Дала жұлдызының әңгімелері.

 

Сабақтың тақырыбы Дала жұлдызының әңгімелері.

        

                           Сабақтың эмблемасы: Күн шығысқа ұмтылған Қар барысы.

 

Сабақтың мақсаты:

  1. Дала жұлдызының төменгі

   сыныпта өткен шығармаларын еске түсіру.

  1. Әңгімелерінің тәрбиелік мәнін ашу.
  2. Әңгімелерді топтастыра отырып, ой-толғау жазу, сөз жарысқа түсу.

 

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту. «Құда түсу» (мұғалімнің жаңалығы)

Сабақтың ұраны: Қазақстан келешегі мектептен басталады.

Сабақта қолданылатын жаңа технологиялар:

              Дамыта оқыту технологиясы.

              Мәселе қою технологиясы.

       Жобалау технологиясы.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: Оқушыларды шығармашылаққа баулу, баяндау, сұрақ-жауап, жеке жұмыс,  талдау, жинақтау, жұптық, иллюстративті әдістер.

Пәнаралық байланыс: Сазды әуен, қазақ әдебиеті, тарих.

Сабақтың көрнекілігі:

  1. Кітап көрмесі.
  2. Сөздік көрнекілік: Ы. Алтынсарин әңгімелерінен, өлеңдерінен үзінді.
  3. Заттық көрнекілік: Ж.Молдағалиев «Алғашқы қоңырау», «Жалын» баспасы. Алматы — 1975. Қазақ әдебиетіне арналған хрестоматия. Елікбаев С.Т. Арман — ПВ.

Әнуар Дербісалин. Ыбырай Алтынсарин. Тарихи тұлға тағлымы 88-89 беттегі суреттер, тақта, бор, кеспе карточкалары.

  1. Сызбалы көрнекілік: Технологиялар жүйесіне салынған сызба үлгілері.
  2. Суретті-түсіндірмелі көрнекілік: Суреттер, жазулар, газет-журналдар материалдары, кітаптар.
  3. Интерактивті тақта.
  4. Интернет ақпараттары.

 

Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі:

 

а) Оқушылармен амандасу.

ә) Психологиялық ынталандыру: Мұғалім сөзі: Сәлеметсіздер ме, балалар.  Бүгінгі сабақта сіздер «Қазақстанның келешегі мектептен басталады» деген сөзді қорғауға дайынсыздар ма? Лайық болсаңдар «қар жауса да сөнбейтін» оттарыңның бар екенін дәлелдейтін сияқтысыңдар. Енді жолбарыстай қайратты қырандар диагностикалық кезеңдегі ой шақыру тапсырмасын орындайық. Назарларыңызды интерактивті тақтаға аударыңыздар. Тапсырмаларды дұрыс жазған оқушы суреттегі сыйлықтың атауына ие болады.

Интерактивті тақтадағы тапсырма

 

1-тапсырма

ІІ. Ізденіс тенденциясы: Дала жұлдызымен танысу./Алдыңғы берілген тапсырма бойынша мүмкіндігінше әр бөлімге қысқа,дәл,нақты жауап беру талап етіледі, Оқушылардың кейбіреуі  тапсырманы жазбаша береді,енді бірі тақтада,бір-екеуі ауызша айтады./.

          1 БАҒЫТ.  Ы. Алтынсарин кім? (Жауабын инт. тақ. жазылады.)

  1. БАҒЫТ Ы. Алтынсарин әңгімелері. (Жауабы инт. тақ. Жазылады.)

Орнында отырған 3- қатар оқушылар әңгімеден қанатты сөздер жинайды.

 

ІІІ. Тұсау кесер кезеңі: Оқушылар берілген ақпараттан ой түйіндейді.

         Әңгімелерден аннотация жаз. (Тапсырма дәптерлерінде орындалады. Қысқа түйін тақтада беріледі.)ІY. Кім көп біледі? Оқыған әңгімелердің тек тәрбиелік мәнін ашу талап етіледі.(Тап. ауызша орындалады.)

  1. Әңгімелердің сюжетіне сурет салу. (Тап. тақтада орындалады. Суреттерге тақырып қояды.)
  2. Кім көп сұрақ қояды? (Тап. ауызша орындалады. Ұтқыр сұрақ қойған оқушы жеңеді.)

 

 

 

 

 

  1. Сабақ қорытындысы: Жоба қорғау.

\

Қандай тағылым алдық?

 

 

 

YIІI. Бағалау.

                               

 

Сандуғаш Советқызы Бралина

№18 орта мектеп.Көкшетау қаласы.

Жоғары дәрежелі мұғалім, «Үздік қазақ тілі мұғалімі» байқауының жеңімпазы