С.Мұқановтың «Саятшы Ораз» әңгімесі

Р.Мәрсеков атындағы қазақ орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(7-сынып)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалім:  Болаева А.Қ

 

 

 

 

 

 

 

2010-2011 оқу жылы

 

Сабақтың тақырыбы: С.Мұқановтың «Саятшы Ораз» әңгімесі

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға С.Мұқановтың шығармашылығы мен өмірінен мәлімет бере отырып, «Саятшы Ораз» әңгімесінің мазмұнынын меңгерту.  Әңгімедегі Ораз бейнесін ашу, халқымыздың саятшылық өнері туралы мағлұмат беру.
  2. Оқушыларды  өз бетінше іздену жұмысын жасауға, шығармаға кешенді және аннотациялық талдау жасауға төселдіру. Өз ойын еркін, толық жеткізе білуге жетелеу.
  3. Адамгершілік қасиеттерге, оның ішінде кішіпейілділікке, кеңдікке баулу, халқымыз қадір тұтқан аң – құстарды аялауға, табиғатты сүюге, көршіні қадір тұтуға шақыру.

Сабақ түрі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, баяндау, талдау, модельдеу

Сабақтың көрнекілігі:

Қыран құстар суреті мен кестелер, слайд, карточкалар, диагностикалық карталар

Сабақ барысы.

  1. Ұйымдастыру сәті

Балалар, С.Мұқановтың өмірбаяны туралы ең шынайы деректі қайдан білуге болады?

Осы «Өмір мектебі» кітабы бойынша жазушы туралы не білдіңдер?

  1. С.Мұқановтың шығармашылығы туралы не білеміз?

а) «Сұлушаш» поэмасы

ә) «Мөлдір махаббат», «Ботагөз», «Сырдария», «Есею жылдары», «Аққан жұлдыз» романдары;

б) «Өмір мектебі» ғұмырнамалық кітабы т.б

  1. Біздің оқулығымызда «Өмір мектебі» ғұмырнамалық кітабынан «Саятшы Ораз» деген тақырыппен үзінді берілген екен. Кәне кім айтады: Саятшы деп кімді айтамыз?

Қосымша: құсбегілік, аңшылық туралы айту.

  1. Ендеше кане біз де құс салып көрелік: «Құс салу» ойыны

Тақтада ілініп тұрған қыран құстар суретінің бірін таңдаймыз. Суретте оқиға желісі бойынша сұрақтар берілген?

    1. Ораздың мергендігі туралы не айтасың?
    2. Құсбегі екендігін дәлелде
    3. Бүркіттің аң алуын сипатта
    4. Көрші ақысы дегенді түсіндір
    5. Автордың үй-ішінің Оразбен таныстығы

Егер оқушы  онда берілген сұраққа дұрыс жауап берсе құстың астында тұрған қоян, түлкі, қасқыр суреттерін алады.

  1. Абайдың «Қансонарда бүркітші шығады аңға..» өлеңін жатқа айту

Өлеңдегі құс салу мен әңгімедегі құс салуды салыстыру. Ұқсастығы мен айырмашылығын табу.

  1. Мәтінге талдау жасау.
    1. шығарма  тақырыбы мен идеясын ашу
    2. Мәтіннен суреттеулер табу (Пейзаж, портрет, мінездеме)
    3. Көркемдік ерекшелігі

 

  1. Оқушы пікірі

 

маған ұнаған оқиға               өз пікірім

 

 

 

 

  1. Ораз бейнесін ашу

Кішіпейіл

 

 

 

Ақкөңіл                                       адал

 

 

Аңғал                                                                 жанашыр

 

 

 

Көпшіл                                              балажан

 

 

Спортшы

 

Оқушылар өз көзқарастарын дәлелдейді. Азиада ойындарында біздің спортшылардың ең көп алтынды шаңғы жарысынан алғанымызды, біздің аталарымыз ертеден – ақ спорттың осы түрін жақсы меңгергендігі туралы айтады.

 

  1. Қорытындылау. Осы сабақтан не алдық: оқушы пікірін тыңдау.
  2. Бағалау парағын толтыру

 

Жазушы туралыҚұс алуМәтінге талдауӨз пікіріОраз бейнесіқорытынды