Қағаздан моншақ құрастыру.
Сабақтың тақырыбы: Қағаздан моншақ құрастыру.
Сабақтың мақсаты: 1 Құрастырудың әдіс тәсілімен таныстыру.2. Ұқыптылыққа, ептілікке баулу. 3. Өнерге қызығушылығын арттыру.
Жабдықтау: картон. Түрлі-түсті қағаз ,желім қайшы.
Сабақтың мазмұны
І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Жаңа сабақ:а) Үлгіні пайдаланып қағаздан біркелкі дөңгелектер қиып аламыз. Дөңгелектердің іш жағына қылқаламмен желім жағамыз.Мөлшерлеп алған жіптің екі жағынан екі дөңгелекті беттестіріп желімдейміз. Жіпті дөңгелектердің ортасымен өткізу керек. Дөңгелектерді бір түсті немесе әр түсті қағаздан жасауға болады. Есте сақтаңдар!Кішкентай пішіндерге желімді ұшталған шырпымен жағу ыңғайлы.Жұмыс аяғында қолды сабынмен жуу керек.Шам құрастыру.Үлгісіне қарап отырып құрастыру.
ІҮ. Жаңа білімді бекіту:-Дөңгелектердің өлшемін әр түрлі етіп алуға бола ма?—Моншақты жасау үшін қандай қағаздар керек?
Ү. Сабақты қорытындылау:Оқушылардың жұмысын салыстыра отырып, еңбегіне баға беру.