М.Әуезов “Абай жолы” роман-эпопеясындағы қазақ әйелдерінің бейнесі
№ 4 С.Сейфуллин атындағы орта мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы: М.Әуезов “Абай жолы”
роман-эпопеясындағы
қазақ әйелдерінің бейнесі
Пәні: Қазақ әдебиеті
11-сынып
Пән мұғалімі: Исмайлова Б.Х.
Қызылорда қаласы
Тақырыбы: М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясындағы қазақ әйелдерінің бейнесі
Мақсаты: 1. Абай шығармасын, өмір жолын тереңдеп оқып үйрету; Қазақ әйелдерінің бейнесін ашып, мәлімет жинақтау;
- Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін, өмірге көзқарастарын дамытып, шығармашылық белсенділіктерін шыңдау;
- Сөз өнеріне, қызығушылыққа баулу, анаға, әйелге, деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
Сабақ түрі: дамыта оқыту
Сабақ типі: жаңа білім үйрететін сабақ
Әдісі: ой қозғау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, мәтінмен жұмыс, топпен
жұмыс, баяндау, талдау, көрініс қою, венн диаграммасы, қосымша
әдебиетпен жұмыс, проблемалық сұрақтарды шешу, іздену.
Көрнекілігі: Абай, Мұхтар портреттері, буклеттер, қосымша әдебиеттер,
магнитафон, карта, қанатты сөздер:
«Абай жолы» — ХХ ғасырдағы ең мәнді романдардың бірі
Л. Арагон.
«Абай жолындағы» әйелдер бейнесі.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру. (оқушыларды түгелдеп, топқп бөліп отырғызу)
ІІ. Кіріспе сөз.
Жүрегіңнің түбіне терең байла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла,
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма, — деген ұлы Абайдың өмірінің қыр-сырын, өсу жолдарын, қоршаған ортасын заманының заңғар биік академик – жазушысы М.Әуезов: «Абай жолы» эпопеясында жан жақты суреттеген. Бағдарлама бойынша 4-сағатын өткелі отырмыз. Мақсатымыз: Абай өмірін тереңдей оқып, қайнарына бас қою, үйрену, талдау, әйелдер бейнесін ашу, 4 топқа бөлініп, жұмыс жасаймыз.
- Этнографтар
- Лингвистер
- Әдебиетшілер
- Дарын (шығармашылық топ)
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.
Танымдық қабілетін анықтап, сабаққа ынтасын тудыру мақсатымен тапсырмалар беріледі.
- Абайдың ата-тегі туралы не білесіңдер? Жеті атаңды ата.
- Романдағы оқиға болған жерді картадан көрсет.
Этнографтар
- Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндір.
- Диалог дегеніміз не? Мәтіннен тауып оқыңдар.
Лингвистер
- Шығарма бөлімдері мен оқиғаларын атаңдар.
- Құнанбай мен Абайға венн диаграммасы бойынша мінездеме
Әдебиетшілер
- Дискуссиялық карта құрастыру.
- Ұнамды, ұнамсыз бейнелер.
Дарын
І. Дискуссиялық карта құрастыру.
- Ұнамды халық өкілдерінің бейнесі
- Ұнамсыз үстем тап өкілдері.
ІҮ. Абайдың 17 қарасөзінде ақыл, қайрат, жүрек туралы пікір айтылады. (мазмұны)
- Сендердің ойларың? Адамға қайсы қасиет аса қажет деп ойлайсыңдар? (пікір тыңдалады)
- Абайдың ақылына ақыл қосып, ең алғаш махаббат сезімін оятқан, қайратын танытып, жүрегін тебіренткен тағы бір топ бар. Ол кімдердің тобы деп ойлайсыңдар?
- Әйелдер тобы. Бүгінгі жаңа сабағымыз М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы қазақ әйелдерінің бейнесі.
- Помандағы әйелдер туралы қандай деректер жинақтадыңдар? (кезектесіп оқиды)
Ү. Мәтінмен жұмыс. Әйелдер бейнесін ашу.
«Абай жолы» романы І том
- Ұлжан,Айғыз, Зере. 10 бет, 41 бет, 71-72 бет
- Ділдә. 187-188 бет
- Шүкіман. 310-311 бет
- Керімбала. 362-бет
- Нұрғаным. 231-бет
- Үмітей. 445-бет.
- Салтанат. 413-бет.
ҮІ. Шығармашылық топпен жұмыс.
Көрініс: «Көзімнің қарасы» әні баяу айтылады да, Абайдың монологы оқылады… Кездесу… Жарқ етпес қара көңілім…
Қатысушылар: Абай, Тоғжан, жеңгесі, Ербол.
ҮІІ. Бекіту. Алған білім, білік, дағдыларын тексеру, жүйелеу, жинақтау.
Топпен жұмыс.
І. Тақырыпқа сай әйелдер бейнесін топтаңдар.
ІІ. Кестені толтырыңдар.
Әйелдер | Абайдың көзқарасы | Өзіңнің көзқарасың |
Ұлжан Тоғжан Ділда Салтанат Әйгерім |
ІІІ. Қазақ әйелдерінің тағдыры қалай суреттелген?
ІҮ. Өздеріңнің өмірлеріңдегі әйелдердің орны қандай?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: Романды оқу, әйелдер бейнесін талдау, көркем
сөздерді табу.
ІХ. Бағалау.
Х. Қорытынды. Әйел жерден шыққан жоқ-
Ол да еркектің баласы
Ерлер көктен түскен жоқ-
Әйел оның анасы – демекші, Абайдай дүниеге ұл әкеліп, өмір сыйлаған ата-анаға, жаны жомарт әйел-аналарға бас иеміз!
Сабақ аяқталды.