуы                                                   ә) пішім-слайдтың ьүстік сұлбасы

б) өңдеу-арнайы қою                                                          в) кірістіру-слайдты көшірмелеу

  1. Power Point бағдарламасының көрмесін қамтитын файлдың кеңейтілімін көрсетіңіз?

а)штрих мәнері                     ә)сызық түрі                    б)қаріп түсі                               в)сызық түсі

  1. Power Point бағдарламасының көрмесін қамтитын файлдың кеңейтілімін көрсетіңіз?

а)ppt                                           ә)pps                                    б)dip                                     в)jpa

  1. Power Point бағдарламасында сурет салу құралдар үстелінің қай батырмасымен тұтас сызықты үздік сызықпен алмастырамыз?

а)көрсеткі түрі                     ә) сызық түрі                     б) сызық                                    в) штрих мәнері

  1. Power Point бағдарламасы көрмесі слайды ауысуына кірістірілген дыбысты қалай істеуге болады.

а) кірістіру-фильмдер және дыбыстар – файл дыбысы

ә) кірістіру-фильмдер және дыбыстар –дыбысты жазу

б) кірістіру-фильмдер және дыбыстар –суреттер жинағының дыбысы

в) слайдты көрсету-слайдтар ауысуы-дыбыс

  1. Power Point не үшін қажет?

а)қолда бар ақпаратқа кеңінен қатынауды қамтамасыз ету мақсатымен интернет беттерін жасау

ә)ақпаратты есте сақтау және қабылдау тиімділігін арттыруға арналған көрмелерді жасау

б)сызбалық нысандары бар мәтіндік сызбалық нысандары бар мәтіндік құжаттар жасау

в)формулалық өрнектерді  есептеу тиімділігін арттыру мақсатымен кестелер жасау

  1. Power Point бағдарламасы терезелерде қандай батырма мәтіндік блокты кірістіруге арналған?

а)жазу                                        ә)қаріп                                б)сопақ                    в)тік төртбұрыш

  1. Power Point бағдарламасының мәтінің мәтіндік мәзірінің қай әмірі кез-келген нысанды басқарумен батырмаға айналдырады?

а)уақытты баптау        ә)көрмені баптау             б)жан бітірімді баптау                 в)әрекеттер баптаулары

  1. Power Point бағдарламасы терезесінде жан бітірімді баптау әмірі қай мәзірде орналасқан

а)пішім                           ә)файл                        б) кірістіру                                в)слайдтарды көсету

  1. Көрменің түрлі нысандардан құралатын бөлігі қалай аталады?

а) сурет                        ә) кадр                              б)слайд                                  в)бет

  1. Power Point бағдарламасында Word Art нысанының түсін қандай әмірлер көмегімен өзгертуге болады?

а) Word Art нысаны пішім-сурет –бояу-түс                   ә) Word Art жинағы-мәтінді өзгерту

б)әрекеттер – түстер мен сызықтар-мәтін түсі              в)Word Art нысаны пішімі-сурет –түс

  1. Power Point бағдарламасы терезесінде Word Art үстелін ашу қандай әмірлер көмегімен жүзеге асырылады?

а)кірістіру- Word Art      ә) құралдар-құралдар үстелі   б) көрініс- Word Art   в)көрініс-құралдар үстелі

ІҮ. «Кім ойшыл?» сынағы

Компания президенті жаңадан қабылданған жұмысшылармен сұқбаттасады.

Информатикада пайдаланып жүрген сөздерден  «Тәуелсіз елім» сөзін құрап шығару.

 

Т-ышқан

Ә-мбебап

У-әйн Пикетт (винчестрді ойлап шығарған ғалым 1968ж)

Е-реже

Л-азерлі

С-канер

І-ске қосу

З-ианкес

 

Е-нгізу

Л-обарант

І-здеу

М-онитор

Ү. Бағалау: Бөлім мүшелерін компания мүшесі бағалайды

ҮІ. «Үздік дизайнерді» анықтау, марапаттау

ҮІІ. Үйге тапсырма беру: қайталау