Ахмет Байтұрсынұлы. «Өгіз бен Бақа»
11.12.2009ж
5 «г» класс
Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы. «Өгіз бен Бақа»
Сабақтың мақсаты:а) А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.
Мысалдың мазмұнын менгерте отырып идеясын ашу
ә) Танымдық қабілетін дамыту, өзіндік ой-пікірін қалыптастыру.
б) Жас ұрпақты жаман әдеттен жирендіру, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:мысалды талдау, мәнерлеп оқу, инсценировка.
Сабақтың типі: жаңа матиралды меңгерту сабағы.
Сабақтың барысы.
I Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа қатысымен, класс тазалығын тексеру.
II Үй тапсырмасын сұрау.
-Ертегінің неше түрі бар?
-Әдеби ертегінің жай ертегілерден қандай айырмашылығы бар?
-Ә.Тәжібаев деген кім?
«Толағай» әдеби ертегісіндегі басты кейпкерге мінездеме беру.
Толағай
- Толағай бейнесі сендерге ұнады ма?
«Ел басына ауыр кун туса мен не істер едім?» тақырыбына берілген ой-толғауларын оқыту. Ерлік туралы мақал-мәтелдерді сұрау.
III Жаңа сабақты түсіндіру.
- Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру.
Оқулықты мысалға, аллегорияға берілген түйінді оқушы дәптерлеріне жаздыру.
- «Өгіз бен Бақаны» мұғалімнің оқуы.
- Оқушыларға мәнерлетіп оқыту.
Оқытып болғаннан кейін сұрақтар қою арқылы түсінігін айтқызу.
- Мысалда қандай мінезді адамдар сыналады?
- Бақаны әлекке салған қандай сезім?
- Қызғаныш пен ерегіске, күншілдікке бой алдырған Бақа қандай күйге душар болды?
Осы сұрақтарға жауап алғаннан кейін компазияциялық құрылымын талдау.
*Кейіпкер мінезін ашу
*Ой-тұжырым жасату
*Тілі мен суреттеу тәсілін тапқызу
*Мысал өлеңнің тақырыбы мен идеясын тапқызу
*Ақынның өлең жолын оқытта отырып, оқушылардың өз ойын айтқызу.
№ | Компазияция лық элементтер | Композиция лық жоспар | Ой-пікір мінездеме | Ой-тұжырым, Мақал-мәтел, нақылдар | Тілі | Суреттеу тәсілі |
1 | Оқиғанның басталуы | Өгіздің көлге келуі | эпитет | |||
2 | Байланысы | Бақанның Өгізді күндеуі | Күншіл, іштар | Күншілдің өлімі таяу | Монолог | |
3 | Дамуы | Мақтаншақ Бақаның Жолдасымен пікірлесуі | Қызғаншақ | қызғаншақты Қарақшы ұрады | Теңеу | Диалог |
4 | Шиеленісуі | Бақаның Өгіз Сияқты болуға тырысуы | Мақтаншақ Ойы таяз | Ғылым таппай мақтанба | Теңеу | |
5 | Шарықтау шегі | Бақаның ісіп-қабынуы | Көрсеқызар | Азап шеккің келмесе көрсе қызар болса | Теңеу | |
6 | Оқиғаның шешімі | Бақаның Жарылып өлуі | Әлін білмейтін | Әлін білмеген әлек | ||
7 | Автордың Түйінді сөзі | «Таласпа жаным-ай. Қолыңнан келмеске. Боларсың бақадай, Көп түссең егеске» | ||||
8 | Идеясы | Күншіліктен, қызғаншақтықтан, көрсеқызарлықтан Аулақ болу |
Бағалау.
Үйге тапсырма: А. Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын оқу.
«Өгіз бен Бақаны» жаттау