Ақпарат және ақпараттық үдерістер
Орта мерзімді жоспарлау
Тақырыбы: Ақпарат және ақпараттық үдерістер
Мақсаты: Ақпарат туралы кеңірек түсініп, оның өз өміріміздегі алатын орны мен маңызын, ақпараттық үдерістерді орындау мен қолдана білуді үйрету, іскерлік дағдыларын қалыптастыру .
Сабақ тақырыбы | Оқып-үйренудің негізгі міндеттері | Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер | Оқып-үйренудің нәтижесі | Үйрену мақсатындағы бағаны қоса бағалау
| Сыныптағы барлық оқушыларды қалай жұмысқа тарту (талантты, дарынды) | Ойлауға, сөйлеуге үйретудегі кедергілерді жою | Негізгі дереккөздер |
Әлемнің ақпараттық көрінісі | Қазіргі әлемдегі ақпараттың даму қарқыны, оны пайдалану мүмкіндіктері, ақпараттық үдерістер туралы түсінік алады. | Топтық жұмыс, тірек сөздер стратегиясы. кубизм стратегиясы, АКТ, «Бес жол өлең» әдісі, ББҮ әдісі | — Ақпарат туралы түсініктерін толықтырады; — Ақпараттың маңызын түсінеді; — Ақпараттық үдерістерді қолдануды үйренеді; — Қазіргі ақпараттың дамуы жөнінде өзіндік ойлары қалыптасады. | Критерийлер бойынша формативті бағалау, рефлексия | Жоғары деңгейдегі сұрақтар арқылы | Ертедегі және қазіргі заманғы ақпарат ағынының даму ерекшеліктерін салыстыру | Оқулық. компьютер, интерактивті тақта, интернет материалдары, постерлер, слайдтар, стикерлер, таратпа материалдар |
Ақпараттың қасиеттері | Ақпараттың әр түрлі қасиеттері және оның уақытқа, жағдайға байланысты өзгеріске ұшырау себептерін үйренеді | Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, АКТ, «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі, ББҮ әдісі, семантикалық карта | — Ақпарат қасиеттері туралы түсініктері кеңейеді; — Ақпарат қасиеттерін ажырата біледі; — Ақпараттың өскеріске ұшырау себептерін айқындай алады | Критерийлер бойынша формативті бағалау, топ басшысының бағалауы, рефлексия | «Қазіргі заманда ақпараттың жаңа идеялар тудыруы» эссе жазу | Жуан, жіңішке сұрақтар Ақпарат қасиеттерін салыстыра білуі | Оқулық, компьютер, интернет материалдары, постерлер, слайдтар, стикерлер,таратпа материалдар |
Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программлар | Вирус ұғымымен танысады, оның компьютерге, жүйеге келтіретін зақымдары және оларды қорғауды үйренеді | Топтық жұмыс, СТО, диалог, алгоритмдік әдіс, АКТ, Жигсо әдісі, ББҮ әдісі | — Вирус ұғымын түсінеді; — Вирустың жүйеге, компьютерге келтіретін зардаптарын айқындай алады; — Вирустан қорғаудың әдістерін үйренеді; | Критерийлер бойынша формативті бағалау, бірін-бірі бағалауы, рефлексия | Биологиялық вирус пен компьютерлік вирустарды салыстыру, олардан қорғану тәсілдерн талқылау | Жоғары деңгейдегі сұрақтар | Оқулық, электронды оқулық 7-сынып, компьютер, плакаттар, интернет материалдары, постерлер, слайдтар, стикерлер,таратпа материалдар,бейнефильм, кесте. |
Ақпаратты сығу. Мұрағаттау рограммалары | Ақпаратты сығу ұғымымен танысады, мұрағаттауды құру мен оның маңыздылығы жөнінде түсінеді | Топтық және жеке жұмыс, топтастыру әдісі, АКТ, деңгейлік тапсырмалар, ББҮ әдісі | — Ақпаратты сығу ұығымымен танысады; — Мұрағаттауды құруды үйренеді — Мұрағаттаудың маңыздылығын түсінеді; | Жеке жұмыстары бойынша бағалау және тарау бойынша жиынтық бағалау, рефлексия | Деңгейлік тапсырмаларды орындап, нәтижесін кестеге жазу | Практикалық тапсырмалар | Оқулық, электронды оқулық 7-сынып, компьютер, плакаттар, постерлер, слайдтар, стикерлер, кесте. |