MS Word мәтіндік редакторы. Мәтіндік құжаттарды пішімдеу
Сабақтың тақырыбы: MS Word мәтіндік редакторы. Мәтіндік құжаттарды пішімдеу
Сабақтың мақсаттары:
- Білімділік: Білім алушыларға MS Word мәтіндік редакторымен жұмыс жасауды, мәтінді пішімдеу, белгілеуді, өшіруді, жылжытуды көшіруді үйрету; жол аралығын және абзац аралығын тағайындауды үйрету.
- Дамытушылық: Білім алушылардың MS Wordбағдарламасында жұмыс жасау дағдыларын, білім, біліктерін және олардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
- Тәрбиелік: Білім алушыларды жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімдерді меңгерту сабағы.
Сабақтың әдісі:Түсіндіру, практикалық жұмыс жасау
Пәнаралық байланыс: Математика
Оқыту құралдары: компьютерлер, интерактивті тақта, оқулық
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Амандасу
- Түгендеу
- Білім алушылардың назарларын сабаққа аудару
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Меню қатары: Файл , Правка, Вид , Вставка , Формат , Сервис , Таблица , Окно , ?,
Правка-(Түзету), Вид-(Түр), Вставка-(Қою), Формат-(Пішім), Сервис-(Көркемдеу), Таблица-(Кесте), Окно-(Терезе), (?)-көмек .
Файл-файлмен жұмыс;
Правка –(түзету)-құжатты түзеу ;
Вид – (түр)-экранды өзгерту ;
Вставка –(қою)-түрлі объектілерді құжатқа қою;
Формат – (пішім)-символ,абзац ,кестелі стильді форматтау;
Сервис –(құжатты көркемдеп ,қатесін тексеріп , баспаға дайындау)
Таблица –(кесте)-кестелермен жұмыс;
Окно – (терезе)-терезелермен жұмыс;
(?) – (көмек)-қысқаша мәліметтер;
Меню командалардан тұрады . Меню қызмет білдіреді , командалар сол қызметке байланысты нақты әрекеттерді орындайды .
Файл менюінің командалары
Создать – (құру)-жаңа құжат құру;
Открыть –(ашу)-дискіде сақталған файл құжатын ашу ;
Закрыть –(жабу)-жұмыс істеп жатқан екпінді құжатты жабу;
Сохранить –(сақтау)-екпінді құжаттыашылған аты бойынша дискіде сақтау;
Сохранить как –(қалай сақтау) – екпіндіқұжатты ашылған аты бойынша немесе жаңа атпен сақтау;
Параметры страницы –(парақ көрсеткіштері)-қағаз өлшемін, жиегін баспаға беру жолын, беттін бағытын тағайындау;
Передварительный просмотр –(алдынала қарау)-құжаттын баспадағы түрінкөрсету;
Печать –(баспа)-құжатты басуды басқару;
Перечень файлов –(файл тізімі)-соңғы бірнеше екпінді құжаттар тізімі;
Выход –(шығу) – Word-тан шығу;
Правка (түзету) менюінің командалары.
Отменить операцию(амалды доғару).
Повтарить операцию(амалды қайтару)-доғарылған амалды қайтару;
Вырезать(қию)-белгіленген тексті қиып алып, алмасу буферіне көшіру;
Копировать(көшіру)-белгіленген текст фрагментін алмасу буферіне көшіру;
Вставить (қою)-алмасу буферінде сақталған информацияны курсор тұрған жерге қою;
Удалить (өшіру)-құжатта белгіленген фрагментті өшіру;
Выделить все(бәрін белгілеу)-бүкіл тексті белгілеу;
Найти (іздеу)-құжаттан текстің керек фрагментін іздеу;
Заменить (ауыстыру)-құжаттан текст фрагментін ауыстыру;
Вид(түр)-менюінің командалары
Обычный(қалыпты)-тексті форматтаудың барлық түрін қалыпты көру режимін тағайындау;
Структура (құрылым)-құжат құрылымын құрып немесе өзгеретінін көру режимін тағайындау;
Разметка страницы(парақтау)-парақта баспаға шығаратын көру режимін тағайындау;
Во весь экран(толық экран)-құжатты бүкіл экранда көру;
Панели инструментов (саймандар тақтасы)-саймандар тақтасын көрсету немесе жасыру;
Линейка (сызғыш)-сызғышты көрсету немесе жасыру;
Колонтитулы(қосымша текст)-әр бет басындағы не соңындағы қосымшатексті өзгерту немесе қосу;
Вставка (қою) менюінің командалары
Парақ беттері, символ, мазмұнын немесе көрсеткіштер, файл, сурет, мәліметтер қоры, кадр сияқты обьектілерді қоюға арналған.
Пішімдеу деп-мәтіндік құжаттардырәсімдеу бойынша жүргізілетін әртүрлі әрекеттерді айтады.Құжат пішімдеуді құжат құруға дейін де және одан кейін де жасуға болады.
Пішімдеу әрекеттерін орындай отырып
- әртүрлі қаріптерді пайдалануға;
- жұмыс өрісінің шекараларын өзгіртуге, сол жақ, оң жақ, жоғары, төменгі өрістерін айқындауға;
- беттегі мәтінін туралауға; жоларалық интервалды орнатуға және өзгертуге;
- мәтінді бағандарға бөлуге;
- мәтінді жиектеугедің әртүрлі типтерін қолдануға;
- мәтінді рәсімдеумен байланысты басқа да мүмкіндіктерді қолдануға болады.
Тәжірибелік жұмыс жасау
Төмендегі мәтінді тер
Адамның арқасында үлен және кіші әмбебап және арнайыэлектрондық есептеуіш машиналар пайда болды. Бірақ олардың көлемінің, сыртқы түрлерінің, орындайтын қызметтерінің әртүрлілігіне қарамастан, барлық компьютерлер бір принциппен жұмыс істей, отырып әрқайсысы міндетті деген: ақпаратты енгізу, шығару құрылғыларынан, процессор және ақпаратты сақтайтын зерде сияқты бөліктерден тұрады.
Жаңа құжат құр.
ә) Сақтаулы құжаттарды аш
б) Беттің өлшемдерін өзгерт
в) Құжатты жаңа ат беріп сақта
г) Сақтаулы тұрған құжатты қайта сақта
ІІІ. Сабақты бекіту:
- Жаңа құжат құру үшін қандай команданы орындаймыз?
- Қию, өшіру, көшіру, қою командалары қай менюде орналасқан?
- Экранды қай меню командаларының көмегімен өзгертеміз?
- Құжатты сақтау үшін қандай команданы орындаймыз?
- Баспаға шығару үшін қандай команданы орындаймыз?
- Символдар қаріпін қалай тағайындайды?
- Абзацты жиекпен және өрнекпен қалай безендіруге болады?
- Абзац шекарасын, алғашқы жол шегінісін, абзац аралығын қалай тағайындайды?
- Элемент белгілеуін қалай алып тастау керек?
- Сөзді, жолды, сөйлемді, абзацты, бүкіл мәтінді қалай тез белгілеуге болады?
- Сабақты қорытындылау:Білім алушылар MS Word мәтіндік редакторымен жұмыс істеуді мәтінді пішімдеуді, белгілеуді, өшіруді, жылжытуды көшіруді, жол аралығын және абзац аралығын тағайындауды үйренді.
- Үй тапсырмасы: Еркін тақырыпта «Менің тобым» атты шығарма жазып, теріп, оны пішімдеу арқылы безендіру. (Пішімдеудің барлық командаларын қолдану)