Ғ.Мүсіреповтың «Боранды түнде» әңгімесі
Сыныбы: 7-«А»
Өтілетін күні: 07.02.2014ж.
Сабақтың тақырыбы: Ғ.Мүсіреповтың «Боранды түнде» әңгімесі
Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: Шығарманың мазмұнын меңгереді, жоспар құрады, тақырыбын ұғынады, кейіпкерлер бейнесін ашады, өз пікірін қорғайды, салт-дәстүрдің мәнін түсінеді, пікір алысады, талдайды, кейіпкерлер бейнесін жинақтайды, қорытынды жасайды;
Дамытушылық мақсаты: Мәтінмен жұмыс жүргізу арқылы мысалдар келтіріп, қосымша мәліметтер іздестіреді, танымдық қабілеттерін дамытады, ойлану нәтижесінде өз ойын тиянақтайды, оны дәлелді түрде жеткізеді, басқалардың пікірін сыйлап, онымен санасады, бірнеше ойды салыстырады, қарама-қарсы қояды;
Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, халықтық салт-дәстүрді білуге баулу;
Сабақтың түрі: Практикалық оқуға негізделген ізденіс.
Типі: іскерлік пен біліктілік дағдыларын қалыптастыру.
Көрнекілігі: слайд.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, этнография.
Құрал-жабдықтар: парақшалар, интербелсенді тақта.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесіп, сабақ әзірлігін бақылау.
- Сабақтың мақсатын айту. Сабақтың ерекшелігі стратегиялық бағытта жүргізіледі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: мазмұнын айту, сұрақ-жауап ұйымдастыру, бірін-бірі толықтыру.
- «Еркін жауап» стратегиясы.
Берілетін сұрақтар:
— Әңгіме кімнің атынан баяндалады?
— Әңгімеге арқау болған қандай оқиға?
— Әңгімеге сендер қандай атау берер едіңдер?
— Қайсар қалыңдығын алып қашуға неге мәжбүр болды?
— Мәселені басқаша жолмен шешуге болмас па еді?
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту:
- «Түсіну» стратегиясы
Сабағымызды жазушы өмірімен байланыстырамыз. Ол үшін интербелсенді тақтадағы мына хронологиялық кестені толтырамыз.
Ғ. Мүсіреповтың өмірінен хронологиялық кесте
Мерзімі | Болған оқиғалар |
1902 жыл | Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында дүниеге келді |
1923-1926 жыл | Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетіне оқуға түсті |
1926-1927 жыл | Омбыдағы ауылшаруашылық институтында білім алады |
1958 жыл | КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болады |
1974 жыл | Социалистік Еңбек Ері құрметті атағын алады |
- Жазушы өмірінен, елеулі оқиғалары мен кезеңдерінен мәлімет алдық, ендеше жазушы Ғабит Мүсіреповтың шығармашылығына кезек берейік.
Шығармалары | Поэма | Қара сөз | Роман | Әңгіме | Өлең | Проза | Пьеса | Повесть | Аударма | Баллада |
«Ананың анасы» | P | |||||||||
«Қазақ солдаты» | P | |||||||||
«Боранды түнде» | P | |||||||||
«Аманкелді» | P | |||||||||
«Ақлима» | P | |||||||||
«Өлімді жеңген ана» | P | |||||||||
«Қыз Жібек» | P | |||||||||
«Ашынған ана» | P | |||||||||
«Оянған өлке» | P | |||||||||
«Кездеспей кеткен бір бейне» | P | |||||||||
«Жапон балладасы» | P | |||||||||
«Ақан сері-Ақтоқты» | P | |||||||||
«Ұлпан» | P |
ІҮ. Ал, балалар, біз үй тапсырмасын бекітіп, бүгінгі сабағымызға арқау болған Ғ.Мүсіреповтың «Боранды түнде» әңгімесін сатылай кешенді талдау жасайық.
Ендігі кезекті 3. «Танып білу стратегиясына» берейік. Мақсаты: Шығарма мазмұнын қандай деңгейді меңгергендерін пысықтау үшін шығармадан үзінділер келтіру, оқушыларға «Кімнің сөзі? Қай кезде айтылды?» деген сұрақтар беру. («Семантикалық карта»)
4.«Талдап білу» стратегиясы. (Сатылай кешенді талдау).
Сатылай кешенді талдау:
1.Шығарманың авторы: Ғабит Мүсірепов
2.Тақырыбы: Екі жастың сүйіспеншілігі. Қыз алып қашу дәстүрі.
3.Идеясы: Адам бақыты жаны қалаған адаммен өмір сүру
- Жанрлық түрі: Әңгіме
Компазициялық құрылым:
- Оқиғаның басталуы: Ашуға мінген Қайсар;
- Оқиғаның дамуы (Сюжеттік байланыс): Қыз алып қашуға аттану;
- Оқиғаның шиеленісуі: баланың адасуы. Бейтаныс үй;
- Оқиғаның шарықтау шегі: Кәменді балаға ілестіру;
- Оқиғаның шешімі (аяқталуы): Бала мен Кәменнің үйге келу
5.«Түсініктеме күнделігі» стратегиясы. Салт-дәстүрге, әдет-ғұрыптарға байланысты ұғымдарды түсіну. Мәтіннен іздестіріп, жауап жазады.
- Баланы сүндетке отырғызу;
- Балаға сүндет ат беру;
- Қыз айттыру;
- Қалың мал беру;
- Қыз алып қашу;
- Ұзатылар қыздың қоштасуы;
- Бата беру;
- Келіншектің қайын інісіне ат қоюы;
- Аңшылық;
6.«Пәнаралық байланыс» стратегиясы. Келесі тапсырма қазақ тіліне қатысты болмақ. Дисфемизм деген не? Атын тікелей айтуға тыйым салынған сөздерді «дисфемизмдер» деп атаймыз. Мәтіннен осы сөздерді табайық:
- Боқмұрын
- Оттамасын
- Иттің ғана баласы
- Қатын
- Өсекші.
Оларды қандай сөздермен алмастыруға болады? Оларға антонимдес, сыпайы сөздерді қалай атаймыз?
Тапсырма: Графикалық диктант. Дисфемизм сөздерді эфемизм сөздермен алмастырып жазыңдар.
- Боқмұрын
- Оттамасын
- Иттің ғана баласы
- Қатын
- Өсекші.
Сөзуар Ұнамсыздың Әйел Көп Жеткіншек
сөйлемесін
- Табу сөзді таппас бұрын, ең алдымен сөзжұмбақ шешейік.
1 | М | ү | с | І | р | е | п | о | в | |||
2 | К | ә | м | е | Н | |||||||
3 | Ө | с | е | к | ш | І | ||||||
4 | Ш | о | Ш | а | л | а | ||||||
5 | К | ү | р | Е | ң | т | ө | б | е | л | ||
6 | К | ө | К | д | а | у | ы | л |
Сөзжұмбақтың сұрақтары:
- Әңгіменің авторы кім?
- Қайсардың қалыңдығы
- Қыз алып қашу операциясы кімнің кесірінен сәтсіз аяқталды?
- Қасқырдың терілері қайда үйіліп жатыр?
- Қайсардың қимасы
- Жеті қазынаның бірі, Қайсардың сенімді серігі
Сонымен, балалар «табу» сөз дегеніміз не? Ол қай жағдайда айтылады екен? Неліктен Кәмен баланы атымен атамай, «Інішек» деп атады?
7.«Кейіпкерлер» стратегиясы. Мақсаты: Кейіпкерлер бейнесін кесте арқылы жинақтау.
- Қайсар, Бала, Асылхан. (Ер балалар осы кейіпкерлерге сипаттама береді).
Іс-әрекеті | Мінезі | Кейіпкер мінезін толықтыру |
2.Кәмен, Бәден апайдың, Кәменнің сіңлісі кішкентай шошақай қызға. (Қыз балалар осы кейіпкерлерге сипаттама береді).
Ү. Қорытындылау: 8. «Пікір алысу» стратегиясы.
Шығарма несімен ұнады? | Сүйікті кейіпкерлерің | Кейіпкерге хат | Жасалған қорытынды |
Қызықты, оқырман таңдамайтын, тілі жеңіл, юморлық шығарма | Бала, Кәмен, Қайсар | Бала, бастысы жеңгелі болдың, соның арқасында ат міндің ол да | Шығармадан түсінгенім кез келген адам өзі қалаған адаммен өмір сүру |
ҮІ. Үйге тапсырма беру:
- Үйлену салтына байланысты мәлімет дайындау.
- Өзіңнің басыңнан өткен қызықты бір оқиғаны жазып кел.
Бағалау парағы:
Не бағаланады? | «5» | «4» | «3» | «2» |
Тақырыпты түсіндіре білуі | ||||
Мәнді, орынды сұрақтар қоюы | ||||
Мысалдардың сәйкестігі | ||||
Жобаны қорғауы |
Оқушының аты-жөні | Үй тапсырмасын сұрау | Сұрақтарға орынды жауап беруі | Хронологиялық кесте, семантикалық кесте | Сатылай кешенді талдау. «Талдап білу» | «Танып білу» стратегиясы | Түсініктеме күнделігі | Пәнаралық байланыс жасау | Кейіпкерлерге сипаттама беру | Пікір алысу стратегиясы | Қорытынды баға |
№54 жалпы орта мектебі
Сабақтың тақырыбы: Ғ.Мүсіреповтың «Боранды түнде» әңгімесі
Сынып 7-«А»
Орындаған: Жүсіпов А.
Шымкент 2014 жыл