Pascal программалау тілі

Сабақтың тақырыбы: Pascal  программалау тілі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Паскаль-программалу тілі, және оның негізгі элементтері туралы айту, түсіндіру. Паскаль программасында жұмыс жасай білуге үйрету.

 Дамытушылық: Тез ойлап, ұтымды жауап қайыра білуге, жүйелі, еркін сөйлеу дағдыларын дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік. Оқушыларды компьютермен жұмыс жасата отырып, қауіпсіздік ережесін сақтауға,ұқыптылыққа,еңбексүйгіштікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі:            Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі:           Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:          Түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі:Компьютер және оның құрылғылары, интерактивті тақта, тірек-сызбалар.

Пән аралық байланыс: Физика, математика, ағылшын.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Сәлемдесу, түгелдеу.

  1. Оқушылардың құрал-жабдығын тексеру.

                                3.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

 

1.Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Алгоритмен программаның қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?
  2. Сызықтық алгоритм дегеніміз не?
  3. Алгоритмдер түрлері қандай?

 

2.Жаңа сабақ түсіндіру.

Паскаль тілін 1968-1971 жылдары швейцариялық ғалым Никлаус Вирт қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Бұл тілдің стандарты кейінірек бекітілді, ол сол кездерде кең таралған АЛГОЛ, ФОРТРАН, БЕЙСИК тілдеріне қарағанда жетілдірілген, жұмыс істеуге ыңғайлы тіл болды.Паскаль тілінде жазылған программаның дұрыстығын компьютерде тексеру және жіберілген қатені түзету оңай. Қазіргі кезде Паскаль тілі кез келген күрделі есептерді шығара алатын, кең таралған стандартты оқу тіліне айналды.

Паскаль тіліндегі программа 3 бөліктен тұрады

  1. Тақырып
  2. Сипаттау бөлімі
  3. Оператор бөлімі

Кез келген программаның алғашқы жолы PROGRAM сөзінен басталатын оның  тақырыбынан тұрады.

 

Одан кейін программаның ішкі объектілерінің  Сипатталу бөлімі жазылады.

Программаның соңғы және негізгі бөлімі операторлар бөлімі болып табылады..Орындалатын іс-әрекеттер, командалар, осы бөлімде орналасады. Ол begin түйінді сөзінен басталып end сөзімен аяқталады.

 

Pascal  тіліндегі программа құрылымы

 

Program bastau

Сипаттау бөлімі

Begin

Оператор бөлімі

End.

 

Сипаттау бөлімінде берілген өрнектердегі айнымалы, тұрақты, нақты сандарды сипаттап жазады.

Операторлар бөлімінде орындалатын негізгі әрекеттер:

Деректер – сан мәндері мен мәтін түріндегі сөз тіркестерін мән ретінде қабылдай алатын тұрақтылар (константалар), айнымалылар, т.б. Осы тәрізді

құрылымдар, немесе солардың адрестері.

 

Дерек енгізу – бастапқы деректерді пернетақтадан, дискіден немесе енгізу-шығару порттарынан енгізу арқылы жүзеге асырылады.

 

Операциялар немесе амалдар – берілген және есептелген мәндерді меншіктеу, соларды өңдеу, салыстыру амалдарын орындайды.

 

Нәтиже алу (шығару) – аралық немесе қорытынды мәліметтерді экранға, дискіге немесе енгізу-шығару порттарына жазу.

 

Цикл- белгілі бір шарттар орындалған (кейде орындалмаған) жағдайда көрсетілген командалар жиыны бірнеше рет қайталанып атқарылады. Қайталау саны бүтін санмен беріледі.

 

Сыныпта  орындалатын тапсырмалар

1.Шеңбердің радиусы 5см-ге тең. Шеңбердің ауданын есептеуге арналған формулаға программа құрастыр.

Шешуі:

Program shenber;

const pi=3.114159;

var s,r:real;

begin

r:=5;

s:=pi*sqr(r);

write(‘r=5=’,r);

end.

2.Ені 3см, ұзындығы 5см болатын төртбұрыштың ауданын есептеуге арналған формулаға программа құр.

 

Шешуі:

program esepteu;

var y,a,b:real;

begin

a:=3;

b:=5;

y:=a*b;

write (‘a=3,b=5 төртбұрыш =’,y);

end.

  1. 3.Екі санның бөліндісін табуға программасын құру.

Program bolindi;

Var a, b, x:real;

Begin

Readln(a,b);

X:=a/b;

Writeln(‘x=’,x);

End.

 

  1. Трапецияның а,и,қабырғалары және һ биіктігі берілген. Трапецияның ауданын есептеуге арналған программа құр.

А=2,b=3,h=5

S=(a+b)h/2

 

program trapesia;

var a,b,s,h:real;

begin

a:=2;

b:=3;

h:=5;

s:=(a+b)*h/2;

write (‘a=2,b=3,h=5 òðàïåöèÿ=’,s);

end.

 

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары.

 

  • Паскаль тілінің негізін салушы кім?
  • Паскаль тілінде программа неше бөліктен тұрады?
  • Программаның негізгі бөлігі қандай түйінді сөзден басталып, қандай сөзден аяқталады?
  • Оператор дегеніміз не? Олар қандай топтарға жіктеледі?