Әлемнің ақпараттық көрінісі
Сыныбы: 6 | Күні: Пәні: Информатика Пән мұғалімі: Сапашева Елена | ||
Сабақтың тақырыбы: | Әлемнің ақпараттық көрінісі | ||
Сілтеме | Оқулық Информатика 6-сынып Е.А.Вьюшкова, Н.В.Прараскун, Б.Қ.Әбенов Астана «Арман-ПВ» 2014 жыл
| ||
Мақсаты: | — Қазіргі әлемдегі ақпараттың даму қарқыны, оны пайдалану мүмкіндіктері, ақпараттық үдерістер туралы түсінік беру — Оқушылардың ой-өрісін дамыту, сыни ойлай білуге дағдыландыру, өз пікірлерінеркін жеткізуге тәрбиелеу — Оқушылардың ой-өрісін, іскерлікқабілеттерін дамыту | ||
Күтілетін нәтиже: | — Ақпарат туралы түсініктерін толықтырады; — Ақпараттың маңызын түсінеді; — Ақпараттық үдерістерді қолдануды үйренеді; — Қазіргі ақпараттың дамуы жөнінде өзіндік ойлары қалыптасады. | ||
Сабақтың түрі: | Аралас сабақ | ||
Негізгі дереккөздер: | Оқулық. компьютер, интерактивті тақта, интернет материалдары, постерлер, слайдтар, стикерлер, таратпа материалдар, топ ережесі, бағалау дискрипторлары мен бағалау парағы | ||
Әдіс –тәсілдер: | Диалог, топтық жұмыс, тірек сөздер стратегиясы, топтастыру стратегиясы, кубизм стратегиясы, АКТ, «Бес жол өлең» әдісі, ББҮ тұртіп алу стратегиясы, талдау, қорыту, формативті бағалау | ||
Сабақтың барысы: | |||
І. Ұйымдастыру (2 мин) | — Оқушылармен сәлемдесу; — Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру; — Жағымды психологиялық ахуал туғызу; (тілек сөздер жазылған құттықтау қағаздарын тарату) — Оқушыларды топқа бөлу (құттықтау қағаздарының түрі бойынша), топ мүшелерін сайлау, топ ережесін құру; | ||
ІІ. Ой қозғау. (3 мин) (СТО стратегиясы, АКТ) | Жуан және жіңішке сұрақтар 1. Ақпарат дегеніміз не? 2. Ақпараттың қандай өлшем бірліктері бар? 3. Ақпаратқа қандай теңеулер жасауға болады?
| ||
Кезеңдер. Берілетін уақыт (40 мин) | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | |
ІІІ. Қызығушылықты ояту | Оқушыларға тірек сөздер беріледі. Сол сөздерді қатыстырып білетіндерін, өз ойларын жеткізеді, мәтін құрады Тірек сөздер: ақпарат, байт, қағаз, дыбыс, сезім мүшелері Оқушылардың берген жауаптарын жаңа тақырыппен байланыстыру
| — Оқушылар бүгінгі күнді және тақырыпты дәптерлеріне жазып қояды. — Тірек сөздер бойынша білгендерін, ойларын айтады — Бірін-бірі тыңдайды, бағалайды, толықтырады — Оқушылар дәптерлерінде ББҮ бойынша кестенің «Білдім» деген бағанын толтырады | |
ІV. Мағынаны тану
| — Мәтін бөліктерін оқып шығыңдар Топтастыру стратегиясы — 1-топқа: «Ақпараттың адамөміріндегі рөлі», — 2-топқа: «Ақпараттық үрдістердің жасалуы» — 3-топқа «Ақпаратты қолданудағы техниканың рөлі» | — Тақырыпты топтасып оқып, талдайды, шешім қабылдайды — Түсінгендері бойынша постер жасап, баяндамашы қорғайды.
| |
РАФТ стратегиясы
| — Оқушылар өздерін ақпарат орнына қойып, оның өмірдегі қажеттілігі, ерекшеліктері, даму өзгерістері жөнінде айтады | ||
V. Сергіту сәті | «Портрет» тренинг ойыны. Топтағы оқушылар өздерінің портретін бастап саладыда, қалған топ мүшелері портретті толықтырады. | ||
Кубизм стратегиясы 1. Ақпарат қандай? 2. Адамның және жануарлардың ақпаратты қабылдауын салыстыруға бола ма? 3. Ақпарат қайда қолданылады? 4. «Ақпарат – қарым-қатынас» сөздерінің байланысы бар ма? Дәлелде 5. Ақпарат қалай жасалады? 6. Ақпараттың қаншалықты маңызы бар? — | Кубизм стратегиясы бойынша жалпы оқушылар ойларын білдіреді . | ||
VІ. Ойтолғаныс | Бүгінгі сабақтан алған білімдерін жинақтап, ой елегінен өткізуді ұсынады. «Бес жол өлең» стратегиясы бойынша. | Әр топ өз ойларын жинақтап, қысқа да түсінікті қорытынды анықтама береді. «Бес жол өлең» стратегиясы бойынша. | |
«Бағалау» практикасы. (2мин) Критерийлер бойынша формативті бағалау | Мына дискрипторлар арқылы бағалау ұсынады. — Ақпаратқа толық түсінік бере аламын – 1 балл; — Ақпараттық үдерістерді орындай аламын – 1 балл; — Қазіргі кезде ақпараттың қолданысы жөнінде өзіндікойымдыбілдіре аламын – 1 балл; — Жиыны 3 балл. Топ басшыларының топ оқушыларын бағалау парағы негізінде оқушыларды бағалау | Топ басшысы дискрипторлар бойынша баллдарын есептеп, оны «5 баллдық» жүйеге ауыстырып топ мүшелерін бағалайды. 3 балл – «1» 4 балл – «2» 5 балл – «3» | |
Рефлексия (1мин) | Оқушыларға кері байланыс жасау үшін түрлі-түсті стикерлер таратады. | Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын көңіл күй дидарына іледі. | |
Үйге тапсырма. | §2. Әлемнің ақпараттық көрінісі. Ертедегі және қазіргі ақпарат ағынының даму ерекшелітері жөнінде шағын ээсе жазуға тапсырма беру | Берілген тақырып бойынша шағын эссе жазып келеді | |