Махамбет — өр рухты ақын

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жангелдин орта мектебі

 

 

 

Тақырыбы:

 

Махамбет — өр рухты ақын

/8 сынып/

 

 

 

 

 

 

 

Дайындаған: Бекенова Индира Қонысбекқызы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Махамбет – өр рухты ақын

Сабақтың мақсаты: білімділік- Махамбет шығармалары бойынша алған білімдерін жетілдіру, тереңдету; дамытушылық- ізденгіштік қасиеттерін арттыра отырып, дәлелді пікір айтуға үйрету, ойлау қабілеттерін дамыту, тұжырымды ой айта білуге үйрету; тәрбиелік- ақын шығармаларына деген қызығушылығын ояту, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, ұлағатты сөздер, үлестірмелі қағаздар, жыр жинағы.

Сабақтың түрі: білімді жүйелеу, жинақтау.

Сабақтың әдісі: баяндау, талдау, түсіндіру, қорытынды.

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:  үйге Махамбеттің балалық, жастық шағы берілген болатын.

  1. Махамбет қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
  2. Махамбет хан ордасында кімнің арқасында тәрбиеленеді?
  3. Махамбеттің досы кім?
  4. Жәңгір ханның баласының аты кім?
  5. Жәңгір хан губернаторға қандай хат жазды және ол хатта кім туралы айтылды?
  6. Махамбеттің халық жағына шығуы дұрыс па?
  7. Махамбет Өтемісұлының қандай өлеңдері бар?

 

Махамбет – өр рухты ақын

Махамбет Өтемісұлы 1803-1846 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы Орда ауданында, Нарындағы Бекетай құмында дүниеге келген. Оның әкесі Өтемісте он ұл болған. Тұңғышы Бекмағанбет, екіншісі Махамбет болған. Махамбет Өтемісұлы жастайынан хан ордасында болған. Сонда ол арабша, орысша, қазақша сауат ашқан. Махамбеттің хан ордасында болуының екі себебі болған: біріншісі Махамбеттің ағасы Бекмағанбет Жәңгір ханның он екі биінің бірі болған. Екіншісі, ол кезде хандар қолында ескі дәстүр бойынша қарамағында оларды мақтайтын үлкен дәрежеге жеткізіп өлең айтатын ақындарды ұстаған. Міне осыдан біз Махамбеттің жастайынан ақын болғанын көреміз.

Жасынан-ақ Махамбет халқының болашақ жалынды ақыны болып, өмірдің шындығын айтуға бет түзеді. Орда айналасындағы әр алуан әділетсіздікті, жауыздықты өз көзімен көргеннен кейін ол жалпы ел басындағы ауыр халді де ұғына бастады. Осы уақытта ақынның өлеңдері халық үшін ұран болды. Махамбеттің шыншыл ақын болғанын, біз мына өлең жолынан көреміз. Мысалы:

Хан емессің, қасқырсың,

Қас албасты басқырсың.

Достарың келіп табалап

Дұшпаның сені басқа ұрсын…

Махамбеттің бұл көтеріліске жазған өлең-жырлары халқы үшін көтеріліс, күрес үстінде туған.

«Мен — құстан туған құмаймын» өлеңінің бірінші шумағына сатылай кешенді талдау.

Мен — құстан туған құмаймын,

Бір тұлпарға жұбаймын.

Сауырыма қамшы тиген соң,

Шаппай неғып шыдаймын?

Тақырыбы: «Мен — құстан туған құмаймын»

 

Мазмұны: Қайраты қайтпаған, жігері жасымаған

рухты ақын бейнесі

4 тармақты

7,8,9 буынды

а а б а    қара өлең ұйқасы

Мен – құстан туған құмаймын.

Топтастыру. –Махамбеттің өлеңдерін оқу арқылы ақынды қай қырынан таныдыңдар? Ойларыңды дәлелдеңдер.

 

Махамбет
Романтик ақын
Өр рухты батыр ақын
Сыршыл ақын
Ірі сыншыл

ақын

Күрескер ақын
Ұлтжанды ақын
Айнымас дос
Философ
Күйші

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бинго ойыны

 

СұрақтарЖауаптарНұсқалар
1М.Өтемісұлының туған жылы?1803 ж1
2Махамбеттің руыБеріш1
3Өтемісте қанша бала болған?«Өтемістен туған он едік…»1
4Махамбет жауласқан ханЖәңгір2
5Көтеріліс қанша уақытқа созылды?18 айға1
6Жәңгір ханның қайын атасы кім?Қарауылқожа Бабажанұлы2
7Хан жасағымен Исатай сарбаздары соғысқан жерҚиялымола1
8Махамбет Өтемісұлы қайтыс болған жыл1846 ж2
9Өтемістің көтеріліске қатыспаған баласыБекмағанбет1
10Көтеріліс қай жылы басталды?1836 ж2
11Махамбеттің ұраны«Ағатай Беріш»1
2
12Қиялымоладағы шайқасқа қатысқан Исатай туы астындағы сарбаздардың саны қанша?200 сарбаз2
13Исатай өлімінен кейін Махамбет кімге арқа сүйеді?Әлім-Шекті ауылының тұрғындарына2
14Махамбеттің орысша оқытпақ болып Орынборға ертіп барған баласы кім?Нұрсұлтан2
15Исатай – Махамбет көтерілісін басу үшін жіберілген ақ патшаның подполковнигіПодполковник Гекке1
16Махамбеттің сүйегі қайда жерленген?Қаройда1
17Махамбеттің басына Баймағанбет сұлтан қанша ақша тікті?1000 сом2
18Махамбеттің қапияда басын алған жауыз, сатқынЫқылас1
19Жәңгірдің ұлыЗұлқарнайын1
20Махамбеттің айнымас досыИсатай2
21Махамбеттің күйі«Ақжелең»2
«Қайран Нарын»1
22Элегия дегеніміз не?Мұң мен өкінішке толы өлең2

 

 

1 – нұсқа

Қиялымола«Қайран Нарын»Подполковник ГеккеЗұлқарнайын
1803 жБекмағанбет«Өтемістен туған он едік…»18 айға
ЫқыласАғатай БерішҚаройдаБеріш

 

2 – нұсқа

1000 сомӘлім-Шекті ауылының тұрғындарынаМұң мен өкінішке толы өлең1846 ж
1836 жҚарауылқожа БабажанұлыНұрсұлтан«Ақжелең»
ЖәңгірИсатайАғатай Беріш200 сарбаз

 

 

Махамбет қандай ақын?

Туған жерін қызғыштай қорыған ақын
«Ау, қызғыш құс»

«Нарында»

«Еділ үшін егестік»

Туған жері үшін найзалы күреске шақырған өршіл романтик ақын
«Ереуіл атқа ер салмай»,

«Толарсақтан саз кешіп»,«Еділ мен

Жайық жер еді-ау»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ерлік поэзиясын жасаған ақын, жырау, күйші
«Тарланым»,

«Тайманның ұлы Исатай»

«Соғыс», «Мінкен ер» т.б.

7 күйі бар: «Жорық», «Қайран Нарын», «Ақжелең» т.б.

Туған жері үшін найзалы күреске шақырған өршіл романтик ақын
«Баймағанбет

сұлтанға айтқаны»,

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Орамал тастамақ» ойыны.

Оқушылар ақын өлеңдерінде кездесетін қиын сөздердің мәнін ашады. Ойын орамалды кезектесіп бір-біріне беру арқылы ойналады.

 

  1. Ереуіл – ұзақ жортуылға төзімді де, шыдамды, берік, мықты.
  2. Еңку-еңку – кедір-бұдыр, ойлы-қырлы.
  3. Тебінгі – тоқым қысқа болғанда аяқкиім мен шалбар балағын қорғайтын, ер-тұрман құрамына қатысты әбзелдердің бірі.
  4. Терлік – тоқымның астына салатын, қойдың жабағы жүнінен тер сіңіру үшін жасалатын киіздің бір түрі; тершік.
  5. Малта – сүзбеден сығып, домалақтап дайындаған уақ құрт.
  6. Толағай – түгі жоқ, тап-тақыр, жалаңаш.
  7. Қарындас – көне мағынасы ағайын-туған, бауыр.
  8. Құмай – таулы жерді мекендейтін ірі жыртқыш құс.
  9. Қалықпан – тазқара, сақалтай, құмай деп те аталатын бүркіт тұқымдас құс.
  10. Мұнар – күн ашық кездегі ауаның күңгірттігі, буалдырлығы.
  11. Буыршын – аруана мен үлектен туған төрт жасар бура.

 

Қорытынды:

Тест

  1. М.Өтемісұлы қай әдебиеттің өкілі?

а)ауыз әдебиеті                     ә)жазба әдебиеті

  1. Көтерілістің мақсаты қандай?

а)ханнан жеке басының кегін алу

ә)қара қазан, сары бала қамы үшін

  1. Күрес күндерін суреттейтін жыры қайсы?

а)«Ереуіл атқа ер салмай»        ә)«Қызғыш құс»

  1. Бұлықсып жүрген мырзадан

Бұралып дәулет тайған күн…

а)«Ерлердің ісі бітер ме»             ә)«Мұнар күн»

  1. Махамбеттің қайтыс болған жері?

а)Бекетай                   ә)Қараой

  1. Махамбет өмір сүрген жылдар?

а)1803-1885 ж                         ә)1803-1846 ж

  1. Махамбеттің сөздері.

а)Жай, бос сөздер

ә)«Жалаулы найза қолға алып» жау тоқтататын сөздер.

  1. Махамбеттің ағасының есімі?

а)Бекмағамбет                         ә)Баймағанбет

  1. Махамбеттің күйі.

а)«Балбырауын»                     ә)«Ақжелең»

  1. Махамбет ақынның:

«Хан емессің, қасқырсың,

Хас албасты басқырсың…» -деген өлең жолдары кімге айтылған?

а)Исатайға                        ә)Жәңгірге

Үйге тапсырма: «Туады ерлер ел үшін» тақырыбына шығарма жазып келу.

Бағалау.