Пернетақтамен танысу

Сабақ жүргізген мұғалімнің  аты-жөніЕрмағамбетова Ұ.Т

 

 

Өткізген күні

Сыныбы:

13.10.14

5  сыныптар       

 

Сабақтың тақырыбы

Пернетақтамен танысу

Сілтеме5 сынып оқулығы

 

Жалпы мақсатыПернетақтаның жалпы жұмыс атқаруы  туралы түсінік беру, неше бөліктен тұратыны және әрбір бөліктің міндетін ұғындыру

Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету,

Оқушылардың ақпараттық мәдениеттілігін арттыру, компьютерді қолдануда ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу;

 

Міндеттер:

 

1.Жаңа тақырыпты түсіну деңгейлерін анықтау;

2. Оқушылардың өздік жұмыстары арқылы білім беруге ықпал    жасау, диалогтік оқыту  арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау;

3. Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау.

 

Мұғалім үшін оқу нәтижелері1. Теорияны практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру;

2. Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау;

 

Сабақтың түрі,әдіс

тәсілдері.

Жаңа  сабақ.

Зерттеу, жүйелеу, түсіндіру,сұрақ-жауап. Топпен жұмыс, жеке жұмыс

 

Сабақтың көрнекілігіИнтерактивті тақта,әдістемелік құралдар,бағалау парағы

 

ТапсырмаларПостер  құрастыру,кумулятивтік әңгіме

 

 

Күтілетін нәтиже

Теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана алады.

Алған білімдерін  өмірде  дұрыс пайдалана алады

Пернетақтаның әрбір пернесін дұрыс басқара алады

Өзгені, өзін дұрыс бағалай алады

 

 

КезеңдеріМұғалім ісәрекетіОқушы ісәрекетіБағалауРесурстар
Ұйымдастыру (2 мин.)Амандасу. Түрлі түсті қағаздар арқылы  3 топқа бөлу.Оқушылар түстері арқылы топқа бөлінеді

 

Қиылған қағаздар
Үй тапсырмасын тексеру (5мин.) 

Сұрақ-жауап;

Әр топтан оқушылар  тақтаға шығып, кластер толтырадыФормативті бағалауОқулық, ватман
Бағалау критерийлерін құру.

(1 мин)

Оқушылармен бірлесе отырып, критерийлер құру, топ басшыларына беру

 

Мұғаліммен бірлесе отырып, критерийлер құру
Жаңа сабақ.

1.Ой қозғау

(3 мин.)

 

Оқушылар назарын Интербелсенді тақтаға аудару.

Интербелсенді тақтадағы суреттер  арқылы пернетақтаға тоқталады

 

Әр топ тақтадағы суреттер арқылы өз ойларын айтады

сипаттайды

 

Формативті бағалауИнтер белсенді тақта, слайд
2.Мәтінмен жұмыс. (5мин.)Пернелер және қызметі

 

 

Оқушылар негізгі түйінді дәптерлеріне жазады.Оқулық
3 .Жұппен жұмыс. (3мин.)«пернелер туралы не білдім?» (Кумулятивтік әңгіме)

 

Оқушылар сұхбаттасады.Формативті бағалау
4. Сергіту сәті.

(2 мин)

«Сергіту» биін көрсетуБи қимылдары арқылы бойларын сергіту

 

 

5. Практикалық жұмыс.

(15 мин)

 

Компьютерлерге отырғызу

 

 

 

 

Жеке жұмыс, әрқайсысына «Кім болғың келеді?» тақырыпта  шағын шығарма жазу

 

 

.

 

 

Формативті бағалау
Сабақты бекіту.

(5)

(«Сазды қобдиша» әдісі арқылы)

Қобдишаға салынған сұрақтарды ұсыну.

 

 

 

 

Қораптан алынған сұрақтарға жауап беру«Сазды қобдиша»
Бағалау

(2 мин)

Бағалау критерийлері бойынша оқушылармен бірігіп бағалау

 

Үйге тапсырма.

(1 мин)

Үй тапсырмасын тақтаға жазу. Түсіндіру.

.

Оқушылар  үй тапсырмасын жазу
Кері байланыс

(1 мин).

Оқушыларға парақшалар үлестіру.

 

Оқушылар кері байланыс бойынша қойылған сұрақтарға жауап беруПарақшалар