Салфетка тігу
Сабақтың тақырыбы: Салфетка тігу
Сабақтың мақсаты: 1. Түсіндіру.2. Әдіс-тәсілімен таныстыру. 3. Танымдылық қабілетін дамыту
Жабдықтау: Қайшы , мата, түрлі-түсті жіп, ине.
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ.Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Жаңа сабақ: а) Түсіндіру.Салфетканы жай матадан дайындау керек.1. Матадан шаршы,төртбұрыш қиып алыңдар. 2. Салфетканы сәндеудің реті мынадай:а)Шетін суырып тастауә)Матаға қажет мөлшерде шаршы сызық түсіреміз. б)Сызық бойынша шеттерін көктеп тігеміз.
ә) Кестелеп тігу:Көктеп тігу тәсілімен өте әдемі кесте түсіруге болады. Түрлі-түсті жіптен тігілген кесте ерекше көз тартады
ІҮ. Жаңа білімді тексеру:— Салфетканы қандай матадан тіккен дұрыс?-Салфетканы кестелеп сәндеуге бола ма?
Ү. Сабақты қорытындылау:Біз нені үйрендік?